Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері Жоспары



бет5/28
Дата19.05.2023
өлшемі93,34 Kb.
#177222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Дәріс1
реферат 1, патан сроп1 (копия), СОӨЖ 2. 222b51702275fe25bc4a9ccd2a19e5ab, №3 слайд, СРО №5 политология
2.Сенсибилизация –латын сөзі, қазақша мағынасы –«сезгіш». Сенсибилизация –сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте қызыл түс адаиның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі .Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
3.«Синестезия» –грек сөзі. Қазақша мағынасы –қосарланған түйсік.
Қабылдау
Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін білетін болса, қабылдауда заттың немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мыс: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған ағаш.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мыс; алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.
Түйсікте анализаторлар жеке жеке қызмет жасаса, қабылдауда- бірнеше анализатордың қызметінің нәтижесі.
Қабылдау дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектер жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағында да болады.


Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.


1. Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрде қабылдаймыз. Мыс: үстел, шприц т.б.
2. Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Мыс: көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану немесе көп киім ішінен өз пальтоңды бірден тану оп оңай.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы- толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет