Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері Жоспары



бет26/28
Дата19.05.2023
өлшемі93,34 Kb.
#177222
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Дәріс1

Дәріс № 18


Тақырыбы: Өмірді жоспарлау. Мансаптық және өзіндік өсу


Жоспары:
1. Еңбек ұжымындағы басқару этикасы.
2. Дж.Ягер бойынша іскерлік этикеттің алты қағидасы.
3. Кәсіпкерліктің мақсатына қарай неше түрі бар?

Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады. Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы. Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу. Этика адам мінез-құлқын қоғамдық бақылау нысаны болып саналады. Ілтипат, қарапайымдылық, шынайылық, еңбек адамына неғұрлым зор құрмет – бұл басқару этикасының негізгі теориялық сипаттамасы. Оларды басқарма қызметкерінің мінез-құлық мәдениетінен көруге болады, олар, ең алдымен, - сыпайылық, қарапайымдылық, дәлдік, жауапкершілік, жоғары кәсібишілік, табандылық, өнімділік өзара іс-әрекетте өзін қалай ұстаса, бағынысындағылармен ресми емес жағдайда өзін солай ұстауы керек.


Іскерлік қарым-қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір адам – директор, жұмысшы, шебер, жабдықтау жөніндегі маман және т.с.с. – орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне, олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және еңбек ұжымындағы моральдік-психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен байланысты ғана емес, олардың бір-біріне әсері де бар.
Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптерді қарастырайық: - өз пікірін айту және бастамашылық; - бірлік; - ақпараттану;- бағынысындағыларды бағалаудағы әділдік; - еңбек пайдалылығын мойындау; - құрмет. Іскерлік қарым-қатынастар басқару қызметін атқару үрдісіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысты мінез-құлық нормаларына көңіл аударады. Олар қызметтік этика деп аталатын осы нормаларды сақтау маңыздылығын атап өтеді. Басқару қызметкері үшін түрлі жеке және жалпы өндірістік міндеттерді шешуге жеке тұлғаны жұмылдыруда эстетикалық факторларды қолдану маңызды әрі өзекті болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорын әкімшілігі станоктар мен жабдықтардың сыртқы қалпы, жұмыс киімі, цехтардың қабырғаларының түсіне, қызметкерлер мен басшылар жұмыс істейтін кабинеттердің жайлылығына, интерьеріне, демалыс бөлмесіне, сондай-ақ үй-жай мен ұйымға қарасты аймақты көріктендіріп, жасылдандыруға көп көңіл аударады. Еңбек өнімділігі, басқару әрекеттерінің нәтижелілігі осыған байланысты және эстетика саласына жатса да, бұлардың барлығының маңызы зор. Этикеттің бірнеше түрі болады: - сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері; - дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі; - әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы; - жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар; - іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы. Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады. Этикет талаптары, соның ішінде іскерлік этикет талаптары, тұрақты емес, олар уақытпен бірге өзгеріп отырады. Саналы ой ғана іскерлік этикет тәртіпті ұйымдастырып, сақтауға, уақытты үнемдеуге және басқа да саналы мақсаттарға жеткізетінін айтып өтеді. Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау. Әдептілік : іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек. Жайлылық: іскерлік этикет нормалары мен ережелері бизнестегі серіктестер үшін ыңғайлылық, жайлықты қамтамасыз етеді; олар іскер адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек, іскерлік қарым-қатынастардың дамуына кедергі болмауы қажет. Барлығы да – қызметтік кабинеттің жабдықталуы, киімдері, сөйлесулер жүргізу ережелері ыңғайлы болуы керек, яғни барлық қатысушылар да бірдей деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі. Мақсаттылық: іскерлік этикеттің әрбір алғышарттары мақсаттарға қызмет етеді.Себебі іскерлік қарым-қатынастар (ашылу рәсімі, сөйлесулер, іскерлік әңгімелесулер және т.б.) түрлерінің нақты мақсаттары болады. Үнемділігі:ұйымның хаттамалық бөлімінде «қол жетімді құн жетекшілік етуі керек, себебі іскерлік қатынастар этикасы ұйым үшін қымбатқа түспеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет