Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған.
Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.
Партиялар типологиясы
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.
Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық: 1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б.Констан).
2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм).
3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М.Дюверже).
Партияны анықтаудың басқа да жолдары: • партия – идеологияның ұстанушысы ;
• партия – адамдардың көп уақытқа бірігуі;
• партия мақсаты – билікті жаулап алу және оны жүргізу;
• партия әрқашан халық қолдауын қалайды.
Партиялар мен басқа да саяси бірлестіктер арасындағы шектер анық емес болып келеді және көп уақытта есептелмейді.
Партиялардың құрылуы ұзақ, әрі қиын үрдіс болды. Алғашқы кезде партиялар тек сайлау кезеңдерінде ғана белсенді жұмыс атқарды, олардың тұрақты ұйымдары болған жоқ, съездер мен конференцияларды ретсіз өткізді, партия жақтаушылары партиялық тәртіппен байланысқан емес.
Алғашқы ауқымды және тұрақты жұмыс атқаратын партия – Англияның либерал партиясы болды (1861 жылдан бастап). Ауқымды саяси партиялардың пайда болуының негізгі себебі – жалпы сайлау құқығының тарауы болды. Әрбір партия халықтың белгілі бір тобының мүдделерін қорғау үшін құралған еді.
Саяси элита Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған», ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді, айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілердің жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды — зандылық, аткарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және оның дамуының қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар. Саяси билікті анықтау және қайта бөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін іске асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді.
Саяси саланың, басқа да салалардың өзара қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп жағдайда байланысты. Сондықтан саяси режим және саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс. Саяси режим — саяси және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим коғамдық өмірді күштеп реттеумен, қысым көрсетумен, қоғам мен жеке адамды мемлекеттің жұтуымен, коғамдық сананың саяси билікке бағынуымен, халыкты саяси биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттық мәдениеттен ажырату мен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде өмір сүрдік.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска биліктерді толықтырушы, екінші жағынан олардың қызметінің занда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.