Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет24/25
Дата05.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#1639
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не?
2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі?
3.Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінесіз?
4.Ұлттық саясат деген не?
5.Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай?
Дәріс № 15 Тақырыбы: Саяси технологиялар.
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Саяси технология ұғымы, мәні, ерекшеліктері, құрылымы.
Сұрақтар:
1.Дүниежүзілік саясат ұғымы.
2.Халықаралық қатынастар жүйесі.
3.Қазіргі заманның жаһандық сипаты және түрлері.
4.Қазақстанның жаһандану үрдісіндегі орны.
5.ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағытты сипаты.
6.Қазақстан мемлекетінің саяси мәселелері және оны реттеу жолдары.


1. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар. Сыртқы саясаттың көп қырлы және ерекше құбылыс екенін ескеретін болсақ оған жан-жақты талдау жасау үшін тек бір ғана қоғамдық қатынастар немесе жеке адамдардың деңгейінде қарастыру аз. Сонымен бір оны халықаралық деңгейде қарастыру керек. Сыртқы саясаттың ерекшелігі оның халықаралық қатынастың өзіндік сипатымен байланысты.
Дүниежүзілік саясат мемлекеттердің және басқа халықаралык субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын көрсетсе, халықаралық қатынастар дегеніміз-ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық өзара байланыстары мен қатынастарының жүйелік жиынтығы. Дүниежүзілік саясат әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Казіргі кезде дүниежүзілік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр. Бірақ халықаралық катынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін корғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сырткы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық катынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жакты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты казір де жоғарғы бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің казынасын зорлыкпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Қазіргі қару-жарақ негізінен кай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күнде де қолына түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте кымбатқа түседі және кандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын алуға болады. Қазіргі таңда мемлекеттің күші көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекеттің жер көлемі, халық саны, табиғи байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінін мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалык, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
2. Халықарлық қатынастардың қалыптасу эволюциясына келсек оның адамдар арасындағы өзара қатынасты ерекше түр ретіндегі бөлінуі әріден алғанда алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыптасуынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың арасындағы қатынаста күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасу тарихындағы сапалық кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Яғни, осыған байланысты мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастар жіктеле бастады. Әр мемлекеттің шекарасының анықталуы біріншіден оның егемендігін анықтаса , екіншіден мемлекеттің сыртқы саясатын анықтады.
Бүгінгі күнде халықаралық қатынас саласындағы зерттеулер жаңа сапаға ие болды. Халықаралық қатынас халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне негізделеді. Бүгінде халықаралық қатынастағы биполярлық жүйе жойылған. Саясаттанушылардың болжамы бойынша халықаралық қатынас жүйесі блоктарға бөлінген көпполюсті жүйеге айналуы мүмкін. Қазіргі халықаралық қатынастың басты ерекшелігі жалпы адамзаттық мәселенің бірінші орынға қойылуы, барлық елдің бейбіт өмір сүру принциптерінің басты болуы.
Кез келген уақытта мемлекеттің сыртқы саясаты ішкі саяси-экономикалық даму ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Сыртқы саяси байланыстар жасаудың маңызды құралы дипломатия болып табылады. Дипломатия-сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқығымен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сырқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі формасы болып табылады.
Қазіргі заманның жаһандық сипаты және түрлері. Қазақстан Республикасының жаһандану үрдісіндегі орны. Жаһандану ұғымы қазіргі заманда біздің санамызға күн артқан сайын тереңдеп еніп бара жатқаны ешкімге де жаңалық емес. Жаһандану дегенде тұтастанған, бір- біріне тәуелді, өзара біте қайнасып, мидай араласқан әлем көз алдыңа елестейді. Мемлекетаралық экономикалық, мәдени, ақпараттық, қаржылық, техникалық, терроризм мен ұйымдасқан халықаралық қылмысқа қарсы күрес туралы байланыстар тереңдеп барды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың аракатынасында "кырғи қабақ соғыс" пен қатал идеологиялық карама-карсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын камтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік коғамдастыққа екі жақты және ғаламдық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
3. Жаһандық болжам туралы мектептің негізін қалаушы американдық ғалым Дж. Форрестер келешекте жаһандық мәселелерді шешуде адамзат осы әлемдік ұлттан жоғары институттарға арқа сүйейді дейді. Бұл идеяны жақтаушылардың алға тартатын басты аргументі әлемдік дамудағы басты стратегиялардың айқындығы. Ол – экологиялық, экстремизм мен терроризм, денсаулық пен азық- түлік, ең бастысы өркениеттік даму. Аталған мәселелерді шешуде егемендік билік ақырындап әлемдік халықаралық институттардың құзырына көше бастады.
Жаһандық деңгейдегі ұлттан тыс институттарды қалыптастыру туралы бірнеше ұсыныстар жасалды. Енді соларға азырақ тоқталайық. Алғашқылары, қазіргі саяси – экономикалық жағдайды реттеуде өркениеттік деңгейде ықпал ете алатын қабілеті бар әлемдік ұйым құру керек десе, екіншілері ондай ұйымдар бар (БҰҰ), бірақ олар өз қызметін толықтай орындай алмады, сол себептен енді олардың орнына модернизацияланған жаңа мекемелер құру керек дейді. Сондай- ақ оларға көбірек ресурстар бөлумен қатар егеменді мемлекеттерге көмек көрсетуде жаңа әдістерді қолданатындай жағдай жасау керек дейді. Ал соңғылары осы ұйымдарға әлемдік саясатқа ықпал ете алатындай шынайы билікпен қамтамасыз ету керектігін алға тартады. Дәлірек айтсақ мәселе мынандай әлемдік институттар туралы болмақ. Әлемдік қазыналық, Бүкіләлемдік азық- түлік Әкімшілігі, Бүкіләлемдік минералдық ресурстар агенттігі, Бүкіләлемдік технологиялық даму әкімшілігі.
Егемендіктің ең басты белгілері – территориялық және халықтық егемендік десек оның соңғысы халық егемендігі негізгі анықтаушы факторға айналып барды. Өз территориясында мекендеп отырған кез келген тұлға өз елінің азаматы. Бірақ ол қай елге барып тұрамын десе де өз еркі. Тұлға өзі тұрып жатқан мемлекеттің толық қанды мүшесі, сол елге келіп кетуші резидент емес. Осы арада келіп кетуге байланысты миграция мәселесі көтеріледі. Мигрант – ол азаматтық алмаған резидент. Ол басқа егеменді елдің өкілі және ол сол елдің өзімен бірге территориялық егемендігін тасымалдаушысы, егемендігін кеңейтуші тұлға. Дегенімен де егемендік және азаматтық теориясы туралы бұл классикалық қағида қазіргі кезде ескіріп барады. Ол бойынша мемлекет пен азаматтың шекарасы бір деп танылатын. Ал қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттік шекарамен азаматтық шекараның сызығын айқындау қиындап барады. Азаматтықтың өзі әртүрлі саяси қауымдастықтың арасында «бөлініп» кетті. Бұл жерде мәселе бір индивидтің бір мезгілде бірнеше саяси қауымдастыққа мүше болуында болып тұр.
Демократиялық – либералдық құндылықтар жоғары дамыған егеменді елдерде қазіргі уақытта азаматтыққа қатысты құқық негізінен екі жол арқылы анықталып келеді. Біріншісі «жер құқығы», екіншісі «қан арқылы құқықтық» анықтау. Алғашқысы сіз сол елдің территориясында дүниеге келсеңіз болғаны. Бұл жағдайда тұлға автоматты түрде сол елдің азаматтығын алады. (Мысалы АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б.) Екінші жағдайда тұлға сол елдің азаматтығын алу үшін қан арқылы дәлелдеу керек. (Германия, Израиль, Испания, Бельгия).
4. Жаһандану жағдайындағы саяси қауымдастыққа мүшелікке қабылдау мәселесіне байланысты либерализациялық тенденциялар жаңа «мультимәдениеттік азаматтық» концепциясын тудырады. Бұл концепцияның мәні бір белгілі мемлекеттің азаматтығын алу бұрынғыдай қатал ұлттық-мәдени құндылықтармен өлшенбейді. Мысалға, тұлға өзі мұсылман бола тұра испандық немесе британдық болуы мүмкін. Қорыта айтқанда мәдени ымырашылдық саяси ымырашылдықтың бұзылмайтын шарты ретінде қарастырылмайды.
Жаһандану процесінде егемендік идеясына әсер етуші факторлардың бірі – ол трансұлттық компаниялар қызметі. Әрине трансұлттық компаниялар әлемдік саясатпен басқа да салада өз орны мен беделі бар ірі державалардың иелігінде екені ешкімге де құпия емес. Мысалға алатын болсақ медиа және шоу- бизнес саласында қызмет етіп жатқан Трансұлттық компаниялар (ТҰК). Олар тек өз елінде ғана емес басқа егеменді мемлекетте де қызмет етеді. Соңғылары сол ТҰҚ- ларға өзінің инфрақұрылымдарын беру арқылы олардың қызметіне толық мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар шоу бизнесті жүргізуші капитандар сол алдыңғы қатарлы мемлекеттің қаржы – экономикалық элитасының бір бөлігі болып табылады. Американдық медиаимперияның қожасы саналатын Тед Тернердің жылдық айналымдағы қаржысы 26 млрд. доллар. Енді сол концерннің құрамына кіретін телеканалдарға келетін болсақ олар – CNN, TNT Castle Rock телеканалдары, журналдар – Time Fortune және Sport ҚҚҚustrated, ірі дыбысжазу компаниялары Warner Elektra мен Atlantic. Ал ақпараттық салада тағы да Солтүстік алға шығып отыр, оған дәлел олардың штаб- квартиралары барлығы да соларда орналасқан. Нақтырақ айтатын болсақ 44 штаб- квартираның 5-і Канадада, қалғаны АҚШ- та, 28-і Батыс Европада, 8-і Жапонияда, 1-і Австралияда орын тепкен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ылғи да жаһандану процесінің заман шындығы екенін қазақ қоғамына ескертіп келеді. Ғасырлар бойы армандаған егемендікке қолымыз енді ғана жеткенде осы егемендікті қадірлей білу керек. Елбасы Қазақстан халқына жылдағы жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөліп келеді. 2008 жылғы 8 ақпандағы жолдауында Елбасы «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық қанды мүшесі болды, оның бастамалары мен тәжірибелері іс жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып келеді» деп айтқан болатын.
Жаһандану процесінен оқшауланып қалу мүмкін емес, өйткені ол объективті шындық. Осы жағдайда дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің жақсы дәстүрлерін өзіміздің саяси өмірімізде тек дұрыс қолдану арқылы егемендігімізді баянды ете аламыз.
5. Қазақстан мемлекетінің саяси мәселелері және оны реттеу жолдары. Қазақстанның сыртқы саяси ерекшелігіне келсек, бүгінгі әлемдік реттілікті немесе НАТО ұсынып отырған «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» принципін іске асыру барысында біздің еліміз өз сыртқы саяси стратегиясын жасауда. Одақ құрамындағы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен хаттамалык қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешсе, бүгінде Қазакстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыкка дербес субъект ретінде белсене кірісті. Бұған дәлел-Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы, Хельсинки келісіміне косылуы, СШК,-1 Шартына, Лис-сабон хаттамасына қол қоюы және Ядролык каруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" қол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Кытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына- Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта кұру және даму банкісіне енуінің манызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, атап айтқанда ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы-ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді казір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардын 105 дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, елде 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттык ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстаннын сыртқы саясатынын негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандыктарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін камтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалык, мәдени катынастарды орнатуда.
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайту да қамтиды. Бүгінде республикада 200-ге жуык шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдарынын өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%-ы, Германияға-13,6, Ұлыбритания-11,6, Швейцарияға-11, Нидерландыға-4,7, Австрияға-2,5%-ы келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүние жүзіне белгілі "Шеврон", "Эльф Акитан", "Бритши Газ", "Мобил", "Токсако", "Амоко", "Аджип" мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар.
Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі-тартылып бара жатқан Арал теңізі. Екінші экологиялык қасіретіміз-Семейдегі ядролық полигон. Осы аймақтарды сауықтыру, зардап шеккендерді емдеу, дүниеге келер сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы керек. Оны жас мемлекетіміз жалғыз шеше алмайды. Сыртқы саясатымыз бұл мәселелерді де ескереді.
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат-Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай кырып-жоятын қарудың баска түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп таниды. Қазақстанның казіргі сырткы саясатынын негізгі максаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені корғау;

  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру,

  • демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

  • әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік
    қатынастарды дамыту;

  • ғаламдык және аймақтық интеграциялык процестерге белсене қатысу;

  • халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.



6. Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы жүргізетін саясатының ерекшелігіне қатысты мәселелерді анықтаудың маңызы зор. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  1. Қазақстанның Евразия орталығында тұруы, екі бірдей экономикалық және мәдени орталықтардың арасында болуы.

  2. Қазақстан гиппертерриториялдығымен ерекшеленеді. Территориясының үлкендігі, басқа мемлекеттермен шектесуі шекарасының кеңдігі елдің қауіпсіздік мәселесін қиындатады.

  3. Шетелдермен байланыстыратын су жолының болмауы Қазақстанды қазіргі өркениетті коммуникациялармен байланысын қиындатуда.

  4. Қазақстанның екі үлкен державалар-Ресей мен Қытайдың арасында орналасуы.









    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет