Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет5/25
Дата05.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#1639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Саяси жүйе атқаратын қызметтер сан-алуан:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің қалыпқа келтірілген, ережелерде, реттеліп бекітілген, яғни институциялық жағдайға келтірілген түрі. Осыдан конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің, мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орын-даудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе жинақтаушы, топтастырушы рөл атқарады. Олар барлығына ортақ алеуметтік мүдделер мен құндылықтар айналасында бірігеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмысына дамуына қажетті жағдайлар жасап отыру. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал жабдықтарының меншік түрлерін құқықтық реттейді. Қаржы жүйесін; салық саясатын жүргізеді.
Тоталитарлық тәртіптің күйреу кезінде әр түрлі әлеуметтік-экономикалық көзқарастағы саяси партиялар мен қозғалыстардың өміргс келуі заңды құбылыс. Бұл әр түрлі көзқарасты жақтаушы, өз дербес бағдарламалары бар саяси партиялар мен қозғалыстар қоғамның өскелең талабынан туған жәйттер. Олар бүрыннан мықтап орныққан бюрократтық ұйымдардың саясатына наразылық ретінде өмірге келген ұйымдар болып есептеледі. Мысалы оған "Семей-Невада", "Азат", "Азамат", зейнеткерлердің "Поколения", "Өрлеу" және т.б. қозғалыстар, сондай-ақ "Азаматтық партия", Отан, Республикалық Халықтық партия, Коммунистік партиялар соңғы кезде тарих сахнасына шықты. Алайда, олар тек праволық мемлекет жағдайында ғана толыққанды өмір сүре алады. Еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементі. Ал еңбек ұжымдары өздерінің қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп қойған, өзара бір-бірімен байланысты әртүрлі тиісті міндеттер атқаратын қызметкерлер бірлестіктері. Тоталитарлы тәртіп үстемдігі кезінде еңбек ұжымдары саяси жүйенің сөз жүзіндегі жалған субъектісі болады. Мысалы, олардың қызметі тек белгілі бір еңбек саласымен ғана шектелді. Біздегі өндіріс құрал-жабдықтары да еңбекшілерге қарамаған, тек сөз жүзінде ғана солардікі деп есептелетіндіктен, оларға деген адамдардың қатынасы, ниеттері де немқұрайды екенін кеш мойындап отырмыз. Ұжым өмірінде болып жатқан басты маңызды мәселелерге қатысудан, еңбекшілердің өздері шеттетілген соң олардың экономикаға, саясатқа деген ынта-жігері, көзқарастары селқостыққа салынып немқұрайдылықты туғызды. Осындай күй кешкен еңбек ұжымдары саяси жүйенің негізі болу қабілетінен айрылады. "Саяси ұйым" деген ұғымға қарағанда "саяси жүйе" ұғымының мағынасы кеңірек. Соңғысына жоғарыда сөз болған саяси қатынастар саяси нормалар мен принциптер де кіреді. Ал саяси ұйымдар белгілі бір саяси міндеттерді іс жүзіне асыру үшін құрылады. Олар әрекеті барысында белгілі бір әлеуметтік күштің мақсатына қызмет етеді. Саяси жүйе өз қызметі, өмір сүруі барысында тұрақты да, белгілі бір кезеңдерде тұрақсыз да күйге де түсуі ықтимал. Тұрақсыз күй кешуі салдарынан ол түбірлі реформаға өзгеріске ұшырайды.
"Сөйтіп, саяси жүйе-саяси саланың бір бөлігі, яки билікті жүзеге асырушы, қоғамдық істерді басқару таптардың, әлеуметтік топтардың ұлттардың, мемлекеттердің арақатынасын реттеуші мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдардың бір-бірімен байланысты жиынтық жүйесі. Ол қоғамның тұрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сактауды қамтамасыз етеді. Қоғамның саяси жүйесінің дамуының басты бағыты – терең демократиялық өзгерістер жасау, бюрократтық-әкімшілдік басқарудан айырылу, жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, кұқықтық мемлекетті калыптастыру, көппартиялық пен са-яси плюрализмді дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін қамтамасыз ету, президенттік билікті жүзеге асыру, елдің толық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Сонымен саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне сай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды.
4. Саяси жүйені жіктеп-топтау жөнінде әлі де ортақ пікір қалыптаспаған маркстік көзқарасты жақтаушылар саяси жүйені жіктеуде, қай қоғамдық экономикалық формацияда екендігіне, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарап, соны өлшем етіп алады. Бұл көзқарастан әлбетте құл иеленуші феодалдық, буржуазиялық, социалистік саяси жүйе келіп шығады.
Әлеуметтік негізге сай жіктелгенде әскери және азаматтық басқару ұлттық-демократиялық немесе буржуазиялық-демократиялық жүйе болып бөлінеді. Әр түрлі өлшемдерге сүйенген батыс саясаткерлерінің саяси жүйелерді түрлеріне қарай топтауларының, мәні ерекше. Елдегі басқарудың саяси тәртібіне қарай саяси жүйе демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып бөлінеді. Саяси тәртіп дегеніміз конституциялық заңдар жиынтығы мемлекеттік құрылыс, оны басқарудың бейнесі. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігі саяси тәртіптің қаңдай дәрежеде екенін белгілейтін өлшем ретіндс демократиялық дамуы мен қоғамның мүшелерінің саяси белсендігін алады. Осы негізге сүйене отырып олар саяси жүйені демократиялық және антидемократиялық деп бөледі. Демократиялық жүйеде өкіметтің билігін шектеп отыратын, бақылау механизмі мықты болады. Биліктің демократиялық тәртібі екіге бөлінеді. Олар президенттік және парламенттік басқару. Бүгін таңда 25 мемлекетте саяси өкімет билігі конституциялық монархиялық қолында болса, 4 елде шексіз билікті иемденген діни ұйымның қолында. Әлемнің көпшілік мемлекеттерінде биліктің демократиялық, респбуликалық жүйесі орнаған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақстанға Президенттік басқару жүйесі енгізілді. Президенттік билеу кезіндс атқарушы орган парламентке бағынбайды. Елдіңатқарушы өкіметі 7 жылда бір рет жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде болатын президенттің қол астында болады. Заң шығаратын құқық, парламенттеболады.
Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы, парламентке бағынады. Бұл тәртіп кезінде заң шығарушылық та, атқарушылық билік те парламенттің қолында болады. Атқарушы орган қызметін парламент арқылы жүргізді. Қазірде әлемде парламенттік мемлекеттердің әр түрі бар. Мысалы, парламентке сайланған депутаттар коалициялық кабинет құрады. Мұндай кабинетті парламентте жеткілікті дауыс ала алмағам жағдайда әртүрлі партия өкілдері келісіп құрады. Сөйтіп биліктің парламенттік тәртібі көпшілік дауысы бар бір партиялық және коалициялық бірігіп басқаратын келісімдік басқару түрлері болады. Демократиялық емес тәртіптер: Белгілі Испан саясаттанушысы Хуан Линде қазіргі әлемдегі демократиялық емес авто-ритарлы және тоталитарлы тәртіптердің арасындағы айырмашылықтарды ашты. Тоталитаризм концепциясының өзі 1950 жылы мәлім болды. Осы жылдары американ саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның сол кездегі жас әріптесі Збигнев Бжезинский тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап берді. Олардың айтуынша: тоталитарлы тәртіп кезінде біріншіден мемлекеттік билікті толық иемденген (көпшілік еріксіз мойындаған) партияның болуы. Екіншіден, партия демократиялық негізде құрылмай бір лидер - жетекшінің қол астына шоғырландырылады. Мысалы, оған дәлел Гитлердің кезіндегі фюрерлік (лидерлік) деп фашистік билік тәртібі аталатын. Бұл принцип бойынша билік ету лидерден фюрерден төмөнге қарай мұқым халықты еріксіз, қорқытып бағындырумен жүзеге асырылады. Үшіншіден, бұл тәртіп кезінде идеология басты рөл атқарады. Тоталитарлы тәртіп - бұл идеологияға сүйенген тәртіп онда үнемі өздерінің ойдан шығарған "ертегі" қағидалары болады. Мысалы, Гитлер құрған ұлтшыл партияның арии нәсілі әлемдегі ең қасиетті өзгелерден артық нәсіл деп уағыздады. Сол тәртіптің жүргізетін идеологиясын билік басындағы саяси лидер белгілейді. Төртіншіден, тоталитаризм кезінде саяси институттар тарапынан өндіріс пен экономикаға дара билік орнатылады. Осындай билік мемлекеттің барлық саласын, ағарту, білім беру, акпарат құралдарының тетіктерін де, өз қол астарына қаратып мықтап ұстайды, оларға қатаң бақылау (цензура) орнатады. Таза тоталитарлы мемлекетте қоғамның саяси жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте болмайды, бәрі қатаң бақылауда өмір сүреді.
Бесіншіден, тоталитарлы тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бұл тәртіптен полицейлік бақылау, күш қолдану кысым жасау басты әдіс болып табылады. Ол органдарға полициядан өзге де, НКВД, ВЧК. ГП У, КГБ және тағы басқа да осы сияқты жазалаушы қүқығы бар ұйымдар жатады.
Ал авторитарлы жүйені танып білу қиынға соғады. Өйткені авторитарлы жүйе автократия өмір сүрген мемлекетте болады. «Автократия» (грек сөзі) бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару жүйесі. Автократия өмір сүрген мемлекет басқаруында демократияның да, тоталитарлы тәртіптің де белгілері білінбейді. Сөйтіп авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы, биліктегі өкімет тоталитарлы тәртіптің мақсатын қайталамауында. Авторитарлы жүйе жалпыға бірдей идеология ұстанбайды. Аталған жүйе көбінесе ұлттық мүддеге басты көңіл бөледі. Авторитарлы тәртіптің бірі, діни адамдардың яғни діни ұйымның қолындағы билік. Мысалы, оған 1979 жылғы Ирандағы революциядан кейінгі нағыз теократиялық "дін иелерінің" құрған авторитарлы тәртібі. Әлемде авторитарлы тәртіптің бұдан өзге де түрлері бар. Мексикадағы көппартиялық жағдайдағы билікте отырған "революциялық" партия. Олар оппозицияға жол ашып сайлау өткізуге рұқсат берді. Алайда бұл қадамдардың көбі жасанды екенін де мойындауымыз керек. Бәрібір ондағы билікті бір партин қолынан шығармады. Үшіншісі - әскери билік. Бұл билік тұсында саяси қызметтерге тиым салынады, не шектеледі, демократия тұншықтырылады.
Төртіншіден, жеке дара билеу тәртібі - бұл жағдайда лидер мемлекеттегі институттардың әлсіздігіне қарамай, полицияның көмегіне сүйеніп билік жүргізеді. Бұл авторитарлы тәртіптегі ең тұрақсыз осал биліктің түрі. Биліктің бұл түрі үстемдік еткенде, өкімет басында басқа институттардың қолдауынсыз ұзақ тұру өте қиын болады. Алайда белгілі бір кезеңде тәртіптің бұл түрі де біраз өмір сүруі ықтимал.
Бесіншіден, қазірде жоғалып бара жатқан авторитарлы төртіптің бір түрі - монархия (монодара) болып табылады. Алайда монархиялық тәртіптің бәрі авторитарлы емес. Европада (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания, Бельгия, Люксембург, Испания) мемлекеттеріндегі монархиялық билік. Ал шындығында оларда мемлекеттік билік демократиялық парламенттің қолында. Монархтың мемлекеттің коғамдық өміріне араласуы конституциямен шектелген. Мысалы, Ұлыбританиядағы Королдік.
Даму сатысы біршама томен елдерде (Морокко, Иордания, Сауд Арабиясы Королдігі және т.б.) монарх нағыз ел билеуші ретінде өз күшіндс отыр. Қазіргі кезеңдегі саяси жүйенің тағы бір түрлі дәстүрлі және жаңартылған (тілекке сай өзгертілген) жүйе қалыптасуда. Дәстүрлі жүйеге дамымай қалған нашар азаматтық қоғамдағы саяси ролі елсізденген, билік қабілеттері бытыраған, бірақ ерекше дарынды әдіске сүйенген билік жатады. Жаңартылған қазіргі заманғы жүйеде дамыған азаматтық қоғам қалыптасқан, билікгің тиімді әдістері таңдалып алынған елдер жатады. Бүгінде саясатшы Ж. Брондел кең таралған саяси жүйені 5 топқа бөлген. Либералдық демократия-радикалды-авторитарлы немесе коммунистік, дістүрлі (тра-диционная), популистік және авторитарлы-консервативтік (кертартпа-ескіден айрылмаушылык,).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет