Дәріс №1 Тақырыбы


Микроорганизмдердің тыныс алу түрлері



бет12/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

Микроорганизмдердің тыныс алу түрлері

Микроорганизмдердің тыныс алуы өте күрделі биологиялық үрдіс. Олардың тыныс алуы ауадағы оттегінің қатысуымен де, қатысуынсыз да жүре алады. Осыған байланысты олар аэробты және анаэробты болып бөлінеді. Аэробтар- ауадағы оттегінің есебінен тіршілік ететін және көбейетін микроорганизмдер. Анаэробтар- оттегінсіз тіршілік ететін және көбейетін микроорганизмдер. Тыныс алудың аралық формалары да кездеседі. Тыныс алу типтеріне байланысты микроорганизмдер 4 топқа бөлінеді:
1.Облигатты немесе қатаң (строгие) аэробтар-бұлар оттегінің еркін пайдаланып тіршілік ететін микроорганизмдер (сіркеқышқылы бактериялары, туберкулез таяқшасы);
2.Микроаэрофильді бактериялар- ауадан алатын оттектің аз мөлшерін 1 % пайдаланып өсіп, көбейе алады (актиномицет, бруцелла);
3.Факультативті микроорганизмдер ауада оттегі болса да, болмаса да тіршілік ете алады (кандида, беткейлік ашытқы, энтеробактериялар). Оларда ферменттік екі жиынтығы бар.
4. Облигатты немесе қатаң (строгие) анаэробтар- қоршаған ортада оттегі мүлде болмаған жағдайда тіршілік етеді (майқышқылы бактериялары, сіреспенің, ботулизмнің қоздырғыштары).
Тыныс алу механизмі
Тыныс алу үрдісінің бірінші кезеңі- ферменттің көмегімен дегидрогеназ (НАД және НАДФ) субстраттан сутекті алу. Қышқылданған субстраттан оттекті ала отырып, олар қалыптасушы формаға өтеді (НАД*Н2), сутекті басқа затқа апарады (акцептор).
СУБСТРАТ –Н2+НАД (НАДФ) –қышқылданған субстрат +НАД*Н2 (НАДФ*Н2)
Аэробтар үшін сутектің акцепторы болып ауадағы оттегі қызмет етеді.
Анаэробтар үшін сутектің акцепторы болып басқа заттар қызмет етеді (азот, күкірт тұзы, қышқылдар, көмірқышқылы).
Биологиялық қышқылдану түрлері
Анаэробтар энергияны жай элеметтерді оксидаза фементтерінің көмегімен қышқылдандыруу арқылы немесе қоректі субстратты, негізінен қантты, химиялық реакциямен аэробты дегидрлеу арқылы алады. Анаэробтар энергияны қоректі субстратты, анаэробты дегидрирлеу немесе ашыту арқылы алады. Барлық биологиялық қышқыладну арсында ашытудың пратикалық маңызы бар. Оны тек ғана микроорганизмдер іске асырады. Өнеркәсіпте ашыту арқылы көптеген пайдалы химиялық заттар алынады- спирт, сүтқышқылы, щавель қышқылы, В-12 дәрумені. Сонымен бірге ашыту арқылы пайдалы тағам- сүт қышқылы өнімдерін алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет