Дәріс №1 Тақырыбы



бет15/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

Бақылау сұрақтары:

  1. Бактериялар геномасына сипаттама бер

  2. Бактериялардың фенотиптік өзгергіштігі дегеніміз не?

  3. Бактериялардың генотиптік өзгергіштігі қандай?



Дәріс №6
Тақырыбы: Микроорганизмдер тудыратын маңызды биохимиялық процестер және тәжірибелік маңызы. (2-сағат)


1. Мутагенез. Спонтанды және индуцирлі өзгергіштік. Өзгергіштіктің түрлері.
Мутагенез. Спонтанды және индуцирлі өзгергіштік. Өзгергіштіктің түрлері.Санитарлық микробиология сыртқы ортада тіршілік етіп, жануарларға ауру жұқтыратын, азықты бүлдіретін микроорганизмдерді зерттейді. Сөйтіп, санитарлық микроьиология тек ғана ауру қоздырғышы болып табылатын патогенді микроорганизмдер мен вирустарды ғана зерттеп қоймайды. Санитарлық микробиология медициналық, ветеринарлық, техникалық, а/ш. Микробиологиясы, эпидемиология, эпизоотология, гигиена, т.б. ғылымдарымен бірлесе қызмет етеді. Санитарлық, медициналық, ветеринарлық микробиологияның зерттеу обьектісі бір- микроорганизмдер. Тек ғана зерттеу әдістері әртүрлі. Организмнің сыртындағы микроорганизмдерге химиялық, физикалық әсер етуге болады. Олардың тіршілік жағдайлары арасында үлкен айырмашылық бар. Санитарлық микробиологияның ерекшелігі- обьектінің сандық есебі мен сапалық жағдайын қарастырады (микроорганизмдер түрі). Ал ветеринарлық микробиология ауру организмнің тканінде ауру қоздырғыштарын табумен шектеледі.
Ет және сүт өндірісіндегі санитарлық микробиологияның мақсаты мен міндеті:

  1. Ет және сүт өнімдерінде патогенді микробтарды табу әдісін бағалау және қолдану;

  2. Ет және сүт өнімдерінде кездесетін микробтардың рұқсат етілген шегін есептеу.

  3. Дайын өнімнің, жартылай дайын өнімнің, шикізаттың дайындалуына санитарлық-микробиологиялық бақылау жасау.

Дәрігер – санитар обьектінің санитарлық-микробиологиялық зерттелуін дұрыс ұйымдастыруы үшін білуі қажет:
А) азық-түлікті бүлдіретін микробтардың биологиялық ерекшеліктерін;
В) сыртқы ортаны бағалауда қажетті микробиологиялық, вирусологиялық әдістерді;
С) бактериялар мен вирустардың адам және жануарлар организмінде ауру жұқтыру жолы мен дәрежесін бағалау әдісін;
Д)сыртқы ортаның өздігінен тазарту және залалсыздандыру үрдісін бұзатын өнеркәсіптік және күнделікті жағдайлар.
Санитарлық-микробиологиялық зерттеулердің міндеті-патогенді микробтарды тура табу емес, санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер және бактериялар саны бойынша обьектіні қосымша бағалау. Ол үшін микробиологиялық қалыптылық дәрежесі көрсетілген ГОСТ және техникалық жағдайлар (ТУ) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет