Дәріс №1 Тақырыбы



бет6/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

Дәріс №3
Тақырыбы: Микроорганизмдер физиологиясы
(2- сағат)

1.Бактериялардың химиялық құрамы


2.Микроорганизмдер ферменті


1.Бактериялардың химиялық құрамы
Микроорганизмдер физиологиясы- микроорганизмдердің химиялық құрамын, қоректену үрдісін, тыныс алуын, өсуі мен көбеюін зерттейтін бөлімі.

  1. Микроорганизмдердің химиялық құрамы

Барлық тірі организмдер сияқты бактериялар да көміртек, оттек, азот, сутек сияқты органогендерден тұрады. Бактерия торшасы орта есеппен алғанда 80% судан, 20% құрғақ заттан тұрады. Су органикалық және бейорганикалық заттарды ерітуші болып табылады. Бактерия құрамында су бос және байланысқан түрде кездеседі. Бос су коллоидтар диспенсерлік, кристалл заттардың ерітушісі, сутек және гидроксильді иондардың көзі ретінде қызмет атқарады. Байланыстағы су комплеске кездеседі (күрделі тұздар, гидраттар). Ол структуралы еріткіш. Спора құруға дайындық кезінде судың мөлшері 40% дейін кемиді. Мұндай жағдайда клетка қорғаныш ортада ұзақ уақыт өмір сүре алады. Құрғақ заттар минералды тұздардан, ақуыздан, көмірсудан, липидтерден, ферменттерден, дәрумендерден, токсиндерден, пигменттер мен антибиотиктерден құралады.
Минералды заттар. Құрғақ заттың құрамында 2-ден 30%-ке дейін кездеседі. Олар клеткаішілік осмотикалық қысымды ұстап тұруға, қалыпты электрозарядталуды, рН ортаны, ферменттердің белсенділігін аттаруға көмектеседі. Ең қажетті минералды заттар- P ,K, Cl,Fe, Ca,Na, Mg. Микроэлементтер клеткада дәрумендер синтезі, ферменттердің белсенділігін аттыру, өсу және көбею үрдісі жеделдету үшін қызмет етеді. Оларға:Cu,Ni,Mo,Zn, Sb жатады.
Ақуыз. Құрғақ қалдықтың 40-80% құрайды. Олар микробтың түр спецификасын, вируленттігін, бояуын, иммуногендігін (қорғаныс реакциясын тудыру), бактерияның сыртқы ортаға төзімділігін анықтайды. Микроб клеткасында ақуыз қарапайым ақуыз- протеин (альбумин, глобулин) және күрделі ақуыз протеидтен түрінде кездеседі. Күрделі ақуыз құрамында нуклепротеидтер (нуклеин қышқылымен байланысқан протеиндер), хромопротеиндер (бактерияға түс береді), мукопротеиндер, гликопротеиндер (клетка қабырғасының құрамына кіреді) болады.
Көмірсу. Құрғақ қалдықтың 10-30% құрайды. Бактерияларда көмірсудың екі категориясы кездеседі 1) моно-немесе дисахар; 2) полисахаридтер. Олар клетка қабығының структурасына кіреді. Гр (+) бактериялардың қабырғасы қалың (50 нм), құрамы көп мөлшердегі гликозидтерден, тейхое қышқылынан (полисахаридтер) тұрады.
Липидтер. Құрғақ қалдықтың 0,2-41% құрайды. Риккетсияда, ашытқыда, микробактерияларда саңырауқұлақтарда 40% липидтер, басқаларында 3-7% артық емес (Радчук бойынша). Бактериядағы липидтер көбінесе ірі биологиялық белсенді молекулалар формасында, кейде бос күйінде тағамдық вакуоль түрінде кездеседі. Бактерияларда липидтердің төмендегідей класын анықтауға болады: 1) бос май қышқылы түрінде; 2)балауыз (воск) түрінде; 3) фосфолипид формасында (қышқылға төзімді бактерияларда 6,5% құрғақ зат). Липидтер өткізгіштікті, беткейлік электр зарядын қамтамасыз етеді. Олар микробтардың токсиндік фракция қатарының құрамына кіреді. Липид молекуласы бактерияның цитоплазмалық мембарансы мен клетка қабырғасын жасақтайды. Липидтер Гр (-) бактерияларда липополисахарид, липополисахарид-протеин түрінде кездеседі.
Липидтер белок синтезіне қатысады.
2. Микроргнаизмдердің ферменттері
Ферменттер реакцияның жылдамдығын күшейтетін биологиялық катализаторлар ролін атқарады. Ферменттердің көмегімен метаболизм үрдісі жүреді: асқорту, тыныс алу, бөлу. Бактерияларда ферменттердің 6 түрі бар.
Микробиологиялық тәжірбиеде бактериялардың ферменттік белсенділігін бактерияның дифференциациялау, идентификациялауда, биотехнологияда ферменттер алу үшін пайдаланады. Микроорганизмдердің ферменттік белсенділігі инфекциялық аурулардың патогенді мен клиникалық картинасын анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет