Дәріс №1 Тақырыбы



бет14/34
Дата24.11.2023
өлшемі102,4 Kb.
#193306
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
file-8526 19

Бақылау сұрақтары:
1.Бактериялардың химиялық құрамы қандай?
2.Микроорганизмдер ферментін ата.
3.Микроорганизмдердің қоректену түрлеріне сипаттама бер
4.Микроорганизмдердің анаэробты, аэробты түрлерін ата

Дәріс №5
Микроорганизмдерге қоршаған ортаның әсері. (2-сағат)
1.Микроорганизмдер геномының қызметтері мен структурасы
2. Микроорганизмдер өзгергіштігінің формасы
3.Мутагендік факторлар,олардың әсері
Генетика- тұқым қуалаушылық және организмнің өзгергіштігі туралы ілім.
1. Микроорганизмдер геномының структурасы мен қызметтері
Прокариотты клетканң геномы бір хромосом түрінде нуклеоидте орналасады. Ол өте ірі 2-спиральді ДНК молекуласы, құрамында микроб клеткасы мен түріне байланысты 50-ден 2-3 мың ген болады. ДНК молекуласы генетикалық ақпаратты тасушы, хромосоманы бойлай сызық түрінде орналасқан гендерден тұрады. Ген-тұқым қуалаушылықтың функциональды бірлігі. Генде клеткаға тән барлық қасиеттер туралы ақпарат жазылған. Қазіргі кезде хромосомадағы геннің оналасуы көрсетілген микроорганизмдердің генетикалық картасы жасалған. Сонымен бірге генетикалық ақпараттың бір бөлігі цитоплазмадағы плазмида түрінде кездеседі (40 шамалы триплеттен тұратын нуклеин қышқылының сақинасы). Геном мен плазмида микроорганизмдердің фено-, генотиптік қасиеттерін сақтайды. Геном қызметі- сыртқы белгілерді көрсету, ДНК-ның генетикалық тұрақтылығын анықтау.


2.Микроорганизмдердің өзгергіштіктігінің түрлері
Бактерияларда фенотиптік және генотиптік өзгергіштік деп бөлінеді. Фенотиптік өзгергіштікке бейімделу мен модификация жатады. Бейімделу- микроорганизмдердің орта жағдайына қалыптасуы. Бейімделген клеткалар көбейеді, ал қалғандары өледі, сөйтіп табиғи сұрыптау өтеді.
Модификация- микроорганизмдердің қоршаған ортаның әсерінен өзгеруі. Мұнда клетканың тек сыртқы (фенотиптік) белгілері ғана өзгереді (формасы, мөлшері). Мысалы, ортаға глицерин мен аланинді қосу холера вибрионының полиморфизмін тудырады. Ортаға Ca Cl қосқанда ішек таяқшысының клеткалары қалпына келеді.
Генотиптік өзгергіштік микроорганизмдер эволюциясында үлкен роль атқарады. Егер клеткалар генотипі өзгеруге бейім болмаса, ортаның кез-келген қолайсыз жағдайында олардың түрі мүлде жойылып кетер еді. Мысалы, культурада бактериофагтың пайда болуы оны мүлдем жойып жібере еді, бірақ фагосезімділкті анықтайтын гендер өзгеруі нәтижесінде клетка фагорезистентті қасиетке ие болады.
Генетикалық өзгергіштіктің негізінде мутация мен рекомбинация жатыр. Ол клетканың генетикалық аппараты-ДНК-да өтеді және кейбір қасиеттерінің тұрақты өзгеруі арқылы көрсетіледі.
Мутация-ДНК нуклеотидтерінің кезектестігіңі өзгеруімен сипатталады, ол эндогенді факторлардың немесе химиялық, физикалық факторлардың әсерінен жүреді. Өзгерген бактериялар мутанттар деп аталады.
Генетикалық рекомбинация бактериялар арасында генетикалық материалдарыд ауысу нәтижесінде пайда болады. Екі ата-ан қасиеттеріне ие рекомбинаттар түзіледі. Рекомбинация трансформация, трансдукция, конъюгация жолымен жүреді.
Мутагендік факторлар,олардың әсерін талқылауда СММУ жанындағы тәнтану мұражайындағы препартаттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет