Бақылау сұрақтары:
1.Бактериялардың химиялық құрамы қандай?
2.Микроорганизмдер ферментін ата.
3.Микроорганизмдердің қоректену түрлеріне сипаттама бер
4.Микроорганизмдердің анаэробты, аэробты түрлерін ата
Дәріс №4
Зат алмасу (Метаболизм). Микроорганизмдер физиологиясы. (2- сағат)
1.Бактериялардың химиялық құрамы
2.Микроорганизмдер ферменті
1.Бактериялардың химиялық құрамы
Микроорганизмдер физиологиясы- микроорганизмдердің химиялық құрамын, қоректену үрдісін, тыныс алуын, өсуі мен көбеюін зерттейтін бөлімі.
Микроорганизмдердің химиялық құрамы
Барлық тірі организмдер сияқты бактериялар да көміртек, оттек, азот, сутек сияқты органогендерден тұрады. Бактерия торшасы орта есеппен алғанда 80% судан, 20% құрғақ заттан тұрады. Су органикалық және бейорганикалық заттарды ерітуші болып табылады. Бактерия құрамында су бос және байланысқан түрде кездеседі. Бос су коллоидтар диспенсерлік, кристалл заттардың ерітушісі, сутек және гидроксильді иондардың көзі ретінде қызмет атқарады. Байланыстағы су комплеске кездеседі (күрделі тұздар, гидраттар). Ол структуралы еріткіш. Спора құруға дайындық кезінде судың мөлшері 40% дейін кемиді. Мұндай жағдайда клетка қорғаныш ортада ұзақ уақыт өмір сүре алады. Құрғақ заттар минералды тұздардан, ақуыздан, көмірсудан, липидтерден, ферменттерден, дәрумендерден, токсиндерден, пигменттер мен антибиотиктерден құралады.
Минералды заттар. Құрғақ заттың құрамында 2-ден 30%-ке дейін кездеседі. Олар клеткаішілік осмотикалық қысымды ұстап тұруға, қалыпты электрозарядталуды, рН ортаны, ферменттердің белсенділігін аттаруға көмектеседі. Ең қажетті минералды заттар- P ,K, Cl,Fe, Ca,Na, Mg. Микроэлементтер клеткада дәрумендер синтезі, ферменттердің белсенділігін аттыру, өсу және көбею үрдісі жеделдету үшін қызмет етеді. Оларға:Cu,Ni,Mo,Zn, Sb жатады.
Ақуыз. Құрғақ қалдықтың 40-80% құрайды. Олар микробтың түр спецификасын, вируленттігін, бояуын, иммуногендігін (қорғаныс реакциясын тудыру), бактерияның сыртқы ортаға төзімділігін анықтайды. Микроб клеткасында ақуыз қарапайым ақуыз- протеин (альбумин, глобулин) және күрделі ақуыз протеидтен түрінде кездеседі. Күрделі ақуыз құрамында нуклепротеидтер (нуклеин қышқылымен байланысқан протеиндер), хромопротеиндер (бактерияға түс береді), мукопротеиндер, гликопротеиндер (клетка қабырғасының құрамына кіреді) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |