бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің арасындағы филогендік
байланыстарды қандай əдістермен дəлелдеуге болатынын, ғалымдар қандай-
əдістердің жəрдемімен қазба кесірткелердің кейпін қалпына келтіріп, олардың
қоректену көзі, мекен ортасы, құрып біту себептерін анықтауға мүмкіндік алды.
Зерттеу əдістері туралы ұғым цитология негіздерін оқып-үйренген кезде ол
клеткадағы–физикалық,
химиялық
жəне
биологиялық
процестердің
арақатынасын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ұғымдар сонымен бірге
проблемалардың қойылуы мен шешілуіне де пайдаланылады. Мəселен,
оқуышалардың радиоавтография əдісі туралы алдын ала білуі олардың
фотосинтездің қараңғылық реакциясының химизмі, ақуыздың диссимиляциясы
мен биосинтезін жəне т.б. əдістермен оқып үйренуге туралы сұрақтарға жауап
қайтаруына мүмкіндік береді .
Әдістің “шешуші күші” мен зерттеу нəтижелері арасындағы байланыс
генетиканы оқып-үйрену кезінде анық көрінеді. Өте өсімтал дрозофила,
микроағзалар сияқты объектілерді пайдалану тұқым қуалаушылықтың нəзік
механизмдерін анықтауға мүмкіндік берді. Мектеп оқушылары зертханалық
жұмыстар мен топсеруен негізінде ғылыми əдістерде қолданылатын
практикалық дағды мен іскерлікке ие болады.
Биология тірі табиғат туралы тұтастыратын ғылымның құрамды негізгі
болғандықтан физика, математика, химия, кибернетика т.б. ғылымдардың
зерттеу əдістерін пайдаланып коймай, өзінің маңызы жөнінен олардың
көпшілігімен, аса басымырақ ірі жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ
биология философиямен–табиғат, қоғам жəне сана дамуының ең ортақ заңдары
турасын ғылыммен тығыз байланысты. Философия зерттеу жолдарын ғана
түсіндіріп
қоймайды,
сондай-ақ
ғалымдардың
фактілерді
ұғынуына,
қорытындылар мен талдап қорытуларды тұжырымдауға, гипотезалар мен
теорияларды жасауға да жəрдемдеседі. Олай болса, биология пəнін оқыту оқушы
танымының сатылары: тірі табиғаттың табиғи объектілерін, кеппешөп
материалдарын, колДəрісларды кең қолдана отырып, нақтылы
түсінік
айқындалады, себеп-салдар болмысы анықталады.
Танымдық ізденімпаздық жеке тұлғаның интегральды қасиеті болып
табылса, биология пəнінен сабақ беруде таным, ерік жəне сезім процестерінің
нəтижесі, танымдық іс-əрекеттің жүзеге асуы байқалады.
Биология пəнінен сабақ беруде оқытудың негізгі бірлігі, білімділік,
дамытушылық, тəрбиелік функциялары жүзеге асады. Білімділік мəнінде
биологиялық теория, ұғым, түсінік, заңдар т,б меңгерсе, дамытушылық
функциясында оқушының танымдық əрекеттері ( байқағыштық, есте сақтау, ой
қорыту, ойды түйіндеу, жинақтау) дамиды. Зерттеу нəтижелері дəлелдегеніндей
ақыл-ойдың дамуы эмперикалық білімнен гөрі теориялық түсінік негіздерін
жəне ғылыми заңдылықтарды логикалық анализ əдістерін меңгеру арқылы
тез алға жылжиды. Сондықтан биология пəнінің танымның дамуына əсері зор.
Достарыңызбен бөлісу: