Дәріс №1 Тақырыбы


Биология пәні мұғалімінің маман ретіндегі ерекшеліктері. ХХІ-ғасыр



Pdf көрінісі
бет2/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Биология пәні мұғалімінің маман ретіндегі ерекшеліктері. ХХІ-ғасыр 
мұғалімі қандай болуы керек? 
Биология ғылымының адам өміріндегі орнын адамзатың үлкен тіршілік иесі 
екендігін оқушыға түсіндіру, тек жан-жақты білімді, биологиялық білімді терең 
меңгерген ұстаз ғана жеткізеді. Биология саласына қатысты ғылым 
заңдылықтарын өмірден бөлек тəрбиелік насихатпен ұштастырмай уағыздау 
оқушының саналы білім алуына жағдай жасамайды. Сондықтан биология 
пəнінің мұғалімі барлық мамандық салаларына бет бұратын оқушылардың 
болашақтағы табиғат пен қоғам арасындағы қатынасқа көзқарасын жас кезінен 
қалыптастыратын маңызды тұлға болып саналады. Биология пəнін барлық 
жаратылыстану пəндерімен үйлестіріп түсіндіру, табиғатты қорғау, экологиялық 
проблемаларды шешу сияқты бағыттағы мамандықтарды меңгеруге үлесін 
тигізеді. ХХІ ғасыр биология ғасыры деп аталған. Өйткені ашылған жаңалықтар 
адам өміріндегі, ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді айтарлықтай деңгейге 
көтерілді. Молекулярлық биология, биотехнология, медициналық биология 
салаларында табиғатта болмаған жаңа тіршілік пішіндерін шығару жəне оларды 
адам өмірінде пайдалы қолдану тəсілдерін жүзеге асыруда. 


Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда, ғылыми-
техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда 
мұғалімдердің ғылыми-теориялық дайындығының маңызы зор. Бұл орайда 
мұғалімдердің ізденімпаздығы басты роль атқарады, яғни мұндай мұғалімдер-
ізденімпаз ғалым болады. Чех педагогі Я.А.Коменскийдің ілімінен бастап 
бүгінге дейін оқу əдістемесінде білім беруді ұйымдастыру, қазіргі сабақ -
проблеманы дамыту сабағы. Ол үшін озық тəжірибелі ұстаздар еңбегін тарату 
қажет. Олай болса, озық тəжірибелі мұғалім болу жан-жақты 
шеберлікті 
талап 
етеді. 
А.С.Макаренко шеберлікті былай тұжырымдайды: «Шеберлікке жетуге 
болатын нəрсе, шебер-токарь, шебер-дəрігер сияқты, шебер-педагог бола 
алады». Бала психологиясын сезіне білу-мұғалімнің педагогикалық, біліктілігін 
көрсетеді.Онсыз балалардың оқуында болсын, тəрбиесінде болсын жеке 
басындағы ерекшеліктерді білу мүмкін емес. Баланың жасына, жеке басының 
ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз-оның жүрек сезіміне 
жол табу, тəрбиесіне ықпал жасайтын жұмыстың формалары мен əдістерін табу. 
Сонымен бірге, баламен қарым-қатынаста əдептілік пен сыпайылықтың үстем 
болуы, олардың денсаулығына, қуаныш-ренішіне ортақтаса білуі, жеке басының 
үлгісі, көңіл-күйінің жайдары болуы-нəзік психологке тəн нəрсе. 
М. Горькийдің сөзімен айтқанда «Балаларды, бала тəрбиесіне бейім адам, 
баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тəрбиелеуі керек». 
Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі-өзін жан-жақты игеру, 
оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойламын қалып-тастыру, 
оқытудың белсенді əдістерін қолдану. Бұл тынымсыз еңбектенуді талап етеді. 
Қоршаған ортаның өмір шындығын сезіне, түсіне, қабылдай білуге, 
халқымыздың ұлтгық өнерін қастерлеуге, əсемдігін танып білуге, мектепте, үйде 
əсемдеп жинай білуге, əсемдік қалыптастыруға, музыкаға, əнге, бейнелеу 
өнеріне баулып оқушылардың көркемдік біліктілігін шыңдап, эстетикалық 
талғамын арттырады. 
Оқушыларға эстетикалық тəрбие беруде сұлулықпен сусындаған эстет 
мұғалімнің 
үлесі 
ерекше. 
Мұғалім 
өзінің 
білімпаздығымен, 
қарапайымдылығымен, сыпайылығымен, қайырымдылығымен, биік талғамымен, 
ой-өрісінің кеңдігімен оқушыларды баулиды. 
Оқушылардың жеке-дара қасиеттері-олардың сенімі, мұраты, дүниетанымы. 
Ғылымға негізделген дүниетанымы, сенімі, мақсат-мұраты бар адамдардың 
психологиялық қасиеттері жоғары болады. Міне, осыдан оқушылардың жеке-
дара қасиеттерінің қалыптасуын ой-өрісі кең, іс қимылы нақты, олардың 
пікірімен санасатын, сырласа білетін, рухани дүниесі бай ұстаз ғана қамтамасыз 
ете алады. 
Баланың бойында ұнамды мінез-қүлық пен əдеп, ибалылық жарасымды 
талғам мен таңцау қасиетін, жүріс-тұрыс сөйлеу мəдениетін қалыптастыруда 
адамгершілік жаршысы тəрбиесінің атқарар жұмысы ауқымды. Тəрбиелі 
адамның үлгі өнегесін жоғары бағалап халқымыз: «Адам болар баланың
кісіменен ісі бар, адам болмас баланың ісіменен несі бар», -деген екен. Осындай 
қасиеттерді бойына жинақтаған XXI-ғасыр мұғалімі ғана идеал ұрпақ тəрбиелеп 
шығарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет