Дәріс №2
Тақырыбы:
Осы заманғы биологияның оқыту мен тəрбие теориясы-
əдіснамалық, психологиялық, педагогикалық əрі арнайы пəндік биологиялық
білімді кіріктіретін ғылым.
Дәріс жоспары
1. Әдіснамалық, психологиялық, педагогикалық əрі арнайы пəндік биологиялық
білімді кіріктіретін ғылым ретінде түсініктеме.
Дәріс мазмұны
Биологияны оқыту әдісінің басқа ғылымдармен байланысы
Биологияны оқыту əдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз
байланыста. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім
биология ғылымдар жүйесінен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы
керек. Табиғатта болып жатқан құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми
тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің теориялық білімі үлкен роль атқарады.
Практикалық білімдері, табиғатта жануарлар мен өсімдіктерді танып-біліп
анықтау үшін, оларды өсіріп, баптау үшін жəне эксперименттер жүргізуге қажет.
Мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми тұрғыда беріледі. Биологиялық
ғылымдар саласының негізгі зерттеу əдістері: бақылау, эксперимент жүргізу
жəне жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан қорытындылау болып
табылады.
Бақылау жəне эксперимент жолымен жинақталған материалдарды
салыстыру, қорытындылау, зерттеу оқыушылардың логикалық шығармашылық
ойлауын дамытады.
Мектеп биология курстарының мазмұнымен биологиялық ғылымдағы ең
үлкен айырмашылық, оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, əдісінде жəне
мазмұндау формасында.
Достарыңызбен бөлісу: |