Дәріс №1 Тақырыбы


Биология сабақтарында оқушылардың білімін есепке алу



Pdf көрінісі
бет76/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
Биология сабақтарында оқушылардың білімін есепке алу.
Оқушылардың білімін алдыңғы сабақтардың материалдарын сұрау арқылы 
тексереді. Биологиядан оқушылардың білімін тексерудің əртүрлі фомалары бар, 
бірақ барлық уақытта негізігі ролді- мұғалімнің сұрағы атқарады. Мұғалімнің 
сұрағы – оқушылардың құбылысты қатар қойып, салыстыратындай, 
байланыстыратындай болу керек. Мысалы, «Құстардың ұшуын қамтамасыз 
ететін дене құрылысында қандай ерекшеліктері бар?» Қойылған сұрақ 
оқушыларды ойландыру қажет. Сұрақтар біртіндеп күрделене түседі. Бір 
оқушының жауабы бүкіл сыныптың ойлануына əсер етеді. Тақтадағы оқушының 
жауабын анализдеуге қатысқан оқушылар да бағаланады. 
Бақылауды жоспарлы түрде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір 
уақыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді
жекелеген оқушылардың жəне толық сыныптың жетістіктері мен кемшіліктерін 
анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мұғалімнің өзін - өзі тексеру 
құралы болып табылады. Оқушылардвың жетістіктері жөніндегі ақпарат ата – 
аналар үшін де маңызды, сол арқылы олар өз балаларының бақылауға қатысып, 
оларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. 
Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау кез – келген 
пəнді оқытудың пəрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып 
саналады. Оқушылардың білімі жəне біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі 
ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді əдіс – тəсілдері мен 


құралдарын қолдануға жəне оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын 
бағамдауға, білім игеру нəтижесін болжауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет