Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет77/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
Бақылау формалары.
Кез келген пəннің маңызды қыры – білім тексеру мен есепке алу. 
Сондықтан тексерісті ол əрбір оқушының таным əрекетін белсендіретіндей жəне 
игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйымдастыру керек. 
Тексеру ұстаздан үлкен еңбекті жəне зейінді талап еетеді. Оның тиімділігі бұрын 
өтілгенді қайталау, түсіндіру жəне əр түрлі өздік жұмыс түрлері арқылы жаңа 
материалды бекіту кезінде де əдістемелік тəсілдердің көп түрлілігіне 
байланысты артады. Көп жылдан бері мұғалімдер жұмысының нəтижесінде 
білім мен біліктілікті тексеруде бай тəжірибе жинақталған. 
Қазіргі кезде тек оқушыға сұрақ қойып одан толық жауап талап ететін 
бұрынғы білім тексерудің əдісі жалғыз емес. Мұғалімдердің сабақтарда ауызша, 
көрнекі, практикалық тағы басқа да білім мен біліктілікті тексерудің əдістерін 
қолданады. Мысал ретінде білім тексерудің төмендегідей формаларын атауға 
болады. 
• реферат жазу; 
• бақылау нəтижесін көрсетіп тұрып оқушының хабарламасы; 
• проблемалық мəселені шешудегші пікірталасқа қатысу; 
• оқушының хабарламасын бағалау; 
• қосымша əдебиеттер арқылы баяндама; 
• қойылған сұраққа жауаптың сызбанұсқасын құру; 
• пəнге байланысты есептерді шешу немесе жазбаша түрде қабылдау; 
• тестік тапсырмалар бойынша жауап; 
• жұмыс дəптерін толтыру; 
• дидактикалық карточкаларды жазбаша толтыру арқылы жауап;тақтада 
қорытынды кестені ұжымдық толтыру; 
• «жылдам жауапқа » қатысу (блиц-жауап); 
берілген жауапқа «қиял - шығарма» жазу; 
• рөлдік ойынға қатысу үшін кейіпкер рөлінің мəтінін құру; 
баяндама; 
• телехабар материалы бойынша реферат; 
• компьютерлік оқыту бағдарламалары бойынша жауап 
Осы тізімде негізінен ауызша əдістер келтірілген, білімді бақылаудың 
көрнекі жəне практикалық əдістерін де қолданады, мысалы: 
• микроскоппен қарағандағы немесе ұлғайтқыш шынымен көргендегі 
препаратты танып білу; 
• тақта алдында берілген бөлшектерден (нақпішіндер, суреттер, гербарийлер 
т.б.) күрделі жүйелерді немесе үрдістерді құрастыру; 
• мультимедиалық оқыту түрі жүйесіндегі практикалық жұмысты орындау
• зертханалық жұмысты өз бетімен орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет