Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет80/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
Дәріс №25
 
Тақырыбы: 
Танымжорық биологияны оқыту формасы, оның блгілері.
 
Дәріс жоспары
1. 
Биология пəні бойынша өткізілетін танымжорықтардың түрлері. 
Танымжорықтың құрылымы, мақсаты мен мазмұны. Табиғат аясында 
танымжорықты ұйымдастыру мен өткізу əдістемесі. 
2. Биология пəніне арналған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыс, оның түрлері. 
Биология пəнінен сыныптан тыс, мектептен тыс өткізілетін жұмыстың түрлерін 
сипаттау. 
Дәріс мазмұны
Топсеруен құрылымы мен сипаттайтын белгілері.
Соңғы жылдары Республикада болып жатқан өзгерістер білім мен ғылым 
саласына да көптеген жаңалықтар əкелуде. Ол берілетін жалпы білімнің 
мазмұнын, оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын жəне оқыту əдістерін қайта 
қарап, жаңарту мəселесімен байланыста болып отыр. Осы жаңашылдық үрдістер 
оқу – тəрбие үрдісінің тиімділігін арттыруда оның икемділігін қамтамасыз ететін 
негізгі бағыттарды көрсетеді.
Алыс – жақын шет елдерде əлемдік білім беру кеңістігіне өту бағытында 
жаңа оқыту жүйесі қалыптастырылуда. Бұл жағдай педагогика теориясы мен оқу 
– тəрбие тəжірибесіне елеулі өзгерістер енгізуде, себебі бүгінгі күні оқушылар 
алатын ақпарат жан – жақты көп (интернет, теледидар т.б ) болғандықтан олар 
көп нəрсені өте ерте біледі. Осындай əлемде өмір сүріп отырған бала бір пəнге 
қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті.
Ендеше ол сол өзі қызықтырған мəселе жөнінде өте жоғары көрсеткіш 
көрсете алады. Ұстаз осындай жағдайда оқушымен шексіз шығармашылық 
өнермен биікте болуы керек. Сондықтан болашақ ұстаздарды дайындауда жаңа 
мазмұнды қатынастар, мəдениеттің жоғары үлгісі, көзқарас қажет. Осы 
міндеттерді шешуде жоғарғы оқу орындары студенттерінің кəсіби - əдістемелік 
дайыдықтарын жетілдіру ерекше орын алады.
Кез – келген елдің рухани, мəдени дамуы, экономикалық дамуы сол елдегі 
оқыған білмді индивидиумдар деңгейімен анықталады. Ал жеке тұлғалардың 
білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі мектеп қабырғасында алатын 
біліміне тікелей байланысты. Яғни, мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен 
құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты.
Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең əлеуметтік өзгерістерге толы 
қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны 
игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан, білім берудің сапасын 
жақсарту, білім берудің əдістемелік негізін өзгерту заман талабына сəйкес 
туындап отырған қажеттілік. Бұрынғы əдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім 
басты рөл атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге 
тиіс, яғни мұғалім көбінесе кеңесші ( консультант ), бағдарлаушы рөл атқаруға 
тиіс.


Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке 
шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында 
оқушылар өз бетінше танымдық əрекет етудің əдістерімен дағдыларын игеруге 
тиіс. Биология ғылымының өзіне тəн ерекшелігінің мектептегі биология пəнінде 
тапқан көрінісінің бірі – ол осы ғылымның зерттеу əдістерінде кең 
қолданылатын табиғаттағы тірі нысандарды бақылау, мектеп биологиясындағы 
бағдармалар мен жоспарларда топсеруен жүргізуге арнайы сағат бөлініп немесе 
тақырыптарда қоса өтілуі көрсетіледі.
Топсеруен – білім беруде жəне тəрбиеде маңызы зор сабақ түрі болып 
есептеледі. Пəн ретінде биология оқушыларды тірі табиғаттың əр түрлілігі 
жөніндегі біліммен қаруландыруы қажет,сондықтан осы қиын міндетті шешуде 
тірі нысанды,олардың табиғи айналасында, тіршілік орнында таныстырусыз 
мүмкін емес. Сол себепті ұстаз биология пəніндегі оқу – тəрбие үрдісінің 
маңызды формасының бірі – топсеруенді пайдаланылады. Топсерундер 
оқушыларды мектептегіден басқа жағдайда, ерекше таным əрекеті кезінде 
тəрбиелейді.
Мектеп топсеруені - мектептен тыс бір нысаннан келесісіне, олардың 
табиғи ортасында немесе қолдан жасалған жағдайда, бағдарламамен байланысты 
тақырып бойынша жəне мұғалімнің таңдауымен,танымдық мақсатпен жылжып 
отыру арқылы сыныппен немесе бір топ оқушылармен жүргізілетін оқу – тəрбие 
жұмысының формасы.
Табиғатқа топсеруенге шыққанда оқушылар əртүрлі биологиялық 
нысандармен танысып, нақты түсініктері баий түседі,сыныптағы сабақтан алған 
тірі табиғат жөніндегі білімдері кеңейіп, тереңдей түседі. Тұрған жерін 
бағдарлауға, табиғаттағы күрделі байланысты анықтауға, табиғаттағы 
маусымдық жағдайды оқып білуге жағдай осы топсеруен кезінде тудырылады. 
Балалар мұғалімнің тапсырмасы бойынша табиғи нысандарды табуды, табиғат 
құбылыстарын салыстыруды үйреніп натуралистік дағды игере бастайды.
Топсеруеннің мəні де зор. Табиғи нысандарды тікелей табиғат ортасында 
бақылау сезімді оятады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет