Дәріс №1 Тақырыбы


Топсеруен жүргізу барысында пайдаланылатын көрнекіліктер мен



Pdf көрінісі
бет83/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
2. Топсеруен жүргізу барысында пайдаланылатын көрнекіліктер мен 
құрал – жабдықтар.
Топсеруен барысында қолданылатын оқыту құралдары – оқыту міндеттері 
мен мақсаттарына сəкес оқыту əрекетінің пəрменділігінің көтерілуіне əсер ететін 
əр түрлі заттар, құбылыстар,деректер жəне оқытушы бағдармалар.
Топсеруен жүргізудің артықшылығы ондағы қолданылатын көрнекіліктер 
табиғи немесе нақты нысандарды пайдалану болып табылады.


Топсеруен кезіндегі көрнекіліктермен оқушылар қарым – қатынаста болады. 
Жəне тек қана көріп қана қоймай, иіс сезу, есту жəне сипап сезу мүшелерімен де 
қабылдай алады.
Топсеруен кезінде көрнекі құралдардың маңызы ерекше, өйткені тірі 
табиғатты қандай да көрнекіліксіз оқыту аса қиын.
Табиғи құралдар. Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған 
өсімдіктер (бөлме өсімдіктері, оқу – тəжірибе алаңынан немесе топсеруеннен 
əкелінген) тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, инсектарийдегі, тордағы 
жануарлар саналады. Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды 
препараттар, микропрепрепараттар, колДəріслар, омыртқалы жануарлардың 
қаңқалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға 
арналған таратпа материалдар жатады. Таратпа материалдар ретіндегі 
көрсетілетін тірі өсімдіктер мен жануарларды алдын ала дайындап алған дұрыс. 
Бұл нысандарды таңдап алу бағдарламаға, жергілікті жағдайға жəне табиғатты 
қорғау талаптарына байланыста болады. Табиғатта нысандарды жинағанннан 
басқа, мысалы өсімдіктерді, таратпа материалдар дайындау үшін оқу – тəжірибе 
алаңында арнайы себуге болады,ал оқу – тəжірибе алаңында өсімдіктерге түскен 
зиянкестерді зоологиядан таратпа материал ретінде қолдануға, коллеккцияға 
жинап алуға болады. Гербарийлермен жəне колДəріслармен жұмыс істегенде 
бұл материалдардың тірі ағзалар жөнінде толық мəлімет бермейтіндігін ескеру 
қажет. Сол себепті оларды басқа да , оқылатын ағзалардың қасиеттерін түсінуге 
көмектесетін құралдармен бірге пайдаланғаны орынды.
Кептірілген табиғи нысандар - гербарийлерден басқа бунаденелілер жəне 
өсімдіктер мүшелерінің колДəріслары (тұқымдар, гүлшоғырлар, жемістер, 
бүрлер). Жануарлардың дене мүшелерінің бөліктері (қауырсындар, сүйектер, 
қабыршақтар,бақалшақтар) 
жəне 
биологиялық 
ылғалды 
препараттар 
пайдаланылады. Шыны ыдыстарға салынған (консервіленген) ылғалды 
препараттар ағзалардың ішкі жəне сыртқы мүшелерінолардың табиғи көлемінде 
оқуға мүмкіндік береді. Олар мысалы мына препараттар: «Бүршік тұқымдас 
өсімдіктің түйнекті тамыры», «Бунақденелілердің дамуы», «Бақаның құрылысы
жəне дамуы», «Аскарида», «Өзен шаянының ішкі құрылысы» т.б.
Ең маңызды табиғи оқыту құралдарының бірі – микропрепараттар. Бұлар 
ағзалардың жасушалық құрылымын ұсақ табиғи нысандарды, бактериялар, зең 
саңырауқұлақтарын, саңырауқұлақтар, папоротниктер спораларын оқуда аса 
құнды болып табылады.
Топсеруен кезінде табиғи нысандардың құрастырылған түрін беретін 
колДəріслар жиі қолданылады. Мысалы колДəріслар ағзалардың сыртқы 
пішінін, олардың бөлшектерін оқуда пайдаланылады. Олар: «Жемістер мен 
тұқымдар колДəріслары», «Бунақденелілер отрядының өкілдері» т.б. Осындай 
колДəрісларды морфологиялық деп те атайды. Бұлар нысандарды салыстыру 
үшін, ұқсасық жəне айырмашылық белгілерін ажырату үшін қолданылады.
Оқушылар топсеруенге қажетті құрал – саймандармен тегіс қамтамасыз 
етілуі керек: жазатын қарындаштар мен блокноттар, материл жинайтын 
қораптар, кішкене күрек, ұлғайтқыш шыны, көбелек аулағыш, дəрігерлік аптечка 
жəне биологиялық папкалар т.с.с. танымжорық мазмұнына байланысты қажетті 
заттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет