«қарапайым» жəне
«күрделірек» болуы мүмкін. Мысалы, өсімдіктер ұғымы биогеоценоз ұғымына
қарағанда қарапайымдау. Ұғым күрделірек болған сайын, оның мазмұнында
көптеген заттар болады. Сондықтан оны оқу процесінде ашу жолы ұзақ болуы
тиіс. Дегенмен, тіпті қарапайым ұғымдардың өзін оқушыларға дайын түрде
беруге болмайды. Сондықтан психолог А.Н. Леонтьев ұғымды «адам əрекетінің
жемісі ретінде меңгеру үшін, сол берілген өнімге сіңірілген еңбекке тəн еңбек
ету керек» деген.
Әрбір ұғым бірте-бірте дамытылады, күрделенеді. Мысалы, «Жапырақ»
ұғымы бірінші сабақта əлі қарапайым, алғашқы, тек бір ғана білім элементі бар
ұғым. Яғни морфологиялық жағын қарастырса, кейінгі сабақтарда күрделене
түсіп, анатомия, физиология, жапырақ экологиясы сияқты ұғымдарды жинақтап
қорытады.