Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет98/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 Дамыта оқыту – 
күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. 
Оның нəтижесінде əр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дəрежесінде 
көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. 
Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, 
мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен 
атқаратын қызметінде, əдіс – тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің 
түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың 
қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру жəне ондағы 
коммуникациялар түрлерінде, т.б. 
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің 
идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин жəне Л.В.Занковтың 
дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген 
университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. 
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ 
оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар 
тудыруда.Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен технологиялар көбіне 
дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар 
арасында қолдануын таба алмай жүр. 
Сондықтан, 
мектеп 
мақсаты 
баланың 
табиғи 
күштері 
мен 
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. 
Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін 
ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. 
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір сабақта, 
күнделікті қарым – қатынаста,мектепте жəне мектептен тыс істе асырылатын 
өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік 
жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы 


түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне 
(сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік жəне тəжірибе, т.б) поэзитивті 
өзгерістер енеді. 
Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объективтілердің қайтымсыз
нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. 
Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда дамудың прогрестік, 
ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады /З.Қараев/.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс - 
əрекет. Өнімді іс - əрекет жан – жақты ізденудің нəтижесінде ғана жүзеге асуы 
мүмкін. Мұндай жағдай екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағұлматтар 
(өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс - əрекет арқылы іске 
асады. 
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, 
түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше оқып – танып, əр 
зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап жəне дайын ережелерді, 
нұсқауларды басшылыққа ала отырып, əр түрлі іс - əрекет жасайды. Мұндай оқу 
– танымдық əрекет ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады. 
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде əжептеуір қолданыс тауып келеді. 
Қазіргі кезде Мəскеуде «Дамыта оқыту» халықаралық қауымдастығы жұмыс 
істейді. Қауымдастықтың президенті - академик В.П.Зинченко. 
«Эльконин мен Давытовтың дамыта оқыту жүйесі» бойынша Мəскеудің 
психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның 
меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин
Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович. 
Академик В.П.Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар 
бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ дəмсіз білімдер 
болмау керек, керісінше ол қоршаған əлемнің көрінісі болып, сана – сезіммен 
түбегейлі қабылданып, түп – түбіріне дейін танып білінуі қажет. 
Прфессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен 
білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең жəне көріп – білудің
жаңа тəсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге жəне оны тану үрдісі 
баланың сол үрдіспен толық шұғылдану жəне қызығу таныту жағдайында пайда 
болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа 
бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни 
дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы 
білім берудің жүйесін қалыптастыру». 
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта 
оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан: 
* Оқыту үрдісінде танып – білуге арналған материалға жəне оны игеру
уəжіне оқушының қызығуын тудыру. 
* Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы 
есептің шешуін табу, не басқа оқу мəсəлесін шешу барысында өзінің өзекті даму
аймағына сүйенетіндей етіп, ал нəтижесі оның жақын даму аймағына 
əкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне 
берілгеен есепті шешу барысында оны шешуге қабілетті, білімі жеткендіктен 


оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша
əдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет. 
1. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың əрқайсының «жеңістік 
жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен 
шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. 
Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті 
иеленуші ретінде сезінеді. 
2. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нəтижесіне емес, оның еңбегінің 
мөлшеріне сəйкес қойылуы керек. 
3. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс - əрекеттер 
тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нəтиже топтық талдау, пікірталастар 
жəне т.б. жеткізеді. 
4. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне 
қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде 
ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын 
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, 
бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын 
өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға
мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда
дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп, 
дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылау үйренеді. 
Осындай негізде құрылған іс - əрекеттер бір – бірімен тығыз 
байланысты: «Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, 
мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (əрекет, операциялар), 
нəтижесін шығару». 
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін 
игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер 
бар. Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына ықпал 
жасайтын сабақтар үлгісінің бəріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: 
• оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты 
бойынша) игеру жүйесін жетілдіру; 
• оқыту үрдісінде оқушының теориялық жəне өнімділік ой құрастыру
əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру; 
• оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын 
дамыту; 
• оқу материалын игеруде жəне іс - əрекеттерінде жете ұғынуға 
талпындыру; 
• белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, 
серіктестігін ұйымдастыру; 
• көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; 
• оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін 
ұйымдастыру; 
• оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану; 
• оқыту барысында əр түрлі шапшаңдықпен жəне əр түрлі көлемді 
(стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; 


• дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; 
• жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық 
жаттығулар, зейін, ес, ойлау жəнеп т.б. дамыту жаттығулары ). 
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде де 
оқушы дамуына жəрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар: 
• мектепте жəне əрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен
оқушылардың күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын 
тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру; 
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну, 
əрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы)
оқыту үрдісінде репродуктивтік жəне шығармашылық іс - əрекеттер
оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту 
материалының деңгейімен анықталуы; 
• оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы 
(оқыту жылдарына байланысты, нəтижелеріне байланысты, білім беру 
стандарттарына сəйкес, т.б. ) ; 
• оқу материалы бөлек – бөлек пəндерге бөлінуі жəне соған қоса 
кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,əлеуметтік ғылымдар, қоршаған 
орта жəне т.б. ) ; 
• оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің 
жан – жақты дамуына ынталандыруы көздеген əр түрлі əдіс – тəсілдерінің кең 
қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас
іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ; 
• оқушылар əжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл) 
белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды 
топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің 
мүмкіндігі жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі; 
• балалардың эмоционалды – сезімділік жəне абстрактілігі, логикалық ой
құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі; 
• үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бəріне бірдей естен 
шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде əрбір оқушының 
қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі; 
• оқу жоспарларында міндеттелген жəне таңдап оқитын пəндердің 
үйлесімді қосылуы; 
• оқушылардың танымдық қызығуын арттырып жəне білім алу 
нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы; 
• оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау 
əрекеттерінің ұйымдастырылуы. 
Қазіргі біздің елдің мектептерінде осындай бірталай баптары игерілу 
үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу 
əдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б. 
Балама мектеп идеяларын дəстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің 
негізі дəлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза 
əлеуметтік бағытталған мақсаттан (жас өспірімге мəдени – тарихи тəжіри бені 
жеткізіп, оны қоғамдағы еңбекке дайындау) тұлғалық бағытталған мақсатқа 
(оқушы тұлғасының дамуына жəрдемдесу) ауысуында. 


Осының барлығын іске асыру үшін кəсіби шеберлігін шыңдауға 
шаршамайтын, ұсаздықпен жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни 
демократиялық əулеті жете дамыған мұғалім қажет. « Бала ұрпақты баулу, 
тəрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уəзипа» - 
деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, əрбір еремек адамның сана – сезіміне 
салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет