Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет23/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №11
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім берудің əдіснамалық негіздері. 
Дәріс жоспары
1.Биологиялық білім беру проблемаларын зерттеу əдіснамасы. Биологияны 
оқыту мен тəрбие теориясының теориялық жəне əдістемелік проблемаларын 
зерттеу саласындағы əдіснаманың міндеттері: ғылым құрылымын зерделеу, 
ғылыми білімді дамыту, ғылыми зерттеудің құралдары мен əдістерін, 
нəтижелерін дəлелдеу тəсілдерін белгілеу.
2.Әдіснама қызметтері. 
Дәріс мазмұны
Биология пəнінен оқытудың əдістері жəне олардың жүйеленуі. Оқыту 
əдістері жəне жүйеленуі. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, 
оқушыларға білім мен тəрбие беру үшін, пəннің мазмұны мен құрылымы жəне 
сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан 
басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту əдістерінің үлкен маңызы бар. 
Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, 
оқыту əдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тəрбие 
қалыптастыруға болады.
1963 жылғы философиялық сөздікте “ метод” немесе “əдіс” дегенімізді 
белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тəсілі, реттелген іс- əрекет деп 
түсіндірілген. Демек “іс əрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын 
болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тəрбиелеу жолындағы мұғалімнің 
алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тəсілдері деп 
қарастырамыз. Қорыта келгенде, оқыту əдісі дегеніміз – мұғалім нің 
оқушыларға білім мен тəрбие беру тəсілдері жəне оқушылардың білімді 
қабылдау барысындағы іс əрекеттері – деп айтуға болады. Екі жақты бір – 
бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын əрекеттер 
жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу 
бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.
Биология пəн ретінде оқыту барысында алуан түрлі əдістер мен 
тəсілдердің қалыптасқаны белгілі жəне олардың кейбір ерекшеліктеріне 
байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- əрекеттің сипаты.
2.Мұғалімнің білім берудегі іс - əрекетінің сипаты.
3.Білім алу көзі. 
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дəстүрлі 
сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің 
негізгі классикалық əдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік əдіс, көрнекілік жəне 
əдіс жəне практикалық əдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа 
əдістері де оқу – тəрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық жəне 
алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп 
көрсетуге болады.


Биология оқыту әдістері
Сөздік 
Көрнекілік 
Практикалық
Оқулық 
пен 
жұмыс
Техникалық 
құралдармен 
жұмыс 
1.
Сұрақ- 
жауап
2.
Әңгімелеу 
3.
Түсіндіру 
4.
Дəріс
5.
Нұсқау беру 
6.
Пікірталас 
т.б. 
Бейнелеу 
көрнекіліктерін 
демонстрацияла
у, тірі табиғи 
объектілер, 
тəжрибелер, 
кинофильмдер, 
таблитца сызба- 
нұсқалар арқылы 
білім беру 
Объектілерді 
танып білу, 
өз бетінше 
тəжрибе 
жүргізу, 
эксперимент 
қою, оқу 
өндірістік 
еңбек т.б. 
Оқулыққа 
шолужасау
, қарап 
шығу , оқу, 
зерттеу, 
мазмұндау, 
конспект, 
реферат 
жазу. 
Компютерме
н жұмыс 
жасау, 
техникалық 
құралдармен 
жаттығу, 
көру, 
зерттеу, 
қортындылау 
т.б. 
Әр əдістің өзіне тəн қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік əдістері қолдануда 
оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім 
əңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, Дəріс түрінде білім береді, ал оқушылардың 
іс- əрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе 
жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, 
бекітеді.
Көрнекілік əдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады 
да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды 
көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой 
елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл 
жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып 
есептелінеді.
Практикалық əдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін жəне 
орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың 
алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.
Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с 
жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс 
алуан түрлі əдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір 
əдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа 
қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тəхрибелер, 
практикалық жұмыстар жасайды.
Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау 
деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың 
танымдық іс - əрекеттерін дамыту үшін олардың жауап əрекеттеріне сараптама 
жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет