Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет26/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 
Ұсынылған әдебиеттер
1.
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту əдістемесі. Жалпы бөлім: дəріс 
курсы. Алматы, 2010. 
2.
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. Қарағанды, 2006. 


3.
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы. 
Алматы, 1977. 
4.
Никишов А.И.Теория и методика обучения биологии. М., 2007. 
5.
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.- 3-
е изд. –М., 1976. 
6.
Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- 
Мн., 2004. 


Дәріс №13 
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім беру қызметтері: мəдениет қалыптастыру, 
ізгілендіру, адамгершілік-тəрбиелік, дамытушылық, дүниетанымдық, 
экологиялық жəне кəсіби бағдар беру. 
Дәріс мазмұны
Тəрбиелеу дегеннің мəнісі не? 
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тəрізді»-дейді халқымыз. 
Жерге отырғызған жас көшет та қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, 
саялы ағаш болып үлкейгенше мəпелеп күтіп, үзбей тəрбиелеуді керек етеді. 
Тəрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тəн қасиет. Тəрбие 
жеке тұлғаның санасына, мнез-құлқының дұрыс қалыптасуына əсер ететін құрал. 
Тəрбие - халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық тəжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-
қатынасын, өмірге көзқарасын жəне соған сай мінез-құлқын қалыптастыру 
құралы. 
Сонымен қатар тəрбие – адамдарды қоғамда еңбекке жəне басқа да 
пайдалы əрекеттерді орындауға, көптеген əлеуметік қызметтерді атқаруға 
дайындаудың табиғи заңдылық процессі. 
Олай болса, тəрбие көптің ісі. Тəрбие мəселесімен қоғамдық ұйымдар, 
мекемелер жəне жұртшылық болыпайналысқан жағдайда ғана ол нəтижелі 
болмақ. Соған сай тəрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, 
бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат жəне əлеуметтік ортаның, мектеп пен 
ата- аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде 
ықпалы, өзара əрекетінің нəтижесі ретінде қараған жөн. Сондықтан да тəрбиенің 
мәнісі , 
біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты 
қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін 
қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету. 
Олай болса 
тәрбие процесі
деп – қоғамның талап – тілектеріне сай əрбір 
жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез – құлық 
ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тəрбиешілердің мен 
тəрбиеленушілердің өзара бірлескен əрекетін айтамыз.
Әр халықтың тəлім-тəрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мəдениеттің бір бөлігі. 
Ертеңгі күндегі қоғам мүшесі өз ұлтының рухани байлығын, ізгі қасиеттерін 
бойына сіңірген, жоғары мəдениетті адамды тəрбиелеудің негізі – халықтық 
тəлім – тəрбие. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық 
тəжірибесі, тəрбиелік мəні зор əдет – ғұрпы, салт-дəстүрі, ауыз əдебиеті, өнері, 
жас ұрпақтың ұлттық сана- сезімін оятып, қалыптастырады.
Ұлттық 
сана-
сезім адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сана – сезіммен 
ана тілін білу де, жері мен елінің тарихына зер салу да, төл мəдениетін игеру де 
туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет