Дәріс №1 Тақырыбы


Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет27/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі. 
Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет – ғылыми дүниетанымды
қалыптастыру. Дүниетаным - əлемге жəне адамға деген жалпы көзқарастардың , 
адам мен əлем (дүние) қарым-қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі. 


Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын , арман-мұраттары мен 
сенімдерін, мүдделері мен құндылықтарын анықтайды. Айналып келгенде ол
(дүниетаным) адамдардың жүріс-тұрыс бағытын қамтамасыз етеді. А. Швейцер 
«Дүниетанымсыз өмір – жоғарғы сезімді бағыт-бағдардың патологиялық 
ауытқуы болып табылады» деген екен.
Дүниетаным – жеке тұлғаның немесе əлеуметтік топетың идеялық бағыт-
бағдары жəне жетекшісі. Кең ұғымдағы дүниетаным əдіснама жəне ғылыми əлем 
бейнесін береді.
Мектеп оқушыларының ғылыми дүние-танымын қалыптастыру өмір-
тұрмыс жағдайының ықпалында, ғылыми білімді игеру үрдісінде жəне тəрбие 
жұмыстарының нəтижесінде жүзеге асады. Осыдан оқушылардың айналадағы 
орта жөнінде, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы ғылыми 
көзқарасы қалыптасады. Бұл тұрғыда жаратылыстану, оның ішінде биология 
пəндерінің рөлі орасан зор. 
Дүниетану пəнін оқығаннан бастап балалар табиғат құбылыстарының 
өзара байланысын, олардың пайда болу жəне даму себептерін түсініп, 
биологияны оқыған кезден бастап табиғатта болып жатқан өзгерістердің , 
дамудың себептерін бірте-бірте ұғына бастайды, табиғат заңдарын меңгеру 
арқылы өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының дамуындағы эволюциялық 
заңдылықтарды түсініп, табиғатта адамның өзі кейіннен пайда бьолғанын оның 
да табиғаттың перзенті екендігін түйсіне бастайды.
Пəн ұстаздарының оқушыларға ғылыми дүниетанымдық тəрбие беруге 
байланысты жұмыстары биолгияның барлық курсы бойынша жүйелі жүргізілуі 
тиіс. Биология курсының мазмұны оқушылардың санасына дүниетанмның дұрыс 
негіздерін сіңіруге олар үшін жеткілікті деңгейде ғылыми көзқарастар мен 
наным-сенім қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Барлық мектептерде ғылыми дүниетанымның негіздерін қалыптасыру 
төменгі сыныптардың өзінде- ақ басталыпм барлық оқу пəндерін одан əрі оқып
үйрену үрдісінде тереңдетіледі. Бастауыш сыныптардың оқушылары дүниетану 
жіне табиғаттану сабақтарын оқу барысында тірі табиғат мүйісіндегі жəне 
мектеп жанындағы оқу тəжірибе жұмыстары кезінде, танымжорықтарында, 
саяхаттарында жəне басқа жағдайларында қарапайым жағдайларында ғылыми 
мəліметтер алады. Бастауыш сыныпта табиғатты оқып үйреніу оқушылардың 
əлем жəне табиғат туралы ғылыми түсінігінің қалыптасуы үшін кең 
мүмкіндіктер ашады. Мұғалім жүйелі түрде анық мысалдар арқылы табиғаттағы 
барлық нəрсе дамуда, қозғалыста болатынына оқушылардың көздерін жеткізеді. 
Мысалы, судың буға айналатынын, граниттердің мүжілетінін, өсімдіктер мен 
жануарлардың көбейіп, өсіп дамитынын түсіндіреді.
Дүниетанымның теориялық ядросын – философия. Философиялық 
білімнің жүйесі төрт топтық (төрт топқа жататын) проблемалардан тұрады. 
(«филлософиялық квадрат»-болмыш жөніндегі ілім : таным жөніндегі ілім: 
практика жөніндегі ілім: құндылық жөніндегі ілім.) Дүниетанымның негізі 
ретінде философияның барлық қырлары (жайлары), салалары бір-бірімен тығыз 
байланыста жəне бір-біріне кірігіп жатады.
Дүниетаным философиялық негізінің сипатына қарай ғылыми жəне діни 
болуы мүмкін. Ғылыми философия жекелеген пəндерді ауыстырмайды, 


керісінше оларды ойлау теориясымен жəне таным əдістерімен қаруландырады, 
ғылыми танымда негізі болып табылады. Философияны ғылымен біріктіретін ол, 
білімді теориялық формада құруға деген, өз тұжырымдарын логикалық 
дəлелдеуге деген талап.
Қазіргі таңда дінге сенуге ешкімге тыйым жоқ. Осы кездерде биология 
жəне экология пəндерін оқытуда ұстаздан жоғары биологиялық білім, жалпы 
жан-жақтылық талап етіледі. Ұстаз діни ұстанымдарда,түсініктер мен 
дəлелдердің білімде қандай жағдай да екенін көрсетуі керек.
Қазір қоғамдық өмір саласында діннің, оның адам əлеміне, этикалық 
проблемаларға байланысты оң қызметтері (ықпалы) бар екендігі мойындалған. 
Ғылым қоғамдық өмір саласы ретінде діни дүниетанымға да əсер етеді. Дін тек 
қана дүниетаным емес, ол практика, жəне этикалық ,эстетикалық, эмоционалдық 
факторлардың жиынтығы. Діни идеяларда (ой-пікірлерде), оқытуларда, 
түсініктерде, 
дəлелдерде, 
сылтау-ақталуларда 
сол 
дінге 
сенушілер 
дүниетанымның негізгі сұрақтарына жауаптар іздейді, мысалы мына сұрақтарға: 
Дүниенің негізі не болып саналады? Өмірдің мəні неде? «Маңдайға » не 
жазылған? Діни тұрғыда шындықтың (кескіні) көрінісі – жай сипаттамлы, 
қарапайым-бейнелі боғандықтан ғылыми – теориялылыққа қарағанда түсінікті 
сөз (қарапайым) болып тартымды болады да идеялистік танымды меңгеру мен 
жіберуді жеңілдетеді (идеализм – жан, сана, ой-пікір бірінші ол эмпирикалық 
шындық, материя, екінші, оның туындысы).
Ғылыми дүниетаным ғылыми білім жүйесіне негізделіп танымның 
логикалық- саналы тəсілдеріне арқа сүйейді, теориялылығымен сипатталады да 
ғылыми категориялар мен дəлелдерді кеңінен пайдаланады.
Дүниетанымның өзіндік ерекшелік «клеткасы» (жасушасы) – көзқарас 
Біліммен көз жеткізудің біртұтастығы – көзқарас болып табылады.
Биология дүниетаныммен көптеген байланыс жолдары (каналы) арқылы 
арақатынаста болады. Биологиялық шындықтың көрінісі (бейнесі) ғылыми əлем 
бейнесінің негізгі бір құрам бөлігі, ол дүниетанмның фундаменталдық (негіздік) 
мəселелерін, мысалы, өмір, тіршілік дегеніміз не? Адам қайдан шыққан ? Оның 
өмірінің маңызы, мақсаты неде? Адамның табиғаттағы биологиялық жəне 
əлеуметтік арақатынасы, байланысы қандай? – деген мəселерді талдауға 
материал береді. Онда адамгершліктің, өнердің, діннің қайнар көзі қандай? Адам 
əрекетінің табиғатқа əсері қандай ? Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап 
қалуға болады? Деген сияқты да мəселелерге материал беріледі. 
Дүниетанымды қалыптастыру – адамның бүкіл өмірі бойында жүзеге 
асырылатын күрделі үрдіс, əсіресе ол мектеп кезеңінде, ғылым негідерін жүйелі 
игеру кезінде жəне қоғамдық өмір тəжірибесін меңгеру шағында қарқынды 
жүреді. Осы кезде дүниетанымның қалануы бірінші кезекте, мектептегі 
оқылатын пəндердің мазмұнымен анықталады. 
Табиғат 
жөнінде 
негізі, 
жетекші 
пəн 
ретінде 
дүниетанымды 
қалыптастыруда биологияның рөлі аса зор, онымен қоса оны оқыту əдістері, 
түрлерімен құралдары да оқушыларыдң материалистік дүниетанымнын 
қалыптасыруды жүзеге асыруға бағытталған.
Алғаш рет биология пəнін оқуға кіріскен 6 сыныптың «Биология» 
оқулығында («Атамұра» баспасы,2002) берілген білім құрамы күрделі, онда тірі 


ағзаларды біртұтастықта қарау негізінде жазылған, балаларда өсімдіктер жəне 
жануарлар ағзалары жөнінде дүниетаным қалыптастыру қарастырылған.
Биологияны оқытуда дүниетанымды дамытуға ықпал ететін тіршілік 
қалпының көптүрлілігі жөніндегі деректік материал, жалпы биологиялық 
заңдылықтар, олардың себеп – салдарлық байланыстары. Осы жалпы 
биологиялық түсініктер мен ұғымдар мектеп биологиясының барлық курстарына 
түсінікті түрде енгізілген.
Табиғат құбылыстарын дамуда , қозғалыста оқу кезінде , ағзалардың
құрылысын олардың атқаратын қызметтері мен байланысын қарастырғанда
ұстаз осы құбылыстардың материалистік мəнін ашуға, оны дəлелдеуге ұмтылу 
керек. Өсімдіктердің жіне жануарлардың мекен ету ортасында бейімделгіштігі
жөнінде айтқанда оның салыстырмалы екендігін көрсету қажет, оқушылардың
көңілін ондағы себеп – салдарлық байланыстарға аударып, нақты мысалдар мен 
дəлелдеу керек. Бұл аса маңызды. Өйткені ағзалардың бейімделгіштік қасиеттері 
сан алуан, адам таңғаларлықтай, сондықтан ол оқушыларда дұрыс түсінік 
қалыптастырмауы, бір жаратушы күш жөнінде ой қалдыруы мүмкін.
Тіршілк үшін күрес, коэволюция мəселелері, прогресс жəне регресстің 
бірлігі, тіршіліктің үздіксіз болуы, тұқым қуалаушлықпен өзгергіштік, түр 
түзілуі – оқушыларға тірі табиғаттың үрдістерінің күрделілігін, оның 
тамашалығы мен сыртқы факторларға тəуелділігін түсінуге мүмкіндік туғызатын
деректік материалдар. Осындай материалдарды аналитикалық тұрғыда талдау 
оқушыларды табиғат жағдайларының нақты, шын екенін түсінуге дайындайды. 
Осылардың барлығы дүниетанымды тəрбиелеуге себеп болып, оқушы санасында 
біртұтас əлем бейнесін жасауға көмектеседі.
Дүниетанымды қалыптастырудың маңызды элементі – адамгершлік 
көзқарастарды дамыту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет