Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет30/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 
Адамгершілік – 
ол адамның қадірлілік жағын жəне құқығын сыйлау тұлғаның 
сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде қам жеу 
сияқты саналы көзқарастар сияқты жиынтығы, тұлға ретніде əр адамның мəнінің 
тереңдігін көрсетеді. Адамгершлік ұғымы адамға деген құндылық қатынастың
жинақталған барлық түрін береді. Сонымен қатар қазіргі кезде, адамгершлік 
жөніндегі дəстүрлі ұғым табиғи құрамдаспен кеңейтуде. Сондықтан 
«адамгершілік» сөзі тек «адам – адам» қарым-қатынасында ғана 
 
емес, «адам – 
табиғат» қарым-қатынасында да қолданылады.
Адамның танымы, мінез - құлық нормалары мен ережелерінің 
жиынтығын біз адамгершілік деп түсінеміз. 
Адамгершілік мінез құлық нормасына еңбекке деген қатынас патриотизм 
адалдық жатады. Оқушылар бұл қасиеттің барлығын мектептегі мұғалім ұжымы, 
оның ішінде биология мұғалімі арқылы жүзеге асатын тəрбие ықпалы мен 
менгереді. Мұғалім мектеп оқушыларына биология туралы ғылымды оқытып 
қана қоймайды, сонымен бірге оларды сыныптан тыс натуралистік 
жұмыстардың алуашн түрлі формасына тартып, оқу тəжірибе учаскесімен ауыл 
шаруашылығында ғылыми əдістерді қолдана отырып еңбек етуге уйретеді. Осы 
танымдық еңбектің барлығы оқушылардың ғылыми материалистік дүние 
танымына, сондай ақ адамгершілігіне де өте жағымды ықпал жасап,ғ олардың 
ақылы мен эмоциясына да əсерін тигізеді.Мұндай əрекет процесінде ұжым мен 
достық, жолдастық сезімі қалыптасады, ең бастысы еңбекке деген 
сүйіспеншілікпен адал ұтымды, қоғамдық игілік үшін еңбек етуге деген 
мұқтаждық дамиды 


Өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің адамгершілік көзқарастар 
дамытуда өзінің ішкі дүниесін сезіну, сонымен қатар адам құндылығындағы 
оның əлуеметтік жəне биологиялық табиғатының бірлігін сезіну маңызды 
болып табылады. Бұл тұлғаның мəдениетіне жəне руханилылығына тікелей 
қатысты. Материалистік тұрғыдан қарағанда руханилылық – ерекше адамдардың 
материалдық жəне қоғамдық – тарихи практикасын жоғарғы жетістігі.
Қазіргі кезде рухани түсінігі адамгершілік сияқты табиғи - əлеуметтік 
қатынастармен тығыз байланыста қарастырылады.
Руханилылықтың арқасында адам өзін қоршаған табиғаттың бір бөлшегі 
жəне барлық нақты əлемнің бөлшегі ретінде қабылдап сезіне алады. Бұл 
адамзаттың пайда болуының барлық өткен тəжірибесінің жəне адаммен 
табиғаттың байланысын ойланып толғауға, сөйтіп олардың болашақ өзара 
əрекеттесумен дамуының жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылыс. Жан- адамның ой – пікірі, 
рухани байлығы. Рухсыз адам болмайды, адамды рух сипатынан тыс қарау 
мүмкін емес. Үстіртін қарағанда бұлай ойлау материалистік көзқарасқа 
жатпайтын, керісінше идеалистік тұжырым ретінде көрінуі ықтимал. Ол рухпен 
адам қатынасын түсіндіруден туындаған пікір. Ал адамның табиғатына рухты 
қарастырмай ештеңе айта алмаймыз.
Руханилылық – құрылымы күрделі, көрінісі түрлі-түрлі, адамды 
жануарлар дүниесінен ерекшелейтін құбылыс. Рухани байлық (руханилық) 
адамның қаншалықты саналы екенін көрсетеді. Саналы, парасатты, зерделі, 
зиялы адам деген де оның рухани байлығын қаншалықты жоғары дəрежеде 
екенін білдіреміз. Рухани байлық адамның жан дүниесінің байлығын. Жан 
дүние тəнде орналасады. Жан дүниесі бай адамның өмірдің қыр – сырын 
(жақсы-жаманды) дұрыс ажырата алады. Осы ақыл, кемел зерделілігі қазақы 
түсінікте – тектілік. Олай болса жаны саудың дені де сау. Руханилылықтың 
арқасында ол адам өз денсаулығына саналы қарап, оны сақтайды, ауырмайды. 
Сөйтіп жан мен тəн бірлігі адам ағзасын біртұтас құрылым етеді.
ЮНЕСКО - ның 1991 жəне 1993 жылдары Жак Делор бастаған XXІ
ғасырдағы білім жайлы Халықаралық комиссяның қорытындысында «Білім 
берудің этикалық жəне мəдениет аспектілерін қайта қарап, əркімге əлемді 
хауостық қозғалысымен де бір тұтастықта қабылдап, түсінуге мүмкіндік жасау 
керек. Ол үшін білімге толғануға,тəжірибеге жəне өз арасынға негізделген ішкі 
күшін салып, өін-өзі түсінуден бастау керек» деген. Осы айтылған комиссия 
тұжырымдамалырының 
негізі 
адамзаттың 
тіршілікті 
сақтап 
қалуы 
проблемесынан туындаған. өйткені рухани жəне материалды дүние арасындағы 
«мəңгілік қарама-қайшылық» бар. Өмір сүруді үйрену деген ауқымды мəселе 
бəрімізден XXI ғасырда дербестік, жеке бастың жауапкершілігін бағалауға 
қабілеттілікті талап етеді. 
Жақсылық жасау сезімін жəне əсемдік сезімін (эстетика) тəрбиелеу екеуі 
тығыз байланыста. Табиғат нысандарымен қарым-қатынас адамда өнегелік , 
құлықтылық жəне көркемдік сезімін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет