Оқушының ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттері. ҒЗЖ оқушы даярлау бағыттарының негізгі білім беру бағдарламаларының
құрамында, инновациялық қызметтің алуан түрлерін орындауға дайын, жоғары
білікті мамандар қалыптастыру мен тəрбиелеуге көмектеседі.
Оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты болып мыналар
саналады:
– аталған пəндік саладағы теория мен практика үшін зор маңызы бар жаңа
нəтижелер алу;
– ғылыми шығармашылық методологиясын игеру, шығармашылық ұжым
құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу;
– аталған пəндік саладағы обьектілерді (үдерістер, эффектілер, құбылыстар,
құрылғылар, жобалар) зерттеудің теориялық жəне эксперименттік əдістерін
игеру.
Оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеттері болып мыналар
саналады:
– неғұрлым дарынды жəне талантты оқушытарды анықтау, ғылым мен
техниканың өзекті міндеттерін шешу үшін олардың шығармашылық жəне
интеллектуалдық əлеуетін пайдалану;
– оқушылардың ғылыми шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру,
оларға ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу əдістемесі мен тəсілдерін
үйрету;
– оқушыларды ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы мен практикасына оқытуды
ұйымдастыру;
– оқушылардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту, алған
теориялық жəне практикалық білімдерін тереңдету жəне бекіту;