Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет36/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №15 
 
Тақырыбы: 
Биологиялық білім берудің теориялық негіздері. 
 
Дәріс жоспары
1. Биологиялық білім берудің заңдылықтары мен принциптері.
2. Биологиялық білім беру идеялары.
3. Биологияны оқытудың негізгі теориялары. Биологияны дамыта оқыту 
теориясы.
Дәріс мазмұны
1.
 
Биологияның білім берудегі ролі. 
Биология-тіршілік туралы ғылым. Оның атауы екі грек сөздерінің 
үйлесуінен пайда болады: bios (тіршілік,өмір) жəне logos (сөз,ілім). Демек 
тіршілік туралы ілім ... Басқа қалай ғылымның осындай ғаламдық атауы бар?.. 
Адам биологияны оқып біле отырып,өзін жеке адам, белгілі бір популяцияның 
мүшесі, Homo sapiens түрінің өкілі, сондай-ақ кəдімгі сүтқоректі ретінде танып 
біледі, өзін белгі бір экожүйенің элементі мен биосфераның ажырамас бөлігі 
ретінде сезіне алады. Өз денесінің құрылысы, əрбір клетка мен мүше қызметі 
негізінде жататын принциптер мен қасиеттер жөнінде ойланған ол, бəрібір өзін 
жеке адам ретінде сезінбей қоймаиды: біртұтас жүйенің қасиеті оны құрайтын 
бөліктері қасиеттерінің жай ғана қосындысы болып табылмайды.
Жер бетіндегі тірі табиғат организмдердің ғажап алуан түрлі формаларынан 
жəне көптеген түрлерінен тұрады. Қазіргі кезде біздің ғаламшарымызда 
мекендейтін өсімдіктердің шамамен 350 мың, жануарлардың 1,5 млн-нан астам 
жəне саңырауқұлақтар мен прокариоттардың көптеген түрлері белгілі. Ғалымдар 
қазіргі заман жағдайында тіршілік ететін, сондай-ақ өткен геологиалық 
кезеңдерде жойылып кеткен, бұрын белгісіз болған түрлерді үнемі тауып, оларға 
сипаттама беріп отырады.
Тірі организмдердің жалпы қасиеттерін ашу мен олардың алуан түрлі 
болуының себептерін түсіндіру, организм құрылысы мен қоршаған орта 
жағдайларының арасындағы байланыстарды анықтау биологияның негізі 
міндеттеріне жатады. Бұл ғылымда Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен 
даму заңдарының эволюцилық ілімі жөніндегі сұрақтарға аса назар аударылады. 
Бұл заңдарды түсіну ғылыми дүниетанымдық көзқарвастың негізі болып 
табылады жəне практикалық мəлелерді шешуге көмектеседі.
Биология зерттеу пəні бойынша жекелеген ғылымдарға бөлінеді. 
Мысалы, микробиология бактериялар əлемін зерттейді; ботаника өсімдіктер 
патшалығы өкілдерінің құрылысы мен тіршілік əрекетін; ал зоология жануар 
патшалығын зерттейді жəне т.б. Сонымен қатар тірі организмдерін жалпы 
қасиеттерін зерттейтін биология салалары дамып келеді: генетика-белгілердің 
тұқым қуалау заңдылықтарын, биохимия-органикалық молекулалардың өзгеру 
жолдарын, экология-популяциялардың қоршағн ортамен өзара қарым-
қатынастарын. Тірі организмдердің функцияларын физиология зерттейді. 


Тірі материяның құрылымдық деңгейінесəйкес мына ғылыми пəндер 
бөлініп шықты: молекулалық биология, цитология-клетка туралы ілім, 
гистология-ұлпалар туралы ілім жəне т.б.
Биология заңдарын білмеу немесе мойындамау ауыр зардаптарға əкеледі. 
Биосфераның ғаламдық ластануы табиғатта орнаған тепе- теңдікті бұзып көп 
организмдерге өлім қаупін тудырып отыр. Азаматтың денсаулығы биосфераның 
жағдайына тікелей тəуелді. Сондықтан да қазіргі заманғы қоғам экологиялық 
тұрғыда ойлау қажет.
Қазіргі заманғы өнеркəсіптік өндірісте тірі организмдер, биологиялық 
жүйелер мен процестерді пайдалану ауқымы артуда. Ферметтер, витаминдер мен 
антибиотиктердің микробиологиялық синтезі дамып келеді. Гендңік жəне 
клеткалық инженерияның əдістері арқылы биологиялық белсенді заттар 
алынуда. Гендік терапия əдістері мен клеткалық технологиялар, сондай-ақ діңгек 
клеткаларды қолдану тұқым қуалайтын аурулармен науқас адамдарды емдеп, 
жазуға мүмкіндік туғызады. 
Қазіргі замандағы биотехнологияларды жасау, экологиялық мəселелерді 
шешу, адам денсаулығы мен өмірінің ұзақтығын арттыру арттыру мəселелері 
Жер тұрғындарының əр қайсына қатысты. 
Бүгінгі таңда жалпы даму деңгейінің жоғары болуының биологияны іс 
жүзінде өндіргіш күшке айналдырып отыр. Ал биологиялық теориалық жəне 
қолданбалы зертеулер деңгеиіне қарап, қоғамның материалдық –техникалық 
дамуын бағалауға болады.
Кез келген ғылым сияқты биология да бүкіл адамзаттың біліміне 
сүйенеді.Сендердің блімдерің, өмірлерің қалай болғанда да осы кермет ғылымға 
байланысты. 
Әрбір ұстаз биология ілімнің терең сырын, маңызын, қоғамдағы, өмірдегі 
жəне əрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, 
жаңа жас үрпақты тəрбиелей алады. Сондықтан биология пəнінің мұғалімі-осы 
білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. 
Мұғалімдік мамандықты игеру үшін жан-жақты білім, іскерлік, төзімділік, 
ұстамдылық т.б. қасиеттері мол тұлға болуы тиіс. 
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресстің дамуы адамзат пен оны 
қоршаған ортаның арасындағы қарама-қайшылықтардың зардабы оның 
денсаулығына, тіршілік жағдайына қатер туғызып отырғандығы баршаға мəлім. 
Өндіріс қалдықтары мен көлік ауаны, суды уландырудың нөтижесінде СО
2
концентрациясы көбейіп, О
2
мөлшері азайып, тірі организмдерге кері əсерін 
тигізіп отыр. Табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану, ормандардың 
көлемінің азаюы, өзен, көлдердің тартылуы, шөлдер мен шөлейттердің көбеюі 
биосфераға қауіп туғызады. Қазақстан Республикасындағы Арал теңізінің 
тартылуы, Балхаш, Каспий басқа да өзендер мен көлдердің шөгуі мысал бола 
алады. Биология ғылымы даралардың құрылысы мен қызметін, популяция мен 
түрдің, биоценозбен биосферадағы, тіршіліктегі тірі ағзалардың даму 
формаларын жəне оған тəн құбылыстар мен заңдылықтарды, даралар-дың жеке 
дамуы мен ағзадан жоғары жүйелердің эволюциялық тарихи даму жолдарын 
жəне оған адамның тагізетін өсерін зерттейтін ғылым. Сондықтан да осы 
мазмұнына əсерін тигізіп отырады. 


Биология курсын жүйелі оқу-үйрену барысында оқушылады қоршаған 
əлемнің материалдылығы жəне оны танып білуге болатыны туралы ұғым, 
наным-сенім қалыптастыруда биологиялық бақылаулар, тəжірибелер ерекше 
орын алады. 
Қазіргі таңда табиғатты қорғау мəселелері бүкіл əлемдік масштабта. 
Сондықтан биологиялық білім əрбір азамат, мемлекет, адамзат үшін ауадай 
қажетгіліктің бірі. 
ХХІ-ғасыр биология ғасыры демекші, биология ғылымдарының жетістіктері 
тіршіліктің сан-алуан салаларында қолданылуда. Ауыл шаруашылығында, 
өнеркəсіпте, өндірісте, медицинада, космостық биологияда. т.б. Ал 
жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тəрбиесінің сан алуан жақтарын 
қамтуда биологиялық білімнің мəні зор.
 
Жалпы білім беруде «Биология» пəнінің алтын өз орыны бар табиғат 
заңдылықтарын, дүниенің ғылыми бейнесін түсініп, адам өз іс əрекеттерінде 
тиімді 
пайдалнуында, 
табиғатпен 
өзара 
қарым-қатынасын 
дұрыс 
қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. 
Биологиялық білім мазмұны тіршіліктің құндылығын, экологиаялық 
мəселелердің маңыздылығын, гентикалық сауаттылығын оқытудың практикалық 
бағытын арттырады, салауатты өмір сүрудің қажеттілігін терең сезініп, 
қабылдауына мүмкіндік береді. 
Мектептегі биология даму болашағы оқу материялының мазмұнына қазіргі 
биология ғылымының жетістіктері мен даму бағыттарын енгізумен байланысты. 
Олар: 
-
тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгеркіштігінің 
генетикалық негіздерін молекулалық жəне жасушалық дегейде зеттеу 
саласынбағы жетістіктер; 
-
өзекті экологиалық мəселелер; 
-
медициналық генетика, молекулярлық биология жəне генетика, 
-
биотехнология, гендік инженерия, космостық биолгия, биосистематика, 
өсімдік пен мал шаруашылығы, фармакология салаларындағы жетістіктер. 
«Биология» орта мектептің базалық оқу жоспарына оның мемлекеттік 
компоненті «Жаратылыстану» саласын құрушы пəндердің бірі ретінде енеді. 
Оқушылардың биологиялық қарапайым түсінік-ұғымдармен танысуы бастауыш 
мектептегі «Дүниетану» пəнінен басталады. Бұл танысу пропедевтикалық 
сипатта болады. 
Биология курсында тірі жүйелер құрылымдық-қызметтік (молекулалық 
деңгейден биосфераға дейін) жүйелілік-құрылымдық жəне экологиялық-
эволюциялық тұрғыдан қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет