Ұғымдарды дамыту
- білімді бірте-бірте толықтыру, ұғым мазмұнын
кеңейту, тереңдету болып табылады.
Биология курсы логикалық ретпен дамып отыратын жəне өзара
байланысты болатын ұғымдар жүйесі. бағдарлама мазмұнына, тақырыптардың
логикалық тізбектестігіне байланысты. Бір тақырыпта қарастырылатын
арнайы
ұғымдар
əрі қарай дамытылып, басқа ұғымдармен байланыстырылуы керек.
Ұғымдарды дамытудың əртүрлі типтері бар: үздіксіз, ауық-ауық. Биологиялық
ұғымдарды қалыптастыру жəне дамыту сатыланған түрде жүзеге асырылады.
Жалпы биологиялық ұғымдарға
: ағзалардың жасушалық құрылысы,
мүшелердің қызметі, ағзадағы зат алмасу, энергия айналымы, көбею,
органикалық дүниенің дамуы т.б.
Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып, көп күш жұмсап, үнемі
мақсатты бағытталған түрде əр түрлі əдіс-тəсілдер пайдалану арқылы
шығармашылықпен еңбек етуі керек.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне
араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты
ұғымдарды ажыратып, оларды тақырыптан тақырыпқа, курстан курсқа қарай
өтуін бақылап отырған дұрыс. Мысалы, жасуша туралы ұғым алтыншы
сыныптың оқу курсының барлық тақырыптары арқылы өтеді. Алғашқы
тақырыпта жапырықтың қарапайым құрылысымен танысады. Кейінгі
тақырыптарда күрделі де маңызды мағлұматтар ала бастайды.
Оқу материалын баяндау, қорытындылау, анықтау, жіктеу, қайталау,
тапсырма жəне сұрақ беру ұғымның дамуына үлкен септігін тигізеді.
Оқытылатын құбылыс не зат туралы анық түсінік болғанда, яғни тікелей
қабылдау, көру, бақылау болғанда ғана биологиялық ұғым дұрыс қабылданады.
Ұстаз үнемі оқушы ойын қозғлысқа келтіріп отыруы тиіс. «Адамның ойлануы,
бірдеңені түсінгісі келгеннен басталады.» (С.Л. Рубенштейн). Сабақ басталғанда,
тақырып алдында оқушыларға проблемалық сұрақ қойған дұрыс. Сабақ
барысында ұстаз құбылыстар арасындағы байланыстардың себебін, салдарын
анықтайды. Ол материалдан бастысын бөліп алып,оған қосымша деректерді
бағындырады. материалды талдауға оқушыларды тартады. Ұғымдарды дамыту
үшін мұғалім жаңа материалды түсіндіру барысында пəн аралық байланысты
қалыптастырудың маңызы зор. Мысалы, «Тыңайтқыштар» тақырыбындағы
ұғымдарды қалыптастыруды қарастырайық. Тақырыпқа байланысты география
пəнінен нені білетіндерін (топырақ типтетір т.б.) сұрау керек. Өсімдік үшін
шешуші фактор топырақта судың болуы. Топырақ түйіршіктері өз беттерінде
жəне пораларында суды ұстайды. неғұрлым түйіршіктер ұсақ болса, соғұрлым
суды өзінде көбірек ұстайды. «Жақсы-жаман» деген ойын түрінде сазды жəне
құмдақ топырақтар қасиетін салыстырамыз. Сазды топырақ көптеген ұсақ
түйіршіктерден құралғандықтан ылғалды жақсы ұстайды. Бұл-
жақсы.
Ал
өсімдік үшін бұл жақсылық зиянды, өйткені осы топырақ түйіршіктерімен су өте
жақсы ұсталғандықтан, тамырдың оны пайдалануы қиын. Бұл-
жаман.
Құмдақ
топырақ керісінше бұған қарама-қарсы қасиеттерімен белгілі.
Сұрақ: Практикада осы екі түрлі топырақтың кемшіліктерін болдырмай,
артықшылықтарын қалай біріктіруге болады?
1.Ұсыныс: екі топырақты араластырса қарама-қайшылық шешіледі.
2. Ұсыныс: топыраққа суды жақсы ұстап, керек кезінде босата алатын
губка тəрізді бірдеңе қосу керек. Ол ағаш үгіндісі (опилка), торф, қарашірік,
шіріген жапырақтар, көң т.б. болуы мүмкін. Екінші ұсыныстың артықшылығы
ескеріледі.себебі бұл кезде топырақ қасиеттерінің жақсаруынан басқааталған
қоспалар шіру кезінде минералды заттар түзіледі, осы кезде өсімдіктердің
дамуына қажетті жылу бөлінеді. Осымен біз «органикалық тыңайтқыш» деген
ұғым бердік. Сұрақ: органикалық тыңайтқыштар бірнеше жылдар бойы ыдырап
шіриді, ал өсімдіктер минералды заттарды үнемі қажет етеді.
Ұсыныс: бұл қарама-қайшылықты топыраққа минералды заттарды дайын
күйінде қосу арқылы шешуге болады. «Минералды тыңайтқыш ұғымы беріледі».
Қарсы: минералды тыңайтқыштар жылу бермейді жəне топырақтан оңай
шайылып кетеді. Органикалық тыңайтқыштар шіруі барысында минералды
тұздардың бөлінуі баяу жүреді де, өсімдіктер тұздармен қамтамасыз етіледі.
Ендеше органикалық тыңайтқыштардың кемшілігінің өзі минералды
тыңайтқыштар алдында ілгері болып тұр. Сабақ соңында топыраққа
органикалық, əрі минералдық тыңайтқыштарды бірге қосу керектігі жайлы
тұжырым жасалады.Осындай сабақтар барысында ұғымдар дəлелдеу
нəтижесінде алынады жəне дамытылады. бақа пəндерден алған білімдер
арасында байланыс туады.
Биология сабақтарында талдаушы жауапты талап ететін сұрақтарды қою
тəртіпке айналған жөн. Мысалы, «Жапырақ қабығының құрылысы қандай?»
деген сұрақтың орнына «Жапырақ қабығының құрылысы жəне атқаратын ролі
қандай?» деген сұрақ дұрыс болар. Осы сұрақтың жауабы оқушыдан ұлпаның
құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты табуды талап етеді.
Оған жауап та мағыналы болады. «Жапырақ қабығы бір –біріне тығыз жанасқан
жасушалардан тұрады, сондықтан жапырақ ішіне ұсақ тозаң мен ұсақ
ағзалардың келіп түсуінен, аурудан сақтайды.ал оның жасушаларының түссіз,
мөлдір болуы күн жарығын бөгемей хлорофилдерге өткізеді.
Сызбанұсқалар құру, бейнелерді салыстыру, талдау, қайталау- ұғымдарды
дамытатын сұрақтар жүйесін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |