Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет95/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №28 
 
Тақырыбы: 
Педагогикалық технологиялардың деңгейлері. 
 
Дәріс жоспары
1.
Бағдарламалап оқыту технологиялары.
2.
Биологияны дербес саралап окытуды ұымдастыру технологиялары.
3.
Биологияны жеке тұлғаға бағыттап окыту технологиялары.
 
Дәріс мазмұны
Саралап оқыту. 
 
Өткен ғасырдың 30 – жылдарында Америкада, ал 60 – 
жылдары білім беру мен оқытудың аралау үрдісі кеңінен етек алғаны мəлім. 
Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріне де келіп жетті. Бүкіл əлем 
мектептерін даралап, саралап алмайтынымыз анық.
 
Оқушылардың бейімділігін, қызығумен, үлгерімін анықтай отырып оқыту, 
яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына жұмыстар істелуде. 
Саралау – оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кəсіби бағдары мен өз 
ішіндегі ағымына жəне сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде, саралап 
оқытуда қарама – қайшылық та кездеседі. 
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, 
талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті
мəселеге əлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра оқыту, яғни
үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау.
Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік
бағдарламамен оқыту. 
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры: 
• Мектептік оқулықтарға; 
• əдістемелік оқу құралдарына; 
• ұстаздардың білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне; 
• шəкірттердің даярлықтарына, талаптарына; 
• оқыту əдістемесінің жүзееге асырылуына байланысты. 
Мектептерде үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, 
бағдарын дамытуда саралай оқыту - бүгінгі күннің алға қойған міндетін
шешудің негізгі жолы. Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады: 
• дайындық кезең; 
• негізгі кезең. 
Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі – шəкірттер ішінен 
талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге
құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру. 
Негізіг кезең - 
оқушыны ынталандыратын пəндерді айқындап, ондағы
оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде жарияланған
бағдарламалар ішінен оқушы талғамына сай келетін түрін таңдап алу қажет. 
Таңдап алынған бағдарламаға сай əрбір пəндерге бөлінетін сағат пайдалы 
əсер коэффициенті жоғары дəрежеге жеткізе еңбек етуді мықтап ойластырған 
жөн. Бұл арада мұғалім оқулықтар, оқу құралдары, зертхана, кабинет 


жабдықтарын кеңінен пайдаланып, уақытпен санаспай, шəкірт уақытын аялап, 
жалқпай, жауапкершілікпен еңбектенсе ғана көздеген мақсат жүзеге асады. 
Дифференциалды оқытудың жүзеге асыру үшін жүйелі түрде шəкірттерге 
күрделілігі əр түрлі жұмыстарды есептеуге беріп, оған қайтарылған 
жауаптарына назар аударуы, нəтижелерін арнаулы күнделік дəптерге жазу, басқа 
пəн мұғалімдерімен пікір алысып, оқушының өзімен сырласуы, ата – ананы 
одақтас етіп, ынтымақтастықты арттыру істің нəтижелі болуына мүмкіндік 
жасайды. Талантты, талантты шəкірттерге қосымша тапсырма беру, əдебиеттер, 
есептер жинағын, оқу құралдарын ұсыну,сонымен бірге талап – тілектеріне сай 
қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ – тəжірибелер жасау, жаппай жасалатын 
зертханалық жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін 
тəжірибелерді жасауда жəрдемдесу, біріге еңбек ету – дифференциалды 
оқытудың маңызды міндеті. Сондай – ақ сыныптан тыс жұмыстарда пəндік 
апталықтар өткізуде негізгі көмекшілер тағайындауға, жалпы басшылықты 
талапты, ұйымдастыру қабілеттері бар жас жеткіншектерге беріп, оларға тек 
бақылау жасау, қажетті кезеңдерге ғана ақыл – кеңес беріп, үйрету назардан тыс 
қалмағаны жөн. Мұғалім оқушыларға көптеген тамаша кештерден ең
қызықтысын іріктеп алудың тəсілдерін үйретуі тиіс. 
Оқыту – тəрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында əрбір тоқсанда оқу 
үлгерімдеріне сай кейбір шəкірттерді тереңдетіліп оқытатын курсқа ауыстыру 
мүмкіндіктерін қарастырудың шəкірттердің еңбектерінің лайықты бағаға ие 
болуын ойластырып, оларды жүзеге асырудың берері аз болмаса керек. 
Дифференциалды оқытуда талдап – жинақтай баяндау элементтерін 
пайдалану, ұқсастықтар, қорытындылаулар, нақтылаулар, модельдеу жəне ой 
елегінен 
өткізулер 
арқылы 
өздігінен 
білімдерін 
жетілдірулер, 
оқу 
материалдарын қысқаша конспектілеу, тірек конспектілер жасау, негізгілерін 
ықшамдап жазу, келесі мəселелер ұстанымын пайдалану табысқа жеткізетінін
ескеру нəтижесінде шəкірттерді сенімді көмекші ете білу мен табыс көзі болып 
саналады. Дарынды шəкірттерді даралауда дифференциалды оқытуға аса назар 
аудару - болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет