Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет92/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №27
 
Тақырыбы: 
Биологияны оқытудың технологиялық негіздері. 
 
Дәріс жоспары
1.Технологияландыру биологиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі.
2.«Педагогикалық технология» ұғымы. «Оқыту əдістемесі» мен «оқыту 
технологиясы» ұғымдарының арақатынасы.
3.Биология курсын оқытудағы педагогикалық технологиялар. 
Дәріс мазмұны
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының 
білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы реформаларға сəйкес 
жоғары мектептің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технология- ларды 
енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптары- нан 
туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. 
«Технология» латынның «техне» - өнер, шеберлік, қолөнер жəне «логос» - 
ғылым деген сөзінен шыққан. 1960 -1970 жылдардан бастап педагогика ғы- 
лымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. 
Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды: 
-
педагогикалық технология – мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағ- 
дарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бү- 
тіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпа- рат 
туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі 
(С.Сполдинг); 
-
педагогикалық технология – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір 
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қол 
данылатын əдіс-тəсілдер оның құрамды бөлігі ғана (В.Беспалко); 
-
педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу 
жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіс- 
намалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті 
(М.Кларин); 
-
педагогикалық технология – оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей əсер 
ететін педагогикалық ықпал (Б.Лихачев); 
-
педагогикалық технология – оқу-тəрбие үрдісінің шығармашылықпен 
терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен 
тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі 
(Ш.Таубаева, Б.Барсай). 
Сонымен педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тəрбие 
жүйесін құрумен, оқу-тəрбие жұмысын жобалаумен айналысады. Педаго- 
гикалық технология білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді 
қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тəсілдердің жүйесін 
құрайды. Оның негізгі құрылымы маналар болып табылады: 
а) тұжырымдамалық негізі; 
ə) мазмұндық бөлімі (мақсаты, мазмұны) 


б) əрекеттілік (процессуалдық) бөлімі – технологиялық үрдіс (оқу-тəрбие үрдісін 
ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық іс-əрекетінің əдістері мен фор малары; 
мұғалімнің оқу-тəрбие ісін басқару əдістері мен формалары; оқу-тəрбие 
үрдісінің диагностикасы). 
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық жəне материалдық 
шарттарға байланысты. Педагогикалық технологияның табысты болуын 
анықтайтын педагогикалық шарттарға, ең алдымен , педагогтың дербес ерек- 
шеліктері: тұлғалық даралығын, мəдениеттілігін, қызығуын, т.с.с. жатқызуға 
болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен 
кəсіби шеберлігі де ерекше мəнге ие болады.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əр түрлі анық- 
тамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: 
«Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Ендеше 
«инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден ен- ген термин. Ол 
кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, 
кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. 
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тəжірибесінде 
кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықта -масы 
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі 
бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру 
жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. 
Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық,жаңарту дегенді біл- 
діреді екен. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шық -
қан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш 
ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламаларында «... білім берудің тиімді жұмыс 
істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі əлемде Қазақстанның лайықты 
орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім 
деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға 
«жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы 
білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. 
1970 жылдардың басынан бастап көптеген елдердің жоғарғы оқу 
орындарында оқу іс-əрекетінің дəстүрлі əдістері мен түрлерін сыни қарау мен 
модерндеу іске асырылуда, олардың жаңа жəне тиімділері іздестірілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет