Жас натуралистер немесе үйірмешілер графикалық жəне көлемдік құралдар
дайындайды. Олар осының арқасында кез-келген адамның күнделікті өміріне
пайдалы, оқушылардың биология , география танымдылығына қажетті
графикалық жəне көлемді білімдерін көрсете алады.
Үйірмелік жұмыстардың эстетикалық тəрбие беруде де ролі аз емес.
Балалар «Жердегі өсімдік əлемінің дамуы» атты құрал дайындаған кезде олар
əдемі жазуға, қатты қағаз бетіне затты ұқыпты қойуды , желіммен жұмыс
жасауды үйренеді, жалпы алғанда құралды эстетикалық əсер тудыратындай етіп
жасауды үйренеді.
Оқушылар кестені, сызбаларды, модельдерді бояу кезінде олар бояуларды
таңдауды жəне оларды қолдануды, сондай-ақ, тəрбие жоспарында бояулардың
сəтті үйлесімін таңдай отырып үйренеді. Тиянақты орындалған жұмыс
көркемділігімен тартымды болады. Орындаушыға да , басқаға да
эстетикалықəсер туғызады.
Тəрбиелік қатынаста ерекше орынды шыны мен ағаштан жасалынған
жұмыстар алады, ол ағаш өңдеуді, ұсталық іскерлікті, ептілікті қажет етеді.
Басқа да ағаштан, металдан, шыныдан жасалынған құралдар оқушылардың
қолының ептілігін, физикалық еңбегінің іскерлігі мен білімділігін арттырады.
Осы процесс кезінде олар балтамен, арамен, шыныкескішпен, т.б. құралдарды
қолдануды үйренеді. Бұдан басқа бұл жұмыстар қол шеберлігінің дамуына əсер
етеді, бəрін өз қолымен жасауға, істеуге əрлеуге деген ынтасын оятады, оның
нақты нəтижелерін көруге үйретеді. Дененің физикалық еңбегі ағзаны
жетілдіреді, мектеп оқушысының жүйке жүйесін, бұлшық еттерін
жаттықтырады, денсаулығын қатайтады.
Достарыңызбен бөлісу: