Дәріс №1 Тақырыбы


Биология кабинетіндегі көрнекіліктер



Pdf көрінісі
бет87/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Биология кабинетіндегі көрнекіліктер 
Кабинеттегі көрнекіліктер екі тапқа бөлінеді: табиғи жəне бейнелеу 
көрнекіліктері болып. 
Табиғи тірі көрнекіліктерге арнайы бөлімде өсірілетін, іріктеп алған бөлме 
өсімдіктері, экскурсия кезінде жəне оқу – тəжірибе учаскесінен жинақталған 
өсімдіктер, террариум мен аквариумдағы, тірі табиғат мүйісіндегі тордағы 
жануарлар жатады. 
Табиғи қолдан препаратталған құралдарға жататындар: өсімдіктанудан, 
кеппе шөптер, кеппе шөптерден орындалған таблицалар, практикалық жұмыстар 
кезінде оқушыларға таратылатын кепірілген өсімдік мүшелері немесе бүтін 
өсімдік; жануартанудан: кептірілген бунақ денелілер, жануарлардың дамуын 
көрсететін ылғалды препараттар, фиксацияланған омырқасыздардың өкілдері, 
омыртқалы жануарлардың қаңқалары; таратылып берілетін жануалардың 
қаңқасының бөлімдері, сүйектер, балық қабыршағы, құстың қауырсыны т.б. 
Адам жəне оның денсаулығы пəнінен – адам қаңқасы, бөлшектенген сүйектері, 
микропрепараттар, қан, жануарлардың ішкі мүшелері т.б. тіршіліктану пəнінен, 
биология курстарының барлығында қолданылатын, құралдар мен көрнекіліктер 
жəне арнйы биологиялық колДəріслар, таратылып берілетін материалдар жəне 
гербарийлер. 
Барлық табиғи көрнекіліктер мен құралдар арнайы сөрелер мен шкафтарда 
сақталады. Барлығының аты – жөні жазылып көрсетіледі, реттік саны 
белгіленеді.
Бейнелеу көрнекіліктер: таблицалар жəне суреттер биологияның барлық
курстарында қолданылады. Тəнтану пəніне арналған муляждар адамның торсы 
мен сауыты, бас сүйегі көне замандағы адамдардың бас сүйектері мен еңбек 
қарулары т.б. сақталады. Карта, киноаппарат, телевизор – бейнефильмдерді 
көрсетуге арналған болуы керек. 
Таблицаларды дұрыс сақтауға көңіл бөлген жөн. Оларды арнайы ілгіштері 
бар кронштейндерге сақтаған тиімді. Таблицаларды курстардың тақырыптарына 
сай орналастырады. 
Эпидоскоп, киноаппарат, теледидар, интерактивті тақта т.б. техникалық 
құрал жабдықтарды өте биік қондырғыларға кабинеттің соңына орналастырған 
дұрыс, қажет жағдайда оларды бір орнынан екінші орынға жылжытып əкелу 
оңай жақтарын ойластыру керек. 
Практикалық сабақтар, тəжірибелер өткізу үшін алуан түрлі ыдыстар, құрал 
жабдықтар қажет болады. 
Биологияны оқытудағы аса қажетті құралдар микроскоп, ұлғайтқыш шыны, 
кесетін өткір құралдар. 
Мектеп микроскопы 35 – 180 есе ұлғайтып көрсетсе, биологиялық 
микроскоптар 56 – 600есеге дейін ұлғайтады. Сондықтан биологиялық 
микроскоптар болуы тиімді. 
Тəнтану пəніне аса қажетті құрал жабдықтар эргограф, динамометр, 
кардиограф, танометр, спидометр, спирометр т.б. 


 Тəжірибелерді демонстрациялау үшін қыздырғыш құралдар: электроплита, 
спирт шамы, үтік, химиялық ыдыстар, штативтер міндетті түрде болу керек. 
Сонымен қатар кабинетте өлшегіш приборлар: таразы, термометр, сызғыш, 
мензурка т.б. жабдықталады. 
Топсеруендер кезінде қолданылатын жабдықтардың толық комплектілері 
сақталады. Газеттер салынған папкілер, гербарий жасауға арналған пресс, 
компас, жапқыш сауыты бар ұлғайтқыш шыны, күректер, балта, ара, секатор, 
оңай алып жүретін, сурет салуға арналған тақталар қажет. 
Биология 
кабинетінде əдемі, тəртіппен орналастырылған заттар, 
оқушылардың бойында эстетикалық сезім тəрбиелейді. 
Кабинеттегі көрініс оқушылардың қуаныш сезімін оятып, табиғатқа деген 
сүйіспеншілігін арттыратындай дəрежеде ұйымдастырылуы керек. 
Мұғалімнің перспективтік жоспарында кабинетті толықтыру жұмыстары 
айқын көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет