Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Дәріс №26
 
Тақырыбы: 
Биологияны оқытудың материалдық базасы 
 
Дәріс жоспары
1.
Биология кабинетін, тірі табиғат бұрышын, оқу-тəжірибелік учаскені 
ұйымдастыруға қойылатын дидактикалық жəне əдістемелік талаптар.
2.
Биологияны оқытудың құралдары.
3.
Биология пəнінен қосымша білім берудің ерекше сипаттамалары.
4.
Биологиялық олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру əдістемесі. 
Дәріс мазмұны
Биология кабинеті – мұғалімнің оқушыларға сол пəнді терең игеруіне 
мүмкіндік туғызатын зертханасы. Сондықтан оқу жылының басында мектепте 
биология кабинеті қазіргі оқу үрдісінің талабына сай жабдықталуы керек. 
Кабинеттің ішіне төмендегідей бөлімдерден стенділер жасалады: 
1. Дəрілік өсімдіктер. 
Қазақ емшілігі мен дəрігерлігінің пайда болуы ертедегі бабамыз Әбунəсір 
Әл-Фараби мен шығыстың ұлы шипагері Ибн Синадан бастау алады. Бертін келе 
ХV ғасырда қазақ елі ұлт болып қалыптасқанда өмір сүрген Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» тақырыбындағы ұлы еңбегі – қазақ 
халқы үшін медициналық энциклопедия іспеттес болды. Осы ұлы 
бабаларымыздың еңбегін көрсету, насихаттау негізінде жəне қазіргі нарық 
кезінде адамдарға аурудың алдын алу үшін дəрілік өсімдіктерді қалай 
пайдалануды білгісі келген негізде осы бөлім жасалады. Дəрілік өсімдіктердің 
түрі көп, сондықтан бұл бөлім үнемі ауыстырылып, жаңартылып тұрады. 
2. Табиғатты аялай да, бағалай білейік. 
Бұл бөлім қазіргі кезде табиғатта тепе-теңдік бұзылып, жануарлар мен 
өсімдіктердің көптеген түрлерінің жойылып кеткенінен байланысты 1966 жылы 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен саны азайып, сиреп бара жатқан 
жануарларды қорғау негізінде жасалған Қызыл кітап арналды. 1974 жылы 
Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көріп, оған 169 жануар мен 307 өсімдік 
түрі енгізілді. Осы жануарлар мен өсімдіктердің тығыз мекендеген жерлеріне 
қорықтар ұйымдастырылды.
Қорықтар – табиғат байлығын бастапқы табиғи қалпында келешек 
ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми зерттеу ордасы. Қорықтардың 
табиғаттың баға жетпес асыл қазынасы екенін біліп өссін деген негізде бұл 
бөлім «Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» деп аталады. 
3. Биология – кешенді пəн.
Бұл бөлім жануартану, тіршіліктану, өсімдіктану, тəнтану пəндерінің 
көрнекіліктерін қамтиды. 
4. Органикалық дүниенің даму шежіресі. 
Бұл бөлімде замандар (эра) мен дəуірлердегі органикалық дүниенің дамуы, 
оның қанша миллион жылға созылғаны, онда қандай жануарлар мен 
өсімдіктердің тіршілік еткені баяндалады. Бұл оқушылар органикалық дүниенің 
тарихи даму шежіресін білсін деген негізде жасалынады. 


5. Органикалық дүниенің даму сызбасы. 
Бұл бөлімде органикалық дүниенің даму сатылары: жасушасыз ағзадан бір 
жасушалыға, одан көп жасушалыға ең ақыры жануарлар дүниесі – 
сүтқоректілердің ең ақырғы баспалдағы – адамға, өсімдіктер дүниесі гүлді 
өсімдіктерге келіп тірелетіндігі көрсетіледі.
6. Терминдер. Термин дегеніміз – белгілі бір ғылым мен техника 
саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз. Термин сөздер – заттың не 
құбылыстың жалпы жинақталған қасиеттеріне негізделген қысқа түсінік немесе 
ұғым. Кез-келген ғылымның өзіне тəне терминологиясы болады. Қазір биолгия 
ғылымында термин сөздер қазақша баламалануда. Сондықтан бұл бөлім 
оқушылардың термин сөздерді, оның қазақша баламасын білуіне, əр уақытта 
есте ұстауына көмекші кесте ретінде ұсынылады. 
Кабинет жабдықтау басты назарда болуы тиіс. Себебі оқушы оқу үрдісінің 
талабына сай жабдықталған кабинеттен көп сыр ұғынып, 
Биологиялық көрнек құралдармен толық жабдықталған кабинет сол 
мектептегі биология сабақтарын жүргізуге дайын деп есептеледі. Тек көрнекі 
құралдармен жабдықталуы емес сонымен қатар ондағы сабақ жүргізетін 
ұстаздар мен оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы ерекше роль 
атқарады.Сонда ғана мемлекетімізде дарынды жастар санын көбейте аламыз.
Биология кабинетін жабдықтауда ондағы екі оқушыға арналған астына 
дəптер, кітап қоятындай столдар жəне орындықтар қажет. Топпен орындалатын 
жұмыс кезінде столдарды жылжытуға болатын болуы керек. Биологя кабинетін 
жабдықтау өте маңызды. Ондағы көрнекі құралдар да белгілі роль атқарады. 
Көрнекі құралдар көрсету арқылы біз оқушылардың көп тақырыптарды 
өздері көзбен көріп, қолдарымен ұстап, толық түрде ол тақырып төңірегінде 
хабардар болып зертханалық жұмыстар жүргізу кезінде толықтай іс жүзінде 
көрсете алады деген сенім артамыз.Сонымен қатар көрнекі құралдар пайдалану 
арқылы оқытушылар іс-тəжірибелерін толықтай жəне тиімді түрде көрсете 
отырып, көптеген үйірмелер ашып, мектепте биологиялық апталықтар мен 
кештер өткізе отырып, оқушыларға биология курсын жетік меңгерте алады. 
Қорытындылай келе мектепте кез – келген пəндерді оқытуда ондағы əрбір 
кабинетінің қазіргі заман талабына сай жабдықталуы өте маңызды деген 
тұжырымға келеміз. 
1 Биологияны оқытудың материалдық техникалық базасы 
Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу 
керек. Ол дегеніміз оқытудың материалдық базасын ұйымдастыру: биология 
кабинеті, оқу – тəжірибе алаңы жəне тірі табиғат мүйісі, бұлар бір – бірімен 
өзара байланысты жəне оқыту мен тəрбиелеу міндеттерін кешенді түрде жүзеге 
асыруда бірін – бірі өзара толықтырып отырады. 
Оқыту мен тəрбиелеудің материалдық базасын жасау жəне ондағы құрал 
жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті 
игеруге жəне биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың дамуына 
əсерін тигізеді. 
Биология кабинеті – бұл биологиядан оқу – тəрбие үрдісін ұйымдастыру 
үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пəнінің ерекшелігіне байланысты 
биология кабинеті де соған сай болуы керек. Пəн ұстазы үшін кабинет, өзінің 


бар жинақталған байлығымен, тек қана сабақ өткізуге арналған жəне тек қана 
жұмыс орны емес. Бұл ерекше орнын. Онда əр түрлі өсімдікткр мен 
жануарларды кездестіре алатын өз алдына табиғаттың бір бөлшегі.Осы жерде 
тек күнделікті сабақ өтіп қана қоймайды, онда зертханалық жəне сарамандық 
сабақтар, тəжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс 
шаралар жүргізіледі. 
Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен 
оқушының біріккен əрекетінің қаншалықты жетістікті болатынын айқындайды. 
Көпшілік жағдайда нені оқыту жəне қалай оқыту керек екенін біле тұра, егер 
қолында қажетті құрал жабдық болмаса мұғалім «жалаң қолмен» өз қызметін 
толық мəнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. 
Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал 
жабдықтарының тиімді пайдаланылуы əр түрлі болуы мүмкін. 
Әдістемелік əдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалды 
хабарлау үрдісі кезінде кабинеттегі қайсыбір оқыту құралдарын пайдалануға 
бөлінеді. Ал негізінде жұмысты мынадай тұрғыда жүргізсе: ұстаздық қол 
астында бар оқыту құралдарымен оқушылардың оқу əрекетін ұйымдастырған 
кезде білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін рахаттану тудыратын 
шығармашылық еңбекке айналуы керек. Практика көрсеткендей, сабақтарда 
көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы ғана, ал егер сабақта 
əр түрлі білім көздерімен, мысалы, кабинетте бар құралдармен өздік жүргізілсе 
оқыту үрдісінің пəрменділігі сол уақытта жоғары болады. 
Кабинетте барлық оқытуға қажетті құрал жабдықтар жəне арнайы, нақты 
курсқа, нақты тақырыпты оқытуға арналған құралдар болады. 
Биология кабинетін жасау жəне ұйымдастыру. 
Кабинет жасауды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған 
орынды.Жоспардағы алғашқы кезең зертханалық жұмыстар жəне тəжірибелер 
жүргізу үшін материалдар жинау. Оған оқушылар мен ата – аналардың көмегін 
пайдалануға болады жəне табиғатқа таныжорықтар кезінде жиналады. Келесі 
кезеңде жиналған материалдарды жіктеп, осы матариалдарды сабақтарда 
пайдалану үшін қажетті əдістемелік аппарат (нұсқаушы карточкалар, 
тапсырмалар, сұрақтар) жасау. 
Биология кабинетін ұйымдастыруда негізгі бір көңіл бөлетін жағдай оның 
эстетикалық жəне гигиеналық жоғары талапқа жауап беруі. 
Биология кабинетін ұйымдастырғанда мектептегі басқа кабинеттердегі 
белгілі, бірыңғай стандарттан (оқушыларды жалықтыратын) аулақ болған 
дұрыс. Кабинет базасында үнемі оқу – тəрбие үрдісі ұйымдастырылады. 
Кабинет ұйымдастырғанда басты назарда болатын мəселе мектеп 
биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция
экология жəне табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинет 
жабдықтағанда басты стендтар осы бағытты қамтыса орынды болады. 
Эволюциялық даму жалпы планетамыздың қазіргі көрінісін берді, егер 
жасалатын стенд Жердің, тіпті Күн жүйесінің пайда болуынан бастап қамтыса 
онда оқушыларда ғылыми əлем бейнесі қалыптасып, материалистік дүниетаным 
төменгі сыныптан бастап дамиды. 


Экология жəне табиғатты қорғау эволюциялық іліммен біртұтас. 
Оқушылар санасында қазіргі кезде эволюциялық ұғым өз алдына бір – біріне 
қатыссыз қалыптасқан, өйткені сабақтарда осы екі ұғымның өзара байланысына 
көңіл аударылмайды. Эволюциялық дамудағы ағзаның алған эволюциялық орны 
осы қазіргі мекені екенін, биосфераның тіршілік ету принципінде заттардың бір 
– біріне əсер ету жолы, байланысы бар екенін санасына жеткізу керек. 
Жердегі ағза жер қыртысының ажыратылмайтын бөлігі жəне оны 
өзгертушісі, ал тірі зат – геохимиялық үрдістерге қатынасатын барлық 
ағзалардың жиынтығы. Барлық тірі ағзалар қоршаған ортадан өз денелерін 
құрайтын химиялық элементтер алады. Олар тіршілік əрекетінде жəне өлген соң 
осы заттарды химиялық элементтер жəне энергия түрінде сол ортаға қайтарады. 
Сондықтан тірі жəне өлі зат химиялық элементтер жəне энергия айналымында 
үнемі өзара тығыз байланыста болады, осы байланыс тепе – теңдіктің бір қыры. 
Яғни тірі зат негізгі жүйе құраушы фактор болып биосфераны біртұтас етіп 
тұрады. Олай болса, биосфераның біртұтастығы – тарихи қалыптасқан, ұзақ 
эволюциялық жəне экологиялық «жетілудің» нəтижесі, динамикалық үндестіктің 
жоғарғы көрінісі, ендеше қазіргі барлық экологиялық проблемалардың түпкі 
шешуі осында жатыр. 
Систематика – көпшілік биологиялық ғылымның негізі жəне биологияның 
барлық бөлімдерінің алған деректеріне сүйенеді.Сонымен систематиканың 
маңызы ол – барлық қазіргі бар жəне қазбадан табылған ағзалардың көп 
түрлілігін түсініп, бағдарлап зерттеуге мүмкіндік береді. 
Кез келген тірі нысанның құрылысы мен дамуын оқып үйрену оның басқа 
ағзалармен салыстырғандағы орны жəне олардың филогенетикалық қатынастары 
жөніндегі білімді талап етеді. 
Систематиканың басты міндеті – ағзалар арасындағы өзара қары – 
қатынасты барынша толық көрсететін органикалық дүние жүйесін құру. 
Осы 
негізгі 
бағыттар 
қамтылған 
соң 
қалған 
мəселе 
ұстаз 
шығармашылығына байланысты шешіле береді. Мынадай тақырыптағы 
стендтер: «Қазіргі биология – қағамға жəне адамға», «Тіршілік деңгейлері», 
«Насекомдар əлемі», «Құстар əлемі», «Қоршаған орта жəне денсаулық» т. б 
Тақырыптарға жасалынса биология сыныбын жабдықтауға жұмыс жүргізген 
болатын едік. 
Кабинеттің бүйір қабырғасында немесе артқы қабырғасында аталған 
тақырыптардың ішінен екі стенд ілінеді. 
Сынптан тыс оқылатын əдебиеттердің тізімі, асиссенттенрдің кезешілік 
графигі, тірі табиғат мүйісінің кезешілігі, жас натуралистер үйірмесінің газеті 
немесе «Биология жаңалықтары» атты бөлімді газеттер мен журналдардың 
қиындылары ілінеді. 
Артқы 
қабырғаның қасына биік стол қойылады, киноаппарат, 
проекциялық аппарат орнатылады. Терезелерде қара перделер ілінеді. 
Биология кабинеті үш бөлімнен тұрады: лабораториялы сынып, препарат 
жасайтын бөлме, тір табиғат мүйісі. 
Пəн кабинеті – мұғалімнің оқушыларға сол пəнді терең игеруге мүмкіндік 
туғызатын зертханас. Сондықтан оқу жылының басында мектеп биология 


кабинеті қазіргі заман үрдісінің талабына сай жабдықталады. Кабинеттің 
жабдықталу аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет