Анемияны жіктеу негіздері. Түстік көрсеткіші бойынша анемияла гипохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-ден төмен), нормохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-1,0) гипохромдық (түстік көрсеткіші бірден жоғары) болып бөлінеді. Эритроциттердің орташа диаметрі бойынша анемиялар микроциттік (7,2 мкм кішкене), нормоциттік (7,2-8,0 мкм) және макроциттік (8,1-9,5 мкм) болады. Сүйек кемігі қызметінің анемияға жауап ретінде қалпына келу қабілетіне қарайрегенерациялық (сүйек кемігінің қызметі жеткілікті), гипорегенециялық ( сүйек кемінің қызметінің қалпына келуі төмендеген), гипоплпзиялық немесе аплазиялық (сүйек кемігі қызметі тым қатты азайған нмесе жоғалған) анемиялар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |