Себептері: эритроциттердің гемолизін химиялық, физикалық,механикалық, биологиялық ықпалдар туындатуы мүмкін. 1. Химиялық ықпалдарға: мышьяк, қорғасын, мыс қосындылары, нитробензол, фенигидразин, хлорамин ж.б жатады. 2. Физикалық және механикалық ықпалдарға: жоғары және төмен температуралардың жасанды жүрек қақпақшалары мен қан тамырлардың әсерлері, ұзақ ауыр марштарда эритроциттердің механикалық бүлінуі ж.б. жатады. 3. Биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, саңырауқұлақ уы, вирустар, кейбір жұқпалы және құрттық аурулар (безгек, сипсис, мерез, туберкулез ж.б.) кездеріндегі эритроцитердің гемолизі және олардың иммундық гемолиздері жатады.Изоиммундық гемолиздік анемиялар организиге құйылған қанның топтық резустық ж.б. сәйкессіздіктерінде дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан құйғанда байқалады. Екіншісі резус- оң нәрестелерде резус теріс аналардың организмінде түзілетін антирезустық антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі. Сөйтіп жаңа туған нәрестелердің гемолиздік аурулары дамиды.
ҚАН ӨНДІРІЛУІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНАН БОЛАТЫН ДИЗЭРИТРОПОЭЗДЫҚАНЕМИЯЛАР
Сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі немесе эритропоэз көптеген жағдайлармен реттелінеді.
Эритроциттердің өндірілуінің бұзылыстары төмендегі жағдайларды болуы мүмкін:
1. Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылуынан;
2. Эритроциттердің өндірілуіне қажетті заттардың тапшылығынан;
3. Сүйек кемігінің гипоплазиясы мен аплазиясынан;
4. Сүйек кемігі жасушаларынын өспелердің метастазаларымен немесе лейкоз жасушаларымен ығыстырылып қалуынан (метаплазиялық анемия).