Шұжықтардың нығыздалуы. Шұжықтардың нығыздалуы 8-12°С температурада, 80-85°С ауаның салыстырмалы ылғалдылығында камераларда жүргізіледі. Ұзақтығы 1-2 сағ. Нығыздалу кезінде турама нығыздалады, батондардың беті кебеді, азот оксидінің ет пигменттерімен әрекеттесуі жүреді. Нығыздау аяғында турама монолитті және тығыз болады.
Қақталған өнімді жетілдіру.Арнаулы сақтау камералаында, тураманың бояуының жетілуі үшін, қабығының кебуі үшін жаңа қақталған өнімді іліп қояды. Жетілдіру уақыты : жартылай ысталған шұжық үшін 2-4 сағат; қайнатылған –ысталған үшін 1-2 тәулік (8 С температурада); шикілей ысталған шұжықтар үшін – 2-4 С температурада 5-7 тәулік.