Қоршаған ортадағы өндіріс қалдықтары, оларды зиянсыздандыру, өңдеу және көму Биосфера антропогендік факторлардың әсерінен ластанады, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді.
Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10% қалдыққа айналып отырады. Осындай жағдайларда бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар тікелей өзендерге, көлдерге т.б. жіберіледі.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздеріне байланысты өнеркәсіптік және тұтыну қалдықтары деп жіктеуге болады.