Судың иондық көбейтіндісі -
- Ксу = [H2O] × К теңдеуіне сан мәндерін қойса, келесі шама алынады: Ксу = [H2O] × К = 55,56 × 1,8 10-16 = 10-14 демек, Ксу = [H+]×[OH-] = 10-14
- Су – бейтарап зат. Сондықтан сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей, әрқайсысы 10-7г-ион/л тең.
- Сутек иондары мен гидроксид иондардың концентрациясы бірдей болатын ерітінді бейтарап ерітінді деп аталады, яғни сутек және гидроксид иондарының концентрациялары 10-7 г-ион/л тең.
- Мысалдар
- 1) Таза суға қышқыл қосып, сутек иондарының концентрациясын10-3моль/л дейін арттырса, гидроксид иондарының концентрациясы кемиді,себебі [H+] [OH] көбейтіндісі өзгермейді. Демек, бұл ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы:
- [OH-] = 10-14/10-3 = 10-11моль/л
- 2) Керісінше, ерітіндіге сілті қосып гидроксид иондарының концентрациясын 10-5 дейін көтерсе, онда сутек иондарының концентрациясы:
- [H+] = 10-14/10-5 = 10-9 моль/л
Достарыңызбен бөлісу: |