- Гидролизді сан жағынан гидролиздену дәрежесі (h) арқылы сипатталады.
- Гидролиздену дәрежесі гидролизге ұшыраған молекула санының (n) жалпы еріген молекула санына (N) қатынасын көрсетеді.
-
- h = n / N
- . Температура артқан сайын гидролиз дәрежесі де артады, ерітінді концентрациясы неғұрлым аз болса, соғұрлым гидролиз жақсы жүреді.
- Гидролизге тек ерімтал тұздар ғана түседі, гидролиз қайтымды үдеріс.
Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздың гидролизі - Мысалы, натрий карбонаты Na2CO3 - күшті негіз NaOH пен әлсіз көмір қышқылы Н2СО3 түзілген тұздың гидролизі анион бойынша жүреді.
-
- Na2CO3 = 2Na+ + CO32- және НОН = Н+ + OH-
- Натрий карбонаты суда ерігенде түзілген С032- ионының сумен әрекеттесуі әлсіз электролит ионы НСО3- және ОН ионын түзеді.
- CO32- + НОН = НСО3- + OH-
- Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі:
-
- Na2C03 + НОН = NaHC03 + NaOH негіздік орта
- Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы қышқыл қалдық анионы су құрамынан сутек катионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады, сондықтан орта негіздік (сілтілік) болады.
Күшті кышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизі - Аммоний хлориді NH4Cl - әлсіз негіз NH4ОН пен күшті кышқыл HCl әрекеттескенде түзілген тұздың гидролизі катион бойынша жүреді.
- NH4Cl + HOH = NH4OH + HCl
- Катион су молекуасының ОН - ионын байланыстырып, әлсіз электролит NH4ОН түзеді. Ерітіндіде артық H+ иондары пайда болады.
- NH4+ + HOH = NH4OH + H+
- Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизденгенде тұз құрамындағы катион су құрамдағы ОН - анионын қосып алып, ерітіндіге H+ ионы босап шығады, сондықтан орта қышқылдық болады.
- .
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың гидролизі - Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі катион және анион бойынша жүреді.
- Мысалы, алюминий сульфиді Al2S3 сумен әрекеттескенде алюминий гидроксиді Al(OH)3 мен күкіртсутек H2S түзіліп, гидролиздену реакциясы қайтымсыз болады:
- Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑
-
- Нәтижесінде әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз түзіледі, Н+, OH- иондары да артық емес, реакция ортасы түзілген әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің диссоциация константасына тәуелді.
Гидролиздің маңызы - Сонымен гидролиз процесінің табиғатта, өндірісте, адам өмірінде маңызы зор. Тау жыныстары гидролиз нәтижесінде ыдырайды.
- Тірі ағзада полисахаридтер, ақуыздардың т.б. органикалық заттардың гидролизі үздіксіз жүріп жатады.
- Өндіріс орындарында:
- бағалы өнімдерді даярлауда (қағаз, сабын, спирт, глюкоза, ақуыздық ашытқылар);
- Өндірістік және ауыз суларды тазалауда (алюминий сульфаты + алюминий гидроксиді);
- маталарды бояуға даярлауда кеңінен қолданылады.
Бекіту сұрақтары - Сутектік көрсеткішті қалай анықтайды?
- Тұздар гидролизіне қандай тұздар ұшырайды?
- Реакцияның ортасын қалай анықтайды?
Әдебиеттер - Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. - Алматы. Ана тілі, 2011ж.
- Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group», 2019ж.120 б.
- Глинка Н.Л., Бабкина С.С. Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы,- 27-ші басылым./ С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.- 156 бет
Достарыңызбен бөлісу: |