Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады.
мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып); Ақша несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).
Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Экономикалық теория: Оқулық / А.Н.Доғалов, Н.С.Досмағанбетов. 3-басылым, Өңделген және толықтырылған- Алматы: ТехноЭрудит, 2019.-344 б.
Н.Грегори Мэнкью, Марк П.Тейлор Экономикс. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 848 бет.
Экономикалық теория негіздері оқу құралы /профессор Е.Б.Жатқанбаевтың жетекшілігімен. Алматы, 2014.
Экономика негіздері Маженова Н.Ж., Әубәкірова Ж.Я., Айтбембетова А.А., Иляшова Г.К. – Қазақ университеті, Алматы, 2017
L.F.Bell, A. History of Economic Thought N.V.195. p 484.
Martin,C.,Milas,C.,2004. Modeling monetary policy: inflation targeting in practice. Economica 71, 209-221.
Экономика негіздері бойынша практикум. Алматы, 2018ж. Қазақ университеті
Мұсабеков С.М. Экономикалық теория: оқу құралы / С. М. Мұсабеков; ҚР Білім және ғылым м-гі, Абылай хан атын. Қаз. халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-ті. - 2-бас. - Алматы: 2020
Айнабек Қуандық. Қоғамдық шаруашылық жүргізу теориясы. Экономикалық теорияға және экономикске балама [Мәтін] : оқулық / Қ. Айнабек. - Алматы : ТехноЭрудит, 2019.
Довбенко М.В. Нобелианттар еңбектеріндегі қазіргі экономикалық теориялар: оқу құралы / М. В. Довбенко, Ю. И. Осик. - Алматы : NURPRESS, 2018. - 414
Достарыңызбен бөлісу: |