4. Комплексті қосылыстардың номенклатурасы. Органикалық лигандтар комплекстері аналитикалық химияда маңызды рөл ойнайды. Себебі, оларда анорганикалық комплекстерге қарағанда қаныыққан түсі, суда - нашар, ал сусыз еріткіштерде жақсы ериді және т. б. Сапалық және сандық анализде комплекс түзілу реакциялары өте жиі қолданылады. Органикалық аналитикалық реагенттерді қолданудың негізін қалаушылары кобальтты анықтау үшін α-нитрозо-β-нафтолды қолданған М. А: Ильинский, никельді анықтау және оның сандық анализінде диметилглиоксимді қолданған Л. А. Чугаев болып табылады.
Ішкі сфераның құрамындағы бір ғана комплекс түзуші болатын коплексті бір ядролық деп атайды. Мұндай қосылыстың құрамында комплексті катион немесе комплексті анион, кейде сыртқы сферасыз бейтарап болуы мүмкін. Комплексті қосылыстың алдымен катионы, содан соң анионын аталады. Ішкі сферада лигандтар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттары өзгеріссіз аталады: – бензол, – этилен, – гидразин.
Кейбір электронейтрал молекулалардың – лигандтаардың ддәстүрлі қалыптасқан аты бойынша атайды: –аква, – аммиак, - карбонил, т.с.с.
Егер лигандтардың саны бірнеше болатын болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді:
2 – ди, 3 – три, 4 – тетра, 5 – пента, т.б.
Ішкі сфераға кіретін анион – лигандтардың аттарын атау үшін олардың әрқайсысының аттарына –о- жұрнағын қосып атайды. -бромо, -оксо, -гидроксо, -циано, - карбонато.
Осыдан кейін комплекс түзушінің атын атау үшін қажетті септікті қолданып, оның атынан кейін Рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын жазады. Ең соңында сыртқы сфераның анионының атына –ы(-і) деген жалғау қосып айтады.
Мысалы: - диамин күміс (І) хлориді
– гидроксопента акваалюминий (III) сульфаты.
Сыртқы сфера катионының атын атау септігінде атайды. Бұдан соң жоғарыдағы аталған ретпен лигандтарды атайды. Комплекс түзушінің латын тіліндегі атына -"аты" деген жұрнақ қосып, соңынан жақша ішіне Рим сандарымен тотығу дәрежесін көрсетеді.
Сыртқы сферасы жоқ нейтрокомплексті қосылысты атау үшін алдымен лигандтардың аттары, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі келтірілмейді.
Мысалы: - динитритотетраамин кобальт (II)
- бис (циклопентадиенил) темір
Комплекс түзуші атомдар өзара тікелей байланысып келген көпядролы қосылыстар кластерлер деп аталады. Қарапайым кластерлер формуласы . Мысалы: - пентакарбонил марганец – пентакарбонил рений.
Сонымен қатар, комплексті қосылыстар анализ кезінде белгілі бір ионды анықтау, бөліп алу реагенттері ретінде қолданады. Мысалы, иондарын тұнбаға түсіру үшін -гексацианоферраты (қара көк түс) түрінде иондарды боялған ерітілген қосылысқа ауыстыру үшін интенсивті көк аммиакты комплекс қолданылады. Комплекс түзушілер өте көп және эффективті тұнба түсіру үшін, тұнбаларды еріту үшін қолданылады.