Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет13/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Ұйқы безі, pancreas, аралас қызмет атқарады. Оның экзокринді қызметі - тәулііне 12 елі ішекке 2 литрдей сөл бөледі, ал эндокриндік қызметі инсулин және глюкагон гормондарын қанға шығарады.Ұйқы безі іш қуысының артқы жағында, асқазанның артында, I - II бел омыртқа тұсында орналасқан. Бездің ұзындығы - 12 -15 см; салмағы - 70-80 гр. Оның басы, денесі, ұшы және ілмек тәрізді өсіндісі бар, басын 12 елі ішек таға тәрізді орап жатады. Ұшы сол жақтағы қабырға астында көк - бауырмен шектеседі.Денесі призма пішінді. Үш беті бар: алдыңғы, артқы, төменгі. Алдыңғы беті ойыс және асқазанға жанасады, артқы беті артқы іш қабырғасына қа - раған. Ұйқы безінің қапшығы болмайды, құрылысы үлесті. Ұйқы безі түтігі көпте -ген тармақтарды қабылдайды. Ол ортақ өт түтігімен қосылып, ортақ тесік арқылы 12 елі ішектің үлкен бүртігіне ашылады. Ал қосалқы түтігі кіші бүртікке ашылады.
Құрылысы. Күрделі альвеолды без. Ол екі құрам бөліктен тұрады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызметі бар. Ол секретін 12 елі ішекке құяды, ал аздау бөлігі - ұйқы безі аралшықтары эндокринді түзіліс, олар инсулинді өндіреді, ол қандағы қант мөлшерін реттеп отырады.
Ішастар, peritoneum, тұйық сірлі қап, ол тек әйелдерде ғана жатыр түтігінің өте кішкентай тесігі арқылы сыртқы ортамен қатнасады. Барлық сірлі қап сияқты ішастар 2 жапырақшадан тұрады: қабырғалық немесе периеталды, және висцералды. Қабырғалық ішастар іш қабырғасын жауып тұрады. Ал висцералды ішастар ішкі ағзаларды жауып, олардың сілті қабығын түзеді. 2 жапырақша бір-бірімен тығыз жанасып жатады, ашылмаған іш қуысындағы олардың арасында ішастар қуысы дейтін саңылау жатады. Ондағы аз сұйықтық олардыі бетін ылғалдап, жылжуын жеңілдетеді. Операция кезінде, мәйітті ашқанда немесе зиянды сұйықтық жиналғанда екі жапырақша ажырап, ішастар қуысы үлкен қуысқа айналады.
Қабырғалық ішастар іштің алдыңғы және бүйір қабырғаларын іш жағынан тұтас қабатпен жауып, одан әрі көкетпен іштің артқы қабырғасына созылады. Ол бұл жерде ішкі ағзалармен кездесіп, соларға қайырылып, оларды жауып тұратын висцералды ішастарға тікелей ауысады.
Ішастармен іш қабырғалары арасында май тіні бар дәнекер тінді қабат - ішатарастылық шелмай орналасқан. Ол көкет аймағында болмайды, ал іштің артқы қабырғасында күшті дамыған. Ішастар кіндіктен жоғары қарай алдыңғы іш қабырғасы мен көкеттен орақтәрізді байлам түрінде бауырдың көкеттік бетінде ауысады, оның екі жапырақшасының арасының бос жиегінде бауырдың жұмыр байламы (бітелген кіндік венасы) орналасады. Ішастар орақ тәрізді байламының артында көкеттің төменгі бетінен бауырдың көкеттік бетіне бұрылып, бауырдың тәждік байламын түзеді, оны үшбұрышты байламдар деп аталады.
Үлкен шарбы, omentum majus, алжапқыш сияқты көлденең ішектен төмен қарай салбырап, біраз жерде жіңішке ішектің бөліктерін жауып тұрады. Ол төрт ішастар жапырақшасынан тұрады. Үлкен шарбының алдыңғы табақшасын ішастардың 2 жапырақшасы түзеді, олар асқазанның үлкен иінінен төмен қарай шығып, көлденең ішектің алдынан өтіп, олармен бітісіп кетеді. Бұл екі жапырақша қасақа сүйектері деңгейіне дейін түсіп, сосын шарбының артқы табақшасына қайырылады, сондықтан үлкен шарбы 4 жапырақшадан тұрады.
Шажырқай, mesenterium, ішастардың екі жапырақшасынан тұратын қатпар, ол арқылы жіңішке ішек іштің артқы қабырғасына бекиді. Оныі артқы жиегі шажырқай түбірін құрайды. Шажырқай қабатында аздап майлы тін бар, олар екі жапырақша аралығында орналасқан, бұл жерде қантамырлар, нервтер немесе лимфа түйіндері мен тамырлары өтеді.
ДӘРІС № 18


ТАҚЫРЫБЫ: Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылысы. Мұрын қуысы көмей, кеңірдек, бронхтар құрылысы, орналасуы және қызметтері.Бронх талы, өкпе құрылысы мен қызметі.Ацинус-өкпе альвеоласының газ алмасатын құрылым бірлігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет