Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет10/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Сигматәрізді ішек төмендеген жиек ішектің жалғасы, тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады. Іші бос орташа S - тәрізді ішектің көп бөлігі әдетте кіші жамбас астау қуысында орналасып, оның оң қабырғасына жетеді, осы жерде ол қа-йыра бүгіліп, төмен және солға қарай бағытталып, тік ішекке ауысады. Ал қуық немесе тік ішек толғанда S -тәрізді ішек алдыңғы жағы жіңішке ішектермен жабыл - ып тұрады.
Тік ішек, rectum - ас қорыту жолының соңғы бөлігі. Ол нәжіс массасының (үлкен дәрет) жиналуы үшін керек. Ол мүйіс деңгейіндегі басталып, сегікөздің алдында кіші жамбас астауына түсіп, екі иілім түзеді. Біріншісі – жоғарғы – сегізкөздік иілім сегізкөз ойысына сәйкес, екіншісі- шат иілімі құйымшақ алдында орналасады. Сегізкөз иіліміне сәйкес келетін тік ішектің бөлігі d-і 8 -10см тік ішек-тің кең жерін - ампуласын түзеді, оның d - і қатты толғанда немесе атония кезінде 30 - 40-см-ге жетеді. Тік ішектің артқа және төмен қарай кететін сөңғы бөлігі артқы өтіс өзегіне созылады, ол жамбас астауы түбінен өтіп, артқы өтіспен, anus (грекше- proctos) аяқталады.
Тік ішектің ұзындығы -13-16см, оның 10-13см-і жамбас астау бөліміне, 2,5-3см-і артқы өтіс бөліміне келеді. Тік ішектің жоғарғы бөлігі интраперитонеалды жабыл- ған, қысқа шажырқайы бар, ортаңғы бөлігі - мезоперитонеалды, төменгісі- экстраперитонеалды орналасқан.
Қабырғасының құрылысы. Тік ішек қабырғасы шырышты және бұлшық етті қабықтар мен олардың арасында орналасқан шырышасты негізінен тұрады. Шырыш ты қабық ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Бойлық қатпарлар артқы өтіс өзегінде 8 - 10 мөлшерінде артқы өтіс бағаналарын түзеді. Олардың арасында ұңғылдар - артқы өтіс қойнаулары балаларда жақсы бөлінеді, бұл қойнауларда жиналатын шырышты зат нәжістің тар артқы өтіс өзегі арқылы өтуін жеңілдетеді. Бірақ артқы өтіс қойнаулары немесе шұң қырлары арқылы ауру тудыратын микробтар енеді.
Қойнаулар мен артқы өтіс арасындағы тіндер қабатында веналық өрім жатады, оның ауырып, қатты қан ағып кеңеюін геморрой деп атайды. Бойлық қатпардан басқа жоғарғы бөліктерде көлденең қатпар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   88




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет