Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Асқазан қабырғасының ең сыртқы қабаты



бет7/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Асқазан қабырғасының ең сыртқы қабаты ішастардың бөлігі болып табылатын сірлі қабықтан, tunica serosa, түзіледі. Сірлі қабық ішастардың екі жапырақшасы арасында ірі қантамырлар өтетін екі иінінен басқа бүкіл өн бойында асқазанмен тығыз бітісіп өседі.
Асқазанның рентген анатомиясы. Асқазанды зерттеу үшін барий сульфаты жүзгіні көмегімен контрастауды қолданады. Асқазанның негізгі 3 пішіні мен орналасу қалпы бар:
1.Мүйіз пішінді асқазан – бүкіл асқазан көлденең дерлік орналасқан.
2. Ілмек тәрізді асқазан қиғаш орналасады.
3. Шұлық тәрізді немесе ұзарған асқазан- вертикалды.
Асқазан эндоскопиясы. Науқастың өңеші арқылы асқазанға енгізілетін және асқазанды іш жағынан көруге мүмкіндік беретін оптикалық аспап - гастроскоптың көмегімен асқазанды тікелей қарауға болады. Ми қатпарлары бедеріне ұқсайтын, түрлі бағыттарда иірімделетін шырышты қабықтың қатпарлары анық көрінеді. Қан тамырлар көрінбейді. Асқазанның қимыл- қозғалысын бақылайды. Шырышты қабықты терең зерттейді.


Жіңішке ішек, intestinum tenue (грекше - enteron ) асқазан қақпасынан басталып, өз жолында бірнеше қатар ілмек тәрізді иілімдер жасап, тоқ ішектің басталатын жерінде аяқталады.Тірі адамда жіңішке ішектің ұзындығы 2,7 метрден аспайды және өте өзгергіш. (еркек мәйітте жіңішке ішектің ұзындығы-7 м, әйел мәйітте -6,5м, ол дене ұзындығынан 4,1 есе асып түседі).
Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінде ең маңызды орын алады, өйткені жіңішке ішекте тағам өттің және ұйқы безі сөлінің әсерінен қорытылып , қан мен лимфаға сіңіріледі. Жіңішке ішек 3-ке бөлінеді:
1) 12-елі ішек, duodenum, ұзындығы 25-30 см, асқазанға ең жақын бөлігі.
2) Аш ішек, jejunum, жіңішке ішектің 2/5 бөлігі.
3) Мықын ішек, ileum қалған 3/5 бөлігін құрайды.
12-елі ішек, duodenum, іш қуысының артқы қабырғасында, көкеттің бел бөлігінің алдыңғы оң жағында, бауырдың шаршы үлесінің астында орналасқан. Ол ұйқы безінің басын таға тәрізді айналып жатады, оның негізгі 4 бөлімі бар:
1) жоғарғы бөлігі
2) төмендеген бөлігі
3) горизанталды бөлігі
4) жоғарылаған бөлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет