Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ДӘРІС № 20 ТАҚЫРЫБЫ: Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің жалпы құрылысы. Бүйрек:құрылысы және қызметі



бет18/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
ДӘРІС № 20


ТАҚЫРЫБЫ: Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің жалпы құрылысы. Бүйрек:құрылысы және қызметі


Несеп – жыныс жүйесі, systema urogenitale несеп ағзаларын, organa urinaria және жыныс ағзаларын, organa genitalia біріктіреді. Несеп жүйесі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Эмбрионда несеп ағзалары мен жыныс ағзалары бірге дамиды. Ерлерде несеп шығаратын түтік пен шәует шығаратын түтік бірігеді, ал әйелдерде несеп шығаратын түтік қынап кіреберісінің жоғары жағында кіші жыныс ернеулерінің аралығына ашылады.
Несеп ағзалары бүйректе түзілген несепті уақытша жинап, сыртқа шығаратын ағзалар жүйесі.
Несеп ағзаларына бүйрек, несепағар, несепқуық және несеп шығаратын өзек жатады.
Несеп жолдары зәрді адам организмінен сыртқы ортаға шығарумен қатар оның құрамындағы улы ыдырау өнімдерінің кері қанға сорылмауын қамтамасыз етіп, адам организмін уланудан сақтайды.
Бүйрек латынша ren (грекше nephros) – несеп түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін ағза. Бүйрек іш қуысының артқы қабырғасында, бел аймағында омыртқа бағанасының екі жағында – ХІІ – ші кеуде омыртқасы және І - ІІ - ші бел омыртқа тұсында орналасқан. Оң бүйрек сол бүйректен 1–1,5 см төмен жатады (бауырдың оң үлесінің қысымына қарай). Бүйректің жоғарғы шеті ХІ–ші қабырға деңгейіне жетеді, ал төменгі шеті мықын қырынан 3 – 5 см – дей қашықтықта тұрады ( бұл шекара жеке адамда өзгеріп отырады). Ересек адамда әр бүйректің салмағы 150 – 200 г – дай, ұзындығы – 10 – 12 см, ені – 5 – 6 см, қалыңдығы – 3 – 4 см – дей болады.
Бүйректің пішінібұршаққаұқсайды, қою – қызыл түсті. Бүйректің жоғарғы және төменгі шеттері, латералды және медиалды жиегі, алдыңғы және артқы беттері бар. Бүйректің латералды жиегі дөңес, ал медиалды жиегі ортасында ойыс, ол сәл төмен және алға қарайды. Медиалды жиектің ортаңғы ойыс бөлігі қақпасы деп аталады, қақпа арқылы бүйрек артериялары мен нервтер кіріп, вена, лимфа тамырлары мен несепағар шығады. Қақпа бүйрек қойнауына ашылады.
Бүйректің сырты жұқа фиброзды қапшықпен қапталған, қалыпты жағдайда ол бүйрек затынан оңай ажырайды, оның сыртында, әсіресе қақпа мен артқы бетінде майлы қапшық жатады, алдыңғы бетінде май көбіне болмайды. Майлы қапшықтан сыртқа қарай бүйректің дәнекер тінді жатады.
Құрылысы. Егер бүйректі ұзынынан кесетін болса, медиалды шетіндегі бүйрек қуысын, үлкен, кіші тостағаншаларын және бүйрек түбегінің бір бөлігін көреміз. Қуыстың жан – жағын бүйрек заты қоршап тұрады. Бүйрек заты сыртқы – қыртысты және ішкі – милы заттан тұрады. Қыртыс заты тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді үшбұрышты денелерден құралған. Әр пирамиданың негізі және ұшы бар, пирамиданың кең негізі бүйректің сыртқы жағына, ал ұшы бүйрек қуысына қараған. Екі – үш пирамиданың ұшы бірігіп, емізікке ұқсаған бүйрек бүртігі пайда болады. Барлық бүртіктер саны – 10 – 12. Әр бүртікте көптеген ұсақ тесіктер бар. Осы тесіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 – 9 кіші тостағаншаларға құйылады. Екі – үш кіші тостағанша өзара қосылып, үлкен тостағанша түзеді (саны – 2 – 3). Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұздарды, көмірсуларды өткізеді де, қандағы белокты өткізбейді. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.


ДӘРІС № 21


ТАҚЫРЫБЫ: Нефрон-бүйрек денешелерінің және түтікшелерінің құрылыс бірлігі.Бүйректің қан айналымының ерекшелігі. Несепағар бөліктері мен құрылысы.Несеп қуығы.Несеп шығару түтігінің құрылысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет