Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет17/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Өкпе шекарасыөкпенің ұшы бұғанадан жоғары тұрады. Оң өкпенің алдыңғы шекарасы өкпенің ұшынан кеуде – бұғана сызығына және төс сабы мен денесінің қосылған жеріне дейін келеді, одан тік төмен IV -ші қабырғаға қарай бағытталады. Оң өкпенің төменгі шекарасы сол өкпенің төменгі шекарасынан бір қабырғаның еніндей жоғары жатады.
Өкпенің сегменттік құрылысы. Өкпеде 6 түтікті жүйе бар:

  1. Бронх

  2. Өкпе артериялары

  3. Өкпе веналары

  4. Бронхтық артериялар

  5. Бронхтық веналар

  6. Лимфа тамырлары

Бұл жүйелер тармақтарының көбісі өкпенің ішкі топографиялық негізін құрайтын, тамыр – бронх будаларын түзеді. Соған сәйкес өкпенің әр үлесі бронх – өкпе сегменттері дейтін жеке бөліктерден тұрады. Халықаралық номенклатура бойынша оң және сол өкпеде 10 сегмент бар: атауы топографиясына сәйкес.
Өкпеқап және көкірекаралық. Кеуде қуысында бөлек 3 сірлі қап болады – әр өкпе үшін біреуден, ал ортаңғысы жүрек үшін. Өкпенің сірлі қабығы өкпеқап, pleura деп аталады. Ол өкпені жан-жағынан жауып тұрады. Өкпеқап 2 жапырақшадан тұрады: 1) Ішкі (висцералды)
2) Сыртқы (париеталды)
Ішкі жапырақшада өкпеге жабысып, оны үлестерге бөліп, өкпе түбірінде сыртқы жапырақшаға өтеді. Өкпе түбірінің төменгі жағында алдыңғы және артқы бетінде қосылып қатпар пайда болады. Қатпар төмен қарай бағытталып, көкетке бекиді. Сыртқы жапырақша кеуде қуысын ішінен қаптайды. 2 жапырақша арасы қуыс, оның ішінде аз ғана сұйықтық бар. Ол тыны салу кезінде екі жапырақшаның үйкелісін азайтады. Өкпеқап транссудация (шығару) және резорбция (сіңіру) үрдістерінде үлкен роль атқарады.
Көкірек аралық, mediastinum, деп кеуде қуысының оң және сол жақ өкпе қаптарының арасында орналасқан мүшелердің жиынтығын айтады. Көкірек аралық сырт жағынан өкпеқаптың медиалды бетімен, алдында төстің артқы бетімен, артында кеуде омыртқаларымен, төменде көкетпен шектелген. Жоғарғы жағында мойын шандырымен бірігеді. Өкпе тамырлары мен кеңірдек көкірек аралығын шартты түрде алдыңғы және артқы көкірекаралыққа бөледі. Алдыңғы көкірек аралықта ішкі кеуде артериясы мен веналары, кеуделік лимфа түйіндері, жүрек, ал жоғарғы бөлігінде айырша без бен ірі қан тамырлары орналасқан. Артқы көкірек аралығында өңеш, кеуде қолқасы, кезбе нерв, кеуделік лимфа түтігі, симпатикалық сабау және веналар өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет