Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет24/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
ТАҚЫРЫБЫ: Әйелдің жыныс ағзалары. Аналық жыныс безі,тұспалдау және құрылысы.Жатыр түтігінің құрлысы мен қызметі.Жатыр құрылысы,қызметі.Қынап және әйел адамның сыртқы жыныс ағзалары

Әйел жыныс ағзалары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі жыныс ағзаларына анабездер, жатыр түтігі, қынап жатады. Сыртқы жыныс ағзаларына үлкен және кіші жыныс ернеулері, клитор, қыздық перде жатады.


Анабез,ovarium-жұп ағза, әйел жыныс безі, ол кіші жамбас астауында жатырдың екі бүйірінде орналасқан. Анабезде жыныс жасушасы өсіп дамиды, сонымен бірге жыныс гормоны пайда болады. Без-сопақ пішінді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы – 2,5 см, ені- 5 см, қалыңдығы- 1см, салмағы 5-7г.Анабездің екі шеті бар. 1) жоғарғы дөңгелектеу шеті жатыр түтігіне қарайды және түтіктік шеті деп аталады. 2)төменгі шеті үшкір, жатырмен меншікті байлам арқылы байланысқан. Латералды және медиалды екі беті бір-бірінен жиектермен бөлінген 1) Артқы бос жиегі дөңес 2)алдыңғы шажырқайлық жиек шажыырқайға бекиді. Бұл жиекте анабез қақпасы орналасқан, қақпа арқылы анабезге тамырлар мен нервтер кіреді.Анабез латералды бетімен жамбас астауының бүйір қабырғасына жанасып жатады, ұзындығы вертикалды орналасқан. Медиалды жағы жамбас астауы қуысына қараған, бірақ біраз жерінде жатыр түтігімен жабылған. Анабез жатырмен меншікті байлам арқылы байланысқан, ол еріксіз бұлшық ет талшықтарынан тұратын дөңгелек сіңірлі жіп. Анабездің түтіктік ұшына жатыр түтігінің бір шашағы келіп бірігеді. Анабездің ішкі милы, сыртқы қыртысты екі қабаты бар. Қыртысты қабаты фолликулалары (түйіншелері) бар дәнекер тіннен тұрады. Фолликулалардың әрқайсысында дамып келе жатқан әйел жыныс жасушасы (ооцит) жатады. Жаңа туылған қыз нәрестенің анабезінде бірнеше он мыңдаған жетілмеген фолликулалар болады. Кәмілетке жеткен бойжеткеннің анабезінде жетілмеген фолликулалар мен бірге жетілген фолликулалар болады. Дамуына қарай олардың көлемі әртүрлі-көзге көрінбейтін шамадан d-6мм-ге дейін. Жетілген анабез түйіншелері немесе грааф көпіршігі лимфа және қан тамырларына бай.
Грааф көпіршігі сыртқы дәнекер тінді қабаттан, жұмыртқа жасушалы төмпешіктер жән фолликула сұйықтығынан тұрады. Жыеһныстық жетілген грааф көпіршігінің ені 1см-дей.
Әрбір 28-30 күнде жыныстық жетілген грааф көпіршігі жарылып, сұйықтықпен бірге жұмыртқа жасуша іш қуысына түседі. Пісіп жетілген грааф көпіршігінің жарылып, жұмыртқа жасушасының іш қуысына түсуін «овуляция» деп атайды. Ооцит овуляциядан кейін жатыр түтігіне түсіп , жатыр қуысына өтеді. Жарылған көпіршік қанға және сары жасушаларға толып, қабырғалары босаңсып, кейін орнында сары дене, corpus luteum, пайда болады.Сары дене прогестерон, лютеин гормондарын қанға шығарады. Әйел жүкті болғанда сары дене ұрықпен бірге өседі, ал ұрықтанбаған жағдайда сары дене 14-15 күннен кейін көлемі кішірейіп,оның орнына ақ дене пайда болады, біраз уақыттан кейін олмүлде жоқ болып кетеді.Әйел 45-50 жасқа келгенде климакс дәуірі басталады. Климакс кезінде анабездің қызметі өзгереді.Фолликула көпіршігінің жетілуімен сары денепайдаболуыбұзылады,кейінтоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет