Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет47/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
ДӘРІС №29


ТАҚЫРЫБЫ: Лимфа жүйесі.Лимфа капиллярлары,тамырлары және сауабы. Кеуде қуысының лимфа тамырлары. және олардың пайда болуы.Лимфа түйіндері, құрылысы мен қызметі.Беткейдегі және терең орналасқан лимфа түйіндері.Қан жасап шығарушы және иммундық жүйке мүшелері.Сүйек майы,айырша без,көкбауыр:құрылыстары және қызметтері

Лимфа жүйесі, systema lymphaticum жүрек қан - тамырлар жүйесінің құрам бөлігі және вена жүйесінің қосымша арнасы, онымен тығыз байланыста дамиды әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері бар ( қақапашалардың болуы, лимфа ағынының тіндерден жүрекке қарай ағуы). Негізгі қызметі – лимфаны тіндерден вена аранасына өткізу, иммундық реакцияға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу (лимфопоэз) және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды т.б. залалсыздандыру. Қатерлі ісік жасушалары да лимфа жолдарымен тарайды, сондықтан оның құрылысын білу керек.


Денедегі зат алмасуына байланысты лимфа сүйықтығы үздіксіз пайда болып тұрады. Ол қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярына өтеді. Қызметтері-не сәйкес лимфа жүйесінің құрамында мыналар болады:
І. Лимфа өткізетін жолдар – лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, сабаулары, түтіктері.
ІІ.Лимфоциттер дамитын жерлер:

  1. Жілік майы және айырша без;

  2. Шырышты қабықтардағы лимфоидты түзілістер: жекелеген және шоғырланған лимфа түйіншелері, бадамша түрінде лимфа тінінің түзілуі.

  3. Лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы.

  4. Көкбауыр ұлпасы.

  5. Лимфа түйіндері.

Бұлардың бәрі бір мезгілде тосқауылдық қызмет те атқарады.
Лимфа жүйесінің вена жүйесінен ерекшелігі:

  1. Онда лимфа түйіндері болады;

  2. Вена капилляры артерия капиллярымен қатысады, ал лимфа жүйесі бір ұшында (шеткі) тұйықталып, екінші ұшымен (орталық) вена арасына ашылады.

Лимфа тасымалдаушы тамырлар лимфа капиллярларынан басталады. Олар дененің барлық мүшелерінде бар, тек бас мида, жұлында, көкбауырда, терінің эпителийінде, шеміршекте, көздің мөлдір қабығы мен көз бұршақта, қағанақ және гипофизде болиайды. Лимфа капиллярлары ағза ішінде ұсақ лимфа тамырлары өріміне айналады. Өрімдер одан әрі лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын, ірілеу әкетуші лимфа тамырлары түрінде ағзалардан шығады. Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларына, одан әрі дененің басты лимфа түтіктеріне – оң жақ лимфа түтігі мен кеуде түтігіне,алоларірімойынвеналарынақұяды.
Ағза ішінде лимфа тамырлары ағзаның дәнекер тінді қабатында орналасып, өрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді. Әр ағзадан немесе дене бөлігінен әкетуші лимфа тамырлары шығып, сол ағзаға жақын орналасқан лимфа түйіндеріне барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет