Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет48/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Лимфа түйіндері, nodi lymphatici, лимфа тамырлары бойында орналасып, олармен бірге лимфа жүйесін құрайды, лимфопоэз бен антиденелер түзуші ағзаларға жатады.
Әр лимфа түйіні дәнекер тінді қапшықпен жабылған, одан түйіннің іш жағына қарай өсінділер (трабекулалар) кетеді. Түйін бетінде түйін қақпасы жатады – сомалық түйінде бір қақпадан, ал вицералды түйіндерге 3 – 4 қақпадан бар. Қақпа арқылы түйінге артерия мен нервтер өтіп, вена, әкетуші лимфа тамырлары шығады. Қақпа аймағынада трабекулалар қосылып, лимфа түйіні бөліктерден тұрады.
Бездің екі қабаты бар : сыртқы – қыртысты, ішкі – милы. Қыртыс затында негізінен иммунокомпенетті жасушалар (В - лимфоциттер ) бар ұсақ түйіншектер несеме фолликулдар орналасады. Ми заты гуморалдық иммунитет жасауға қатысы бар В – лимфоциттердің жиналу аймағы жататын жұмсақ тәждерден тұрады. Қапшық трабекула мен паренхима арасында бос саңылаулар – лимфа қойнаулары болады. Қойнаулар арқылы түйінге келген лимфа ағады. Қойнау қабырғалары арқылы түйін паренхимасына бөгде затар өтіп жиналады және лимфа әсеріне ұшырайды.
Лимфа түйіндері өмір бойы өзгеріп отырады.Жастық шақтан қартаң шаққа дейін олардың мөлшері 1,5 -2 есе азаяды.Жас ұлғайған сайын сомалық түйіндерде қапшықтар мен трабекулалар жуандап , дәнекер тін көбейіп,паренхима май тінімен алмасады,олар босап, лимфа өте алмай қалады.Қатар жатқан екі түйін бірігіп,ірі бір түйінге айналады,бұл да лимфа түйінлерінің санының азаюына әкеледі.
Жасқа қарай түйіндердің пішіні өзгереді.Жас кезде дөңгелек , сопақ пішінді түйіндер көп болады,ал қарттарда олар созылып,ұлғаяды.
Кеуде түтігі,ductus thoracicus ,оң және сол жақ бел сабауларының қосылуынан пайда болады, ұзындығы 30-41 см, басталатын жері- XI кеуде және II бел омыртқа арасында ауытқып отырады және сол жерде буылтығы болады.Іш қуысында пайда болады , көкет тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп,қолқамен бірге көтеріледі.Қолқа доғасына жетіп, V-VII кеуде омыртқалары деңгейінде мойынға шығып,доға түзе, сол жақ ішкі мойындырық венасына немесе оның сол жақ бұғана асты венасымен қосылатын бұрышына құйылады.
Кеуде түтігінің жоғарылаған бөлігіне кеуде торының сол жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан лимфа жинайтын бронх - көк–рекаралық сабауын, сол қолдан лимфа жинайтын сол жақ бұғанаасты сабауы және мойын мен бастың сол жақ жақ жартысынан лимфа жинайтын сол жақ мойындырық сабауы құйылады.Сөйтіп, кеуде түтігі дененің оң жақ жартысы мен сол жақ өкпенің
төменгі бөлігін қоспағанда,бүкіл денеден келетін барлық лимфаның 3/4 бөлігін
жинайды.Лимфа бұл аймақтардан оң жақ бұғанаасты венасына құятын оң жақ лимфа түтігіне құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет