Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет58/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Мишық, cerebellum, артқы мидың тепе-теңдік рецепторларымен байланысты дамыған туындысы, сондықтан оның қозғалыстарды үйлестіруге тікелей қатысы бар, ол ауырлық пен инерцияны жеңуге бейімделу ағзасы. Мишық үлкен ми сыңарларының шүйде үлестерінің астында, көпір мен сопақша мидың артында, артқы бассүйек шұңқырында жатады. Мишық оң және сол жақ мишық сыңарларынан және олардың арасында жатқан жіңішке құртты бөліктен тұрады.
Мишық беті сұр зат қыртысымен жабылған, бұл бетте саңылаулармен бөлінген тар қатпарлар-мишық жапырақшалары түзіледі.Олардың ең тереңі-горизонталды саңылау –жоғарғы бетті төменгі беттен бөліп тұрады.Мишықтың бүкіл беті сайлар арқылы үлесшелерге бөлінеді.
Мишықтың ішкі құрылысы. Мишық қабатында ақ заттың арасында сұр заттың жұп ядролары жатады. Ортаңғы сызықтың бүйір жағында ең медиалды ядро - шатыр ядросы, одан латералды шар тәрізді ядро, одан латералды тығын тәрізді ядро орналасады. Жарты шардың ортасында олива ядросына ұқсас тісті ядро жатады. Мишықтың кесіндісінде ақ және сұр заттың жалпы көрінісі ағашқа ұқсайды, сондықтан ,, тіршілік ағашы ,, деп атайды.
Мишықтың ақ заты түрлі нерв талшықтарынан құралады, олардың кейбірі қатпарлар мен үлесшелерді байланыстырады, екіншілері қыртыстан мишықтың ішкі ядроларына барады, үшіншілері мишықты мидың көрші бөлімдерімен байланыстырады. Бұл соңғы талшықтар 3 жұп мишық аяқшаларының құрамына кіреді : төменгі, ортаңғы және жоғарғы.
1.Төменгі аяқшалар сопақша миға барады, осы жол арқылы жұлынға әсер етеді.
2.Ортаңғы аяқшалар – нерв талшықтары көпір ядроларынан мишық қыртысына барады.
3.Жоғарғы аяқшалар –нерв талшықтары екі бағытта өтеді : а) мишыққа
ә) мишықтың тісті ядросынан ортаңғы ми жамылғысына.
IV қарынша, ventriculus guartus, артқы мидың барлық бөлімдері (сопақша ми, мишық, көпір) үшін ортақ қуыс түзеді. Пішіні шатырға ұқсайды, оның түбі мен төбесі болады. Түбі ромб пішінді, сопақша ми мен көпірдің артқы бетіне батып тұрған сияқты көрінеді, сондықтан ромб тәрізді шұңқыр деп аталады. Ол жоғарысында екі жоғарғы мишық аяқшаларымен шектелген. Бүйірінде және төменгі ұшында торлы қабық астындағы қуыспен, жоғарғы бұрышында ми су құбырымен жалғасады. IV қарыншаның артқы қабырғасы – оның төбесі-жоғарғы және төменгі ми шатырларынан пайда болып, мишыққа жалғасып тұрады. Артындағы бөлігіне мидың жұмсақ қабығы келіп қосылады, бұл тұста қан тамырларының торы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет