Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


А) алдыңғы – бұған сұр төмпе, құйғыш және гипофиз кіреді. Сондай-ақ көру қиылысы мен көру жолы кіреді. Ә) артқы бөлім



бет61/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

А) алдыңғы – бұған сұр төмпе, құйғыш және гипофиз кіреді. Сондай-ақ көру қиылысы мен көру жолы кіреді.
Ә) артқы бөлім – емізік тәрізді денелер, артқы гипоталамус аймағы кіреді. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар және гипоталамус – гипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. Осы байланыстар арқылы гипоталамус пен гипофиз ерекше гипоталамус – гипофиз жүйесін түзеді.
а) Сұр төмпе, ұшы тар қуыс құйғышқа, infundibulum, созылған, оның тұйық ұшында түрік ер тоқымында жататын гипофиз, hypophysis, орналасқан. Сұр төмпеде зат алмасу және жылу реттеуге әсер ететін сұр зат ядролары орналасады.
ә) Hiasma opticum, көру қиылысы сұр төмпе алдында орналасып, көру нервтерінің nn. оptici, қиылысынан түзілген.
б) Емізік тәрізді денелер – қыртысастындағы иіс сезу орталықтары жатады. Гипоталамуста 32 жұп вегетативті жүйке жүйесінің қыртысасты орталығы орналасқан. Олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын, белок, май, көмірсу, тұз-су алмасуын реттейді.
III қарынша – аралық мидың қуысы, екі көру төмпешігінің арасында орналасқан. Екі таламуста оның бүйірдегі қабырға IV – қарыншамен ми су құбыры арқылы, екі бүйірінде қарыншааралық тесік арқылы үлкен мидың бүйір қарыншаларымен жалғасады.


ДӘРІС №34


ТАҚЫРЫБЫ: Үлкен ми сыңарлары. Ми сыңарларының қыртысы.Бас мидың және жұлынның қабықтары.Бас ми мен жұлынның өткізгіш жолдары.Рефлекстің анықтамасы,рефлекторлық доға.Өткізгіш жолдарының топтамасы
Соңғы ми, telencepholon, екі ми сыңарларынан, hemіspheria cerebri, тұрады. Әрбір сыңардың құрамына жамылғы, pallium, иіс сезу миы, rhinencephalon және негіздік ядролар енеді. Соңғы мидың екі көпіршігінің бастапқы қуыстарының қалдығы бүйір қарыншаларды түзеді. Соңғы мида мына орталық топтарды бөледі:
1. Иіс сезу миы, rhinecephalon, вентралды орналасқан.
2.Сыңарлардың негіздік немесе орталық ядролары, қыртысы, paleencephalon.
3. Қыртыстың сұр заты, cortex, қалған бөлігін бүркемелеп жауып тұратын ең үлкен бөлігі немесе жамылғы, шапан, pallium деп аталады.
Соңғы ми адамда мидың ең үлкен бөлігіне айналып, екі көлемді - оң және сол сыңарлардан тұрады. Екі сыңар өзара біреуінен екіншісіне көлденең баратын нерв талшықтарынан тұратын горизантальды табақша – сүйелді денемен, corpuscallosum, байланысқан. Сүйелді дененің алдыңғы төмен иілетін иіні (тізесі), ортаңғы бөлігі (сабауы) және жуандаған артқы шеті болады. Сүйелді дененің астында екі доға тәрізді ақ тәжден тұратын күмбез, fornix, орналасқан. Олар орта тұстарында өзара қосылған, ал алды мен артқы жағында ажырап, алдында күмбез
бағанасын, артында күмбез аяқшаларын түзеді.
Жамылғы. Әр ми сыңарының үш беті : жоғарғы-латералды, медиалды және төменгі, 3 жиегі : жоғарғы, төменгі және медиалды, 3 шеті : алдыңғы, артқы және polus temporalis бар.
Ми сыңарларының беті нерв жасушалары бар, қалыңдығы 1,3 -4,5 мм біркелкі сұр зат қабатынан тұрады. Бұл үлкен ми қыртысы, cortex cerebri деп аталады. Бұл қабат қатпарларға жиналған, сол себепті жамылғының беті өзара түрлі бағыттарда ауысып жатқан жүлгелер мен олардың арасындағы қатпарлар, gyri деп аталатын дөңесті – иірімді, құрылысы аса күрделі құрылымдардан тұрады. Терең тұрақты жүлгелерді әрбір ми сыңарын үлестерге, lobi, бөлу үшін пайдаланады, үлестер үлесшелермен қатпарларға бөлінеді. Әрбір ми сыңарында 5 үлес бар: маңдай үлесі, шеке үлесі, самай, шүйде, латералды жүлгенің түбіндегі жасырын үлесше – аралша, insula деп аталады.
Ми сыңарының жоғарғы-латералды беті үш: латералды, орталық және сыңардың медиалды жағына орналасып, оның жоғарғы жиегінде кертік түзетін шеке-шүйде жүлгелері арқылы үлестерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет