Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет59/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Ромб тәрізді шұңқыр. Мишықты алып тастаса, ромб тәрізді шұңқырды көруге болады. Шұңқырдың ортасына жақын бас мидың V-ші жұп жүйкесінің ядросы, ал оның шетінде VI-шы жұп, одан тереңіректе VII-ші жұп бас ми жүйкесінің орталықтары орналасқан. Ромб тәрізді шұңқырдың бүйірдегі бұрышында VIII-ші жұп, оның қасында IX-X-шы жұп бас ми жүйкелерінің орталықтары орналасқан. Қорыта айтқанда, ромб тәрізді шұңқырдың тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі онда V-XII-ші жұп бас ми нервтерінің ядролары орналасқан.

ДӘРІС №32


ТАҚЫРЫБЫ: Орталық ми:ми аяқтары және төбесі.Ретикулярлық формацияның анықтамасы
Ортаңғы ми, mesencephalon, көру рецепторының әсерінен дамыған, сондықтан оның көзді нервтендіруге қатысы бар, бұл жерде есту орталықтары да түзіледі. Ортаңғы мида мына құрылымдар бар: 1. Қыртысасты көру орталықтары мен көз бұлшықеттерін нервтендіретін нерв ядролары.
2.Қыртысасты есту орталықтары.
3. Ми қыртысын жұлынмен байланыстырып, ортаңғы ми арқылы транзитті өтетін барлық жоғары және төмен өтетін өткізгіш жолдар.
4. Ортаңғы миды ОЖЖ-ның басқа бөлімдерімен байланыстыратын ақ зат будалары.
Осыған сәйкес адамда мидың ең кіші және ең қарапайым бөлігі-ортаңғы мидың 2 негізгі бөлігі бар : 1. Ортаңғы ми төбесі - онда қыртысасты көру және есту орталықтары орналасқан, 2. Ми аяқшалары - ол арқылы өткізгіш жолдар өтеді.
1. Ортаңғы ми төбесі (артқы бөлік) - сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы 2 төбешікте қыртысасты көру орталығы, ал төменгі 2 төбешікте естудің қыртысасты орталықтары жатады.
2. Ортаңғы ми аяқшаларында (алдыңғы бөлік) алдыңғы мидың барлық өткізгіш жүйесі өтеді.
Ортаңғы ми қуысы -жіңішке өзек пішінді, ми су құбыры деп аталады. Ол IV-ші қарыншаны III-ші қарыншаменқосатынөзек, артқы жағынан ортаңғы ми төбесімен, алдыңғы жағынан ми аяқшасыныңжамылғысыменшектелген.
Ортаңғы ми көлденең кесіндісінде 3 бөліктен тұрады:

  1. Төбе табақшасы

  2. Жамылғы

  3. Ми аяқшасының негізі - онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар жатады.

Жамылғы мен ми аяқшаларының аралығында қара заттар (ядро) бар, ал төбеде қызыл заттар және торлы құрылым орналасқан. Ми су құбыры қызметі жағынан вегетативті жүйеге қатысы бар орталық сұр затпен қоршалған. Ол жерде III-ші және IV-ші жұп бас ми және парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ми аяқшаларының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады.Олар ми жарты шарларын көпірмен, мишық ядроларымен біріктіреді.Қара зат және қызыл ядролар-экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртысасты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет